Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиет: 1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.
Дәріс 6. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың мақсаты, міндеттері негізгі бағыттары. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары. 2. Мақсаты: Студенттерді алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидаларымен таныстыру.
3. Дәріс тезисі:жұқпалы аурулармен күресудегі барлық шаралар екі топқа бөлінеді: алдын алу шаралары, адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болмауына бағытталған және эпидемияға қарсы, аурулар пайда болған жағдайда олардың таралып кетпеуіне бағытталған. Барлығының да қағидасы – бұл инфекция көзін жою, таралу жолдарын үзу, сау организмнің қабылдамаушылығын жоғарылату яғни эпидемиялық процестің үш тізбегіне әсер ету.
Алдын алу шаралары.Адамдар арасында ауру пайда болмас үшін біріншіден, санитарлық-гигиеналық шаралар кешені, мемлекет шекарасын санитарлық қорғау, халықты санитарлық ағарту, адамдардың қабылдамаушылығын жоғарылату (егу шаралары), кейбір жағдайда алдын ала емдеу. Жұқпалы ауруларды алдын алу, халықты сауықтандыру, тіршілік жағдайына қолайлы жағдай жасау бойынша жалпы мемлекеттік шаралармен байланысты.
Эпидемияға қарсы шаралар.Пайда болған жұқпалы аурулар таралмау үшін эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі, инфекция көзін жою, таралу жолдарын үзу, халық қабылдамаушылығын қамтамасыз ету.
Негізгі шаралар:
1.Науқастарды анықтау және тіркеу.
2. Науқастарды жекешелеу.
3. Инфекция ошағын эпидемиологиялық зерттеу.
А) Науқас адамға қатысты инфекция көзін табу
Б) Аурудың таралуына ықпал ететін өндірістік және тұрмыс жағдайын, беріліс факторын анықтау.
В) Контактіде болғандарды анықтау, оларды бақылау.
Г) Ошақ шекарасын анықтау
Д) Жиналған мәліметтерді өңдеп, соның негізінде ошақта жұргізілетін шаралар шешімін қабылдау.
4. Ошақтағы шаралар.
5. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы және бөлімшелердегі эпидемияға қарсы шаралар.
6. Сауыққандарды диспансерлік қадағалау.
7. Карантинді аурулармен ауырған науқастарды анықтаған жағдайда біріншілік эпидемияға қарсы шаралар жүргізу.
8. Карантин.