Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиет: 1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.
Дәріс 5. Қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі эпидемиология. Эпидемиологиялық бақылау және оның негіздері. Мақсаты: студенттерде қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі эпидемиология. Эпидемиологиялық бақылау және оның негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру
Дәрістің тезисі:Соңғы жылдары елдің денсаулық сақтау саясаты қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді. Денсаулық сақтау моделін құрастыру мәселесі жоғары дәрежелі көмекті қамтамасыз етіп, көп шығын әкелмейтін, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне тәуелсіз көптеген себептерге байланысты өзекті мәселе болып табылады. Медициналық көмек көрсетудегі заманауи технологиялар, өз кезегінде адамзаттың кең қабатына арнайы медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігін шектеп, тез арада оның құнының жоғарылауына әкеліп соғады. Көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі денсаулық сақтау саласында жоғары шығынға әкелуде. Стационарларда көмек көрсету көптеген дамыған елдерге ұқсас халық денсаулығын жақсартатын көрсеткіштерге үміттендірер нәтиже бермейді. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесін реформалау дүние жүзіндегі бұл саланың дамуына негізгі бағыт алды. Реформалаудың негізгі бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын, қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады.
Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен халық денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Бұл қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдер болып табылады. Денсаулық — мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешудің бір жолы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіншілік, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласына мемлекеттің араласуы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибелік жұмыстардың сапалы жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.
Мамандардың қоғамдық денсаулық сақтау саласынан толық және сапалы білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдетуін іске асыру да бұл жұмыста өз нәтижесін береді. Дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстары мен менеджментте, сонымен қатар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орын алуына жеткілікті болуы тиіс. Қоғамдық денсаулықты денсаулықты нығайу мақсатында, аурушаңдықтың алдын-алу және емдік шараларды негіздеп қолдану мақсатын нығайту басты бағыттардың бірі болып есептеледі.
Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау «XXI ғасырда - денсаулық бәріне» саясаты бойынша ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде материалдық-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, бірінші реттегі медициналық-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу келісілген. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын арттыру, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді. Сонымен қатар ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негізгі мәселе ретінде қалып отыр. Ол үшін білім беруді жақсарту және оны іске асыру керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау мәселелері негізгі кілтті бағыттар болып есептеледі. Денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарын дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.