Материялық нүктенің бірқалыпты түзу сызықты қозғалысы деп бірлік уақыт өткен сайын оның жылдамдығы өзгермейтін қозғалысты айтамыз.
Материялық нүктенің бірқалыпты айнымалы қозғалысы деп бірлік уақыт өткен сайын оның жылдамдығы бірдей шамаға өсетін немесе кемитін қозғалысты айтады (сурет - 1.3).
Сурет - 1.3
Қисық сызықты қозғалыс және оның үдеулері
Қисық сызықты қозғалыс деп жылдамдығының бағыты уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын қозғалысты айтады (сурет - 1.4).
Бұл қозғалыстың жылдамдығы тұрақты немес айнымалы болуы мүмкін.
Сурет - 1.4
Қисық сызықтың берілген нүктедегі қисықтық радиусы R деп сол нүкте орналасқан доғаға сәйкес келетін шеңбердің радиусын айтамыз.
Қисық сызықты қозғалыс кезінде жылдамдық векторы берілген әрбір уақыт мезетінде дене траекториясына қозғалыстың бағыты бойынша жүргізілген жанама бойымен бағытталады(сурет - 1.5).
сурет – 1.5
Тангенстік үдеу ажылдамдықтың модулінің және бағытының өзгеру шапшаңдығын сипаттайды, әрі траектория жанамасының бойымен бағытталады:
Нормаль үдеу аnжылдамдықтың бағыты бойынша өзгерісін сипаттайды, жылдамдық векторына перпендикуляр, әрі траекторияның қисықтық центріне бағытталған:
сурет - 1.6
Қисықсызықты қозғалыста толық үдеу тангенциальдық және нормальдық үдеулерге жіктеледі.
Нормаль үдеу мен тангенстік үдеу өзара перпендикульяр болады. Сондықтан толық үдеу осы екеуінің векторлық қосындысына тең (сурет - 1.6).