Дәріс №1. Кіріспе. Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата18.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2172
1   2   3   4   5   6   7

Қара  меңдуана –  аса  көп  тараған,  екі  жылдық,  шөп  тектес  өсімдік.  Қара 

меңдуананың  бір  түбінің  өзі  орта  есеппен  10  мыңдай  тұқым  береді  және 

осыншама  куй  таңдамай  кезкелген  жерде  өсе  береді.  Бұл  өсімдік  үйлердің 

маңайында,  жолдардың  бойында,  егістік  жерлерде  кездеседі  .  Қара 

меңдуананың  биіктігі  150  сантиметрге  жетеді.  Ұнамсыз,  күшті  аңқыған  иісі 

бар. Тіктеу өскен сабақтарының сыртын жабысқақ түктер басқан. Бұтақтары 

көп.  Жапырақтары  жұмыртқа  тәріздес,  кезектесіп  орналасқан,  үсті  қошқыл 

жасыл, астынғы  жағы сұрғылт, шетерінде үлкен жұмыр тістері  бар. Гүлдері 

ірі,  бұтақтарының  жоғарғы  жағына,  жапырақтарының  қуыстарына 

орналасқан.  Гүл  тәжісінің  ұш  жағы  қоңырау  тәрізді,  түсі  сарыға  жақын, 

төменгі  жағы  көкшілдеу.  Ұрығы  жарты  шар  тәрізді,  қақпағы  бар.  Пісіп 

жетілген кезде қақпағы ашылады да , ондағы ұсақ тізбекті, орасн көп майда 

тұқымдар жерге шашылады май айынан август айына дейін гүлдейді . 

Дәрі жасау үшін өсімдіктің жапырағы мен гүл орналасқан бұтақтарының ұш 

жағын қоса алады. Бұл жұмысты ашық күндері іске асырған жөн. Сонан соң 

оларды  қараңғы  жерде  қайта  –  қайта  араластырып  кептіру  керек.  Соңынан 

қолды  барынша  тазалап  жуу  қажет.  Өйткені  қара  меңдуана  -  улы  өсімдік. 

Оның  күн  бағыс  майына  салып  жасаған  тұнбасын  суын  сырқырағанда, 

бұлшық  еттер  қабынғандадененің  ауырған  жеріне  жағады  .  Қара  меңдуана 

асқазан қышқылын басады, оның түйнеп ауырғанын қойғызады және сондай 

– ақ ол бронх демікпесіне қарсы қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі 

ауру адамның нерв жүйесін тыныштандырады, сондықтан оны психиаторлар 

да қолданады. Осы өсімдіктің тұқымын жеп уланып қалатын жағда й болады. 

Ондайда  адамның  беті  мен  мойны  қызарады  аузынан  сілекей  ағады  ,  кейде 

құсады,  қол  –  аяқтарының  бұлшық  еті  жиырылып  қалады.  Уланған  адам 


кейде  күледі  кейде  жылайды,  айқайлайды  ақылға  сиымсыз  әрекеттер 

жасайды. 

Тіс ауырғанда қара меңдуананы былай қолдану каерек: темір шәугімге жаңа 

ғана  жаныпболған  ағаштың  шоқтарын  салады,  оның  үстіне  қара 

меңдуананың  тұқымдарын  сеуіп  шәугімнің  қақпағын  жабады.  Сонан  соң 

оның шүмегінен шыққан түтінді ауырған тіске жібереді. Сөйтіп ауырған тіс 

лезде басылады. 

Қара  меңдуананың  майлы  туындырмасын  былай  жасайды:  өсімдіктің  20 

грамм  тұқымын  майдалап  100  грамм  күбағыс  майына  салды  да,  8  –  10  күн 

тұндырады.  Одан  экстраты  былай  алады  .  0,25грамм  кептірілген  жапрагын 

100мл суга салып, ол әбден қоюланганша ұзақ қайнатып буландрады. Сонан 

соң оны 2 тамшыдан 1 қасық суға қосып, күніне 3рет ішеді. 

 

Спиртті  тұнба; 15  грамм  майдалаған  қара  меңдуана  жапырағын  100  грамм 

спиртке немесе араққа қосып, 8 –10 күн тұндырады. Сонан соң оны 1 қасық 

суға екі тамшыдан қосып күніне 3 рет ішеді.  

Дәрілік  өсімдіктер  құрамында  көптеген  биологиялық  әсерлі  заттар  болады. 

Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организміне 

еніп,  әртүрлі  физиологиялық  өзгерістер  туғызады.  өсімдіктердің  дәрілік 

қасиеті  осы  биологиялық  әсерлі  заттардың  түрлері  мен  мөлшеріне 

байланысты. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың 

тобына  алкалоиттер,  гликозидтер,  эфир  майлары,  сапониндер,  илік  заттар, 

витаминдер, органикалық  қышқылдар  тағы  басқа  да көптеген  заттар кіреді.  

 

Алкалоидтар –  табиғаттағы  күрделі  азотты  заттар.  Бұлар  өсімдіктерде 

тұздар  немесе  олардың  негізгі  түрінде  болады.  Бұл  заттың  аты  араб  сөзі 

“алкали”  -  сілті  және  грек  сөзі  “ейдос”  –  сияқты  деген  екі  сөзден  тұрады. 

Бірінші  рет  алкалоид  көкнәрден  алынып,  гректің  ұйқы  құдайы  Морфейдің 

құрметіне  морфи  деп  аталған.  Содан  кейін  әртүрлі  өсімдіктерден  стрехнин, 

бруцин,  никотин,  атропин,  хинин  сияқты  өте  әсерлі  алкалоидтар  алына 

бастаған.  Алколоидтардың  фармакологиялық  касиеттері  алуан  түрлі  және 

әсерлі.  Сондықтан  болу  керек,  алколоидты  препараттар  мен  емдеу  көбіне 

нәтижелі  аяқталды.  Елімізде  өсетін  көптеген  өсімдіктерден  алынатын 

алколоид  мөлшері  өсімдіктер  өсетін  жердің  табиғат  жағдайына,  оларды 

жинау  мен  кептіру  мерзіміне  байланысты.  өсімдіктердегі  алкалоидтар 

мөлшері  2-3  проценттен  болады.  Алкалоидтардың  әсіресе,  орталық  нерв 

жүйесіне тигізетін физиологиялық әсері өте күшті. Оларды жоғары мөлшерде 

қолданғанда  улану  қаупі  туады  да,  ал  аз  мөлшерде  әсерлі  емдік  қасиеті 

болады.  

 

Гликозидтер  - молекулалары  қанттан  (гликон)  және  қантсыз  (агликон), 

азотсыз  заттардан  тұратын  топтарға  жатады.  Сақтау  кезінде  гликозидтер 

ферменттерінің  және  сыртқы  әсерлерден  бұзылысқа  түседі.  Сондықтан 

жиналған  өсімдікті  дереу  кептіріп,  ал  сақталған  уақытта  дымқылданбағаны 

жөн.  өйткені  ферменттер  құрғақ  өсімдікте  өз  әсерін  жүргізе  алмайды. 



Гликозидтердің бір тобы жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылады. Олар өте 

улы. Дегенмен жүрек ауруларын емдеуге бұл гликозидтердің аз мөлшерінен 

жасалған препараттар өте пайдалы. Гликозидтердің ащы түрлері асқазанның 

ас  қорыту  жұмысын  жақсартуға  қолданылады.  Гликозидтердің  бір  түрі  –

 сапониндер. Олар  өсімдіктердің  70-тен  астамтұқымдастарында  кездеседі. 

Көбінесе қалампыр және примула тұқымдастарында сапониндер көп болыды. 

Бұлар қақырық тұсіруді жеңілдетуге , зәр, өт айдауға қоректік препараттарды 

дайындауға  пайдаланылады.  Соңғы  жылдары  флавоноидты  гликозидтер 

бактерициндік  препараттар  алуға  және  радиактивтік  заттарды  организмнен 

шығаруға 

қолданылып 

жүр.  


 

Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін 

күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелерінде 

ыстық су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфи майы өсімдіктердің 

2000 астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол 

өсімдіктердің  биологиялық  өсіп-өну  кезеңіне  және  ауа-райының  жағдайына 

байланысты  өзгеріп  отырады.  Эфир  майы,  әсіресе  әр  түрлі  микробтармен, 

вирустармен  күресуге  өте  әсерлі.  Сонымен  қатар,  жүрек-қан  тамыры 

жүйесінің  қызметін,  асқазан-ішек  қызметін  жақсартуға  және  қақырық 

түсіруге мүмкіндік туғызады. Өсімдіктен алынатын илік заттары – таниндер 

тобына  жататын  көп  атомдыфенолдар. Оларды  иләк  заттар  деп  те  атайды. 

Бұл  илік  заттары  ішек,  асқазан  ауруларын  емдеуге  бактерициндік  препарат 

ретінде  жиі  колданылады.  Танидтер  денедегі  жараны,  күйікті  емдеуге  де 

пайдалы. Сонымен бірге алколоидтармен, ауыр метал тұздарымен уланғанда 

қолданылады. 

Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын, өсімдіктерде кездесетін 

заттардың  бірі смолалар. Қою,  қолға  жабысатын  аромат  иісті,  әр  түрлі 

күрделі  қосылыстардан  түратын  зат.  Смоланың  ұзақ  уақыт  қатпайтын  түрін 

бальзам деп атайды. Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті. 



Витаминдер  - майда  еритін  витаминдердің  –  А,  Д,  Е  суда  еритін 

витаминдерден  –  С  және  В  тобынан  айырмасы  бар,  ал  витамин  К  суда  да, 

майда да ериді. 

Витаминдерді қолдану әдісі тегінде витамин профилактикасына байланысты 

жасалынады.  Айталык,  тағамда  витаминдердің  жетіспеуі  организімнің 

жұқпалы  ауруланрга,  әртүрлі  авитаминоздарға  және  баска  да  ауруларга 

қарсылық  көрсетуінің  әлсіреуіне  әкеліп  соқтырады.  Қазіргі  кезде  кейде 

химиялық  таза  табиғи  немесе  синтетикалық  дәрі  –  дәрмек  қолданылады, 

бірақ  витаминдерге  бай  қайсыбір  өсімдіктерді  (  жас  не  кепкен  күйінде  ) 

қолдану жақсы нәтиже беріп жүр, өйткені оларда витаминдер жиынтығы мен 

тұздардың болуы өзара әсер ету күшін ұлғайта түседі. 

С  -  витамині (  аскорбин  қышқылы  )  өсімдіктерде  өте  көп  кездеседі,  ол 

өсімдіктің  көп  бөлігінде  жинакталып,  құралатындардың  қатарына 

жатады. С витаминіне  мыналар  бай:  тағамдық  көктің  барлық  түрлері  –  көк 

пияз, аскөк, ақжелкен ( петрушка), балдыркөк, салат, саумалдық, қымыздық; 

жидек пен жеміс дақылдары – итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, бүлдірген, 


қарлыған,  алма  (  пісіп  жетпегені)  және  грек  жаңғағының  жапырақтары; 

көкөніс өсімдіктерінен – көкөніс қызыл бұрышымен қабықты бұрыш; сирек 

кездесетін  жер  асты  жемістері  –  желкек,  шомыр;  ал  жабайы  өсімдіктердің 

ішінен  қалақайды,  ерменді  (  ащы  сусан)  атауға  болады,  бұларда 

да С витамині  көп.  С  витамині  консервіленгенде  де  жақсы  сақталады, 

сондықтан  қысты  күні  томат  –  пастаны,  жасыл  бұршақты,  шпинатпфрені, 

ішіне фарш салынған бұрышты пайдалануға болады. С витамині мұздатылған 

жидекте жақсы сақталады, бірақ оны мұзы ерігеннен кейін сол сәтте тамаққа 

салу керек. Бұл витаминінің жақсы сақталуына өніп -өсу жағдайының, өніп - 

өсу  кезеңінің,  сақтау  тәсілі  мен  мерзімінің  үлкен  мәні  бар.  Мәселен,  С 

витамині  төмен  температурада  басқа  витаминдерге  қарағанда  анағұрлым 

шапшаң  қалыптасады,  ал  құрғақшылық  жағдайда  аскорбин  қышқылының 

құрамы  азаяды.  Бұрышқа  өсіп  келе  жатқан  кезде  жиі  –  жиі  су  құйса, 

онда С витаминінің 

көбірек 

жинақталатыны 

байқалады.  

С винівитамині  тканьдардың  тыныс  алу  процесіне,  қан  тамырларының 

құректенуіне  қатысады,  белок  пен  майдың  сіңуін  жақсартады.  Ол 

организімнің  дұрыс дамуына  мүмкіндік береді,  қоршаған ортаның қолайсыз 

әсер  етуіне  қарсылықты,  жұқпалы  ауруларға  деген  төзімділікті  күшейтеді, 

жұмыс  істеу  қабілетін  арттырып,  шаршап  –  қажуды  азайтады.  

Р  -  витамині (“Pemeape  деген  латын  сөзінен  алынған  )  тек  қана 

өсімдіктерден 

табылған.  

Р витамині С витаминімен  қосылғанда  жақсы  әсер  етеді,  оның  бойға 

сіңімділігін  арттырады,  оны  қышқылдандырудан  алдын  ала  сақтандырады 

деген  де  ұғым  бар.  Р және С витаминдері  зат  алмасуының  көптеген 

процестеріне  қатысады  да  әдетте  сонда  бас  қосады.  Сондықтан Рвитамині 

аскорбин  қышқылына  бай  өсімдіктерде  (итмұрын,  қара  қарақат,  қарлыған, 

бұрыш,  капуста,  көп  қабатты  пияз,  кресс  –  салат,  фенхель)  көп  болады. 

Соңғы  кезде Р витамині  сергек  білінетін  заттарды  іздеудің  арқасында 

флавондар,  катехиндар,  антонциандар,  лейкоантоциандар  болып  табылатын 

қоспрлардың 

көп 


топтарын 

анықтауға 

мүмкіндік 

туды.  


В  –  тобының  витаминдері. Бұл  әртүрлі  қоспалар  бұлардығң  әр  қайсысы 

өзіндік қасиеттері бар, ерекше витаминдер. 

В



витамині  (тиамин)  көптеген  өсімдіктерде,  өніктерде,  дәндерде  (атап 



айтқанда,  бұршақ  тұқымдастарының  ішінде  –  көк  ұсақ  бұршақтар),  көкөніс 

дақылдарында (картоп пен сәбізде ), татымды өсімдіктерде (пияздың кейбір 

түрлерінде – батунда, порейде, көп қабатты пиязда), бұрышта, балдыркөкте, 

салатта,  аскөкте,  фенхельде  кездеседі.  Оны  С  витаминімен  бірге  пайдалану 

керек. В

1

 витамині  нерв  жүйесінің  қызыметінде  үлкен  роль  атқарады,  жүрек 

бұлшық еттері мен ішек – қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте 

қажет.  Мұның  болмауы  немесе  жетімсіз  болуы  көміртегі  мен  алмасуын 

бұзады, нерв жүйесінің ауруларына шалдықтырады. Тәуліктік қажеттігі – 1 – 

3 мг. 


В

2

 витамині  (рибрфлавин)  көкөніс  өсімдіктерінде  (сәбізде,  жуада,  кресс  – 



салатта,  ақжелкенде),  фасоль  мен  жасымықта,  жүгері  дәнінде,  сондай  –  ақ 

жеміс  дақылдарында  –  алхорыда,  шиеде,  өрікте,  итмұрында  болады



В

2

 витаминінің  шипалы  болуы  үшін В



1

және В



6

 витаминдері  қажет.  Бұл 

витаминдердің  қажеттігі  суық  түскен  немесе  күн  көзі  күшті  сәуле  шашқан 

кезде 


анағұрлым 

арта 


түседі.  

В

2

 витаминінің жетімсіздігі ішек –қарын қызыметіне теріс әсерін тигізеді, көз 

ауырады,  нерв  жүйесі  жұқарады,  шаш  ерте  ағара  бастайды.  Тәуліктік 

қажеттігі 

– 



мг.  



В

витамині  (пантотен  қышқылы  )  жидектерде  (қара  қарақатта,  таңқурайда, 

бүлдіргенде),  жемістерде  (өрікте,  шиеде),  көкөністерде  (көк  бұршақта, 

картопта,  түсті  капутада,  томатта,  сәбізде),  татымдыларда  (ақжелкенде, 

пиязда)  және  салат  өсімдіктерде  (қояншөпте)  болады.  Ол  метабализімнің  – 

белоктық,  көміртегіндік  және  басқада  көптеген  процестеріне  қатысады.Бұл 

витаминнің  клиникалық  жетімсіздігінен  бойдың  өсуі  баяаулайды,  тері 

бұзылады,  шаш  ағарады,  ішек  –  қарын  жолдарының,  нерв  жүйесінің 

қызыметі  (ұйқыт  қашу)  нашарлайды.  Тәуліктік  қажеттігі  2-3  мг.  

В

6

 витамині (придоксин) көкөніс өсімдіктері ішінен картопта, жүгері дәнінде, 

алхоры, қарақат, шырғанақ жемістерінде, алмада болады. Оның организімде 

жетіспеуі  анемия  (қан  аздық),  дерматит  (терінің  қабынуы),  тырысу 

ауруларына 

шалдықтырады.  



В

витамині  немесе  фолий  қышқылы  (антианемиялық  фактор).  Бұл  витамин 

бірінші  рет  шпинат  жапырақтарынан  алынды  (аты  латыпнның  foliant  –

жапырақ  деген  сөзінен  шыққан).  Өсімдіктердің  көк  бөлігінде,  сондай  –  ақ 

капустада,  қарлығанда  болады.  Фолий  қышқылы  темірімен  бірге  қанның 

жасалу қызыметін күшейтеді, анемияға шалдыққанда өте пайдалы. Тәуліктік 

қажеттігі 

–1 


мг.  

В

12 

витамині  (кобаламин)  молекулінде  кобальт  бар.  Қан  түзу  мөлшеріне 

жақсы  әсер  етеді,  бір  қатар  тері  ауруларына,  сәуле  ауруларына  пайдалы.  

А  витамині.  Өсімдіктерде  провитминдер  –  ол  құралатын  заттар  (каротин 

пигменттері  мен  каротинойдтар)  ғана  кездеседі,  олар  ферменттердің 

әсерімен А витаминіне  айналады.  Каротин  (каротин  сәбіздің  түрлері 

жөніндегі  carota  деген  латын  сөзінен  алынған).  Қызғылтсары  немесе  қызыл 

түске  боялып,  жапырақтарының  хлороқыртыстарында  шашау  шықпай 

жинақталады.  Сәбіз,  шпинат,  асқабақ,  жүгері  дәні,  ақжелкен,  итмұрынның, 

шырғанақтың,  өріктің  жемістері,  сондай  –  ақ  бақбақ,  шашырақты, 

тырнақшагүл, қалқай гүлдері каротинге өте бай. 

Бұл витаминнің жетіспеуінен көз ауруы пайда болады, көздің мөлдір қабығы 

құрғақтанады, бауырдың қызыметі, холестерин алмасуы бұзылады, жұқпалы 

ауруларға қарсылық кемиді. Тәуліктік нормасы 4-5 мг. 

В  витамині (токоферол)  тағамдық  өсімдіктерде  мол  таралған,  бақша 

дақылдары  ішінен  салатта,  сәбізде,  капустада,  көк  пиязда,  бұршақтарда, 

картопта,  жүгеріде,  шырғанақтың,  итмұрынның,  өріктің  жемістерінде,  ал 

жабайы  өсімдіктенрдің  ішінен  –  қалақайда,  жолжелкенде  көп  болады. 

Бұларды  пісірген,  не  қайнатқан  кезде,  витаминнің  қасиеті  біраз  кемиді.  

Е витаминінің ұдайы өндіру процсі үшін үлкен маңызы барОл жетіспеген 

күнде,  минералдың,  белоктың,  майдың,  көміртегінің  алмасуы  бұзылады, 

сондай  –  ақ  бактериялық,  вирустік  инфекцияларға  төзімділік  кемиді.  Оның 


үстіне Е витамині А витаминін 

қышқылданудан 

сақтайды. 

Тәуліктік 

физиологиялық 

қажеттігі 

20 

–30 


мг.  

U витамині жараға күшті әсер ете алатын қосынды. Бұл витаминнің ақ басты 

капустада бай көзі бар, ло сондай – ақ қызылшада, томаттарда, сәбізде және 

басқа 

көкөністерде 



кездеседі 

U - витамині асқазан қызыметін қалыпқа түсіреді, оның шырышты қабығына 

жақсы әсер етеді. Сондай – ақ, ол склерозғада күшті әсер ете алады, өйткені 

көміртегінің,  майдың  алмасуына  ықпал  жасайды,  майдың  бауырда  артық 

қорлануына  кедергі  болады.  U  витамині  жылуды  көтермиді,  сондықтан 

көкөністерді езіп пісірмеген жөн. Жас күйінде мұздатқан және консервілеген 

көкөністе U витамині 

аса 

ұзақ 


уақыт 

сақталады.  



К  витамині  (К –  коагуляция  деген  сөздің  алғашқы  әріп)  қанды  ұйытуға 

себепші болады, мұның өзі қансыраған кезде, кесілген жарақат кезінде үлкен 

маңызы 

бар.  


К -  витаминіне  бай  өсімдіктерді  қайнатпа  күйінде  және  галендік  дәрі  – 

дәрмек  ретінде,  мәселен  жүгері  аналық  аузын,  қалақай  жапырағын, 

жұмыршақты,  қызыл  тамырды,  мың  жапырақты  пайдалынады.  Бұл  витамин 

көкөністердің ішінен: ақжелкенде, фенхельде, капустада, сәбізде мол болады. 

Организімде К витаминінің болмауынан болар – болмас жарақаттың өзі ұзақ 

уақыт бойы қанайды.  

 

Дәріс№3. Қазақстанның хош иісті (ароматты) өсімдіктері. 

 Тағамдық  өсімдіктер  қуат  беретін  көп  мөлшерлі  биологиялық  сергек 

заттарды бойларында сақтаумен қатар, тағамдық, дәрулік өсімдіктер түрінде 

де  өздерін  таныта  алады.  Энергиялық  қосындыларға  қанттар,  крахмал, 

клетчатка,  пектиндер,  органикалық  қышқылдар,  амин  қышқылдары, 

белоктар,  майлар  жатады.  Көкөністердің,  жемістер  мен  жидектердің 

тағамдағы энергиялық күші онша көп емес, бірақ оларда малдық тағамдарда 

жоқ организмнің дұрыс тіршілік етуіне аса қажетті заттар бар. Жидектер мен 

жемістер  –  организмге  тез  сіңетін  және  зиян  келтірмейтін  қанттардың 

(фруктозалар мен глюкозалар) теңгерілген табиғи жиынтығының қайнар көзі. 

Көкөністер  мен  жеміс  дақылдарындағы  ас  қорытқанда  сілтілік  қасиеті  бар 

қосындылар  жасайтын  минералдық  заттар  қанда  аз-кем  сілтілік  реакцияны 

сақтап  тұруға  себепші  болады  және  етте,  нанда,  майда  болатын  қышқыл 

майлы  заттардың  зиянды  әсерін  бейтараптандырады.  Тағам  рационына 

көкөністерді  қосу  оны  үйлесімді  етеді.  Ішек-қарын  ауруларына  шалдығуды 

болдырмайды. Жемістер мен бірқатар көкөністердегі минералдық заттардың 

едәуір  бөлігі  калийден  тұрады,  ал  ол  тұзды  су  алмасуын  реттеп  отыруда, 

ісінген ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады. 

Татымды-хош  иісті  өсімдіктер  –  дүние  жүзінің  әр  түрлі  континентінде 

кездесетін  200-ден  аса  түрі  бар  өсімдіктердің  бай  тобы,  әдетте  тропикалық 

елдердің  классикалық  өсімдіктер  (ваниль,  лавр,  қалампыр,  мускат  жаңғағы, 

хош  иісті  бұрыш  және  басқалары)  осы  топқа  жатады.  Біздің  елде  бай 

татымды тұздықтармен Кавказ бен Орта Азияның ұлттық тағамдары ерекше 

көзге  түседі,  олар  тағамды  көптеген  иісті  шөптермен  байытты  –  кинза 


(кориандр), тархун (эстрагон), көк пияз және сарымсақтың жас гүлді сабағы, 

тағы басқалар. 

Татымдылар  ретінде  әртүрлі  мүшелерді:  тамырларды  (ақжелкек,  ақжелкен, 

балдыркөк),  жуашықтарды  (пияз,  сарымсақ),  көктерді  (аскөк,  ақжелкен, 

балдыркөк,  жиек  жалбыз,  пияз,  сарымсақ,  эстрагон,  настурция),  аналықтар 

мен  аналық  ауызды  (бұрыш,  зире,  әшкөк,  анис,  фенхель,  настурция) 

пайдаланады. 

Тамаққа  татымды  өсімдіктерді  қосу  астағы  тұздың  дәмдік  нормасын 

азайтады,  мұның  өзі  тұзы  аз  диетаға  (жүрек,  бүйрек  ауырғанда,  аллергия 

болғанда) өте қажет. Кулинарияға бірін-бірі өзара толықтырып тұратын, асқа 

қышқылдау  дәм  беретін  татымдылардың  белгілі  бір  үйлесімділігін  табудың 

маңызы 


зор.  

Аскөк. Татымды  көк  біздің  ерте  көктемде  организмге  көктемгі  дәм  беруші 

ретінде  келіп,  оны  қысқы  витамин  тапшылығынан  құтқарады,  солардың 

ішіндегі алғашқысы – иісті бақша аскөгі. 

Аскөк өсімдігінің барлық бөлігіне эфир майлары (бұлар 1,5%) хош иіс беріп 

тұрады, олар көбіне мәуелердежинақталады (2,8-4%). Бұл майдың құрамына 

карвон  (мәуелерде  -  50%  дейін,  шөпте  -  16%  дейін)  кіреді.  Мәуелерде 

құрамында  олеин,  петроселин,  линоль  қышқылдары  бар  майлы  май  20%-ке 

жетеді. Аскөктің жас жапырағы С витаминіне (135-200 мг%), каротинге (0,5-

12,8  мг%)  бай  келеді,  онда  К,  Е,  В

1

 (тиамин),  В



(рибофлавин),  В

9

 (фолий 


қышқылы)  витаминдері,  темір,  калий,  кальций,  фосфор  тұздары, 

флавоноидтар (рутин, кверцетин, изорамнетин) бар. 

Емдік мақсатқа шөптің тұндырмасы несеп айдайтын дәру ретінде гипертония 

ауруының  бастапқы  сатысында,  ал  жапырағы  мен  мәуесінің  қайнатпасы  – 

ұйқы қашқанда қолданылады. Мәуелерін тұндырма және қайнатпа түрінде ас 

қорыту  үшін  бауыр  мен  өт  жолдары  ауруына,  жел  шығаратын  деру  ретінде 

пайдаланады.  

Ақжелкен. Ақжелкен  латынша  “петроселинум”  –  тас  балдыркөк,  бұл  оның 

Жерорта  теңізі  маңындағы  таулы  аудандардан  шыққанын  білдіреді.  Көне 

Греция мен Египетте ақжелкенді, аскөкті, балдыркөкті әсемдік және дәрілік 

өсімдіктер  ретінде  өсірілген.  Ал  тағамға  оларды  орта  ғасырда  қолдана 

бастады, ақжелкеннің әуелі тамырын, кейіннен – жапырағын пайдаланады. 

Ақжелкеннің жапырақтары эфир майларына, С (58-290), К,Е витаминдеріне, 

каротинге  (1,7  мг%)  бай,  ал  тамыр  жемістерінде  бұл  заттардан  басқа  В  (В

1



В

2

, В



6

) және РР – 2 мг % витамин топтары бар. Мәуелерінде 6,0% дейін эфир 

майы болады. 

Ақжелкен тәбет ашады, ішектегі газды жояды, ауруды, шаншуды, құрысуды 

басады. 

Ақжелкенді косметикаға да қолданады. Ақжелкеннің тамырының қайнатпасы 

беттің  күнге  күюін  бәсеңдетеді,  ал  тамырлардың  қою  қайнатпасын  лимон 

шырынымен қосып, беттің сепкілін және терінің қоңыр пигменттенген дағын 

кетіру  үшін  пайдаланады  (таңертең  және  кешке  бетке  жағады).  Бетті  ағарту 

үшін оны ақжелкеннің жаңа шырынымен күнде сылау керек. 



Ақжелкен  бақшалық  –  екі  жылдық  өсімдік,  жапырақты  және  тамыр  жемісті 

болып  екі  түрге  бөлінеді.  Жер  үстіндегі  бөлігі  алғашқы  жылы  тамырдың 

қыста  солып  қалатын  бір  шоғыр  жапырақтарынан  тұрады,  ал  екінші  жылы 

тамырдан биіктігі бір метрге дейін жететін, көп бұтақты бір немесе бірнеше 

сабақтар  өседі.  Жапырақтары  үлпілдек,  жылтыр  немесе  бұйра  қабажақты 

және  кетілген  немесе  тілік  қалақша  болып  келеді.  Жапырақты  ақжелкеннің 

тамыры  сыртынан  –  сарғыш,  іші  ақ,  жұқа,  көлденең  салалары  бар  ұршық 

тәріздес, етженді, ал тамыржемістінікі  – конус тәріздес немесе түп жағынан 

жоғары 

қарай 


бірқалыпты 

жіңішкерген 

шошақ.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет