мурашка – жемісі ірі, тұтас салмағы 4-5 кг, ақшыл-жасыл торқабықты,
кұңгірттеу реңді келеді. Жұмсағы қызғылт-қызыл, биязы түйірлі, тәтті.
Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 95-100 тәулік.
Мраморный – жемісі шар тәрізді, тегіс, салмағы 3-4 кг. Ақшыл-жасыл түсті,
суреті сирек қоғырқай жасыл дақты жағындыны жаға салғандай. Жұмсағы
шымқай қызыл немесе қызыл-күрең, биязы, түйірлі, шырынды, тәтті.
Вегетациялық
кезеңі
–
92-108
тәулік.
Роза Юга-Востока – жемісі шар тәрізді, салмағы 2,5-3,6 кг. Үстіңгі жағы
сегменттелген, тегіс. Түсі ақшыл-жасыл; суреті – жалпақ, қоңырқай-жасыл,
түсін бүркеп тұрған дәрлік шайылған жолақтар. Жұмсағы шымқай-қызыл,
түйірлі, шырынды, тәтті. Вегетациялық кезеңі 78-83 тәулік.
Дәріс №6. Майлы дақылдар. Бақша дақылдары
Майлы ӛсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері. ӛсімдік майының
химиялық құрамы. Ӛсімдік майыныңӛнеркәсіпте ӛңделуі, күнделікті ӛмірде
пайдалануы. Ӛсімдік майының қасиеттеріне байланысты жіктелуі. Майлы
ӛсімдіктер ӛндірістің әртүрлі бӛлімдерінде-консервілік, кондитерлік,
былғары, сабын қайнату, бояғыш заттарды және тағы басқаларын ӛндіруде
қолданылады. Химиялық табиғатына қарай күрделі эфирлерге жатады.
Үшатамды спирт глицирин болып табылады. Әдетте майлар ӛсімдіктің
тұқымында жедегінде, тамырында кездеседі , қалыпты температурада қатты
немесе сұйық консистентті болып келеді. Қатты майлар-какао, пальма, кокос
ӛсімдіктеріне яғни тропикалық ӛсімдіктерге тән. Барлық майлы дақылдар
қасиетіне қарай 3 топқа бӛлінеді. 1-жақсы кеуіп кететін, техникалық
дақылдарға тән,(лен, перилла,) 2-жартылай кебетін және әлсіз кебетін,
азықтық дақылдарға тән(күнбағыс, кунжут); 3- кебу мүмкіндігі жоқ дақылдар
(арахис, чуфа) және тӛменгі температурада қатпайтын техникалық дақыл-
клещевина ӛсімдігіне тән. Майлы дақылдарға жататын кейбір ӛсімдіктерге
сипаттама. Күнбағыс- Helianthus туысы 100 деген біржылдық, кӛпжылдық
түрлерді біріктіреді. шӛптесін кейбірі бұталы ӛсімдіктерге жатады. негізгі
ареалы оңтүстік және солтүстік Америка. Күнбағыс – (Heliantus annuus)
күрделігүлділер тұқымдасына жатады. 1жылдық шӛптесін ӛсімдік сабаға
2,5м, жапырақтар ірі, тұқымы-тұқымша. Ӛте жақсы сапалы дәмі баркүнбағыс
майы тамаққа және кӛкіністік, балық консервілік ӛндірісінде қолданылады.
Күнбағыс майынан майлы ӛнім-саломас алынады. Ол маргарин жасауға және
тӛменгі сорттары сабын қайнату ӛндірісінде пайдаланылады. Агротехникада
маңыздылығы
зор.
Сафлор-
Carthamus
tinctoriush.күрделігүлділер
тұқымдасына жататын 1жылдық шӛптектес ӛсімдік. Сабаға тік ӛскен,
жапырақтары ланцет тәрізді. Тұқымы-тұқымша. Одан қоректік маңызы бар
маргарин алынады. Кӛптеген сырлаушы бояулар алуға, зәйтүн ӛндіруге,
линолиум шығаруға қолданылады. Құстарға азық болып табылатын
құрамында картамин заты бар. Кунжут-Seasamum indicum кунжуттар
тұқымдасына жатады. Сабағының биіктігі 80-110 см, тамыры 1м-ге жетеді.
Тұқымы-тӛрт, сегізқырлы қорапша Ол- бағалы, майлы дақылдарға жатады.
Тұқымында 48-63 процент май, 16,3- 22 процент ақуыз, 18 процент кӛмірсу
болады. Иіссіз, дәмі тартымды, ашық сары түсті ӛсімдік. Кондитерлік,
консервілік ӛнімждер, маргарин дайындауға және медицинада қолданылады.
Агротехникалық ерекшеліктері бар. Арахис-Arachus hupogaea тамыр жүйесі
жақсы жетілген, биік емес, 1 жылдық шӛптесін ӛсімдік. Түрлері-жер жаңғағы,
қытай жаңғағы. Тұқымындағы 40-57 процент майы жоғары сапалы азық
береді. Құрамында ақуыз 30 процент, кӛмірсу 18 процент, витаминдерге бай
болуына байланысты азықтық ӛнеркәсіпте қолданылады
Бақша дақылдарының адам үшін маңызы ӛте зор. Себебі олардың құрамында
адам организміне керекті, ӛте сіңімді қоректік заттар- май, ақуыз, кӛмірсутегі,
минералды тұздар, әсіресе кальций, темір тұздары болады. Тағамдық шикізат
ретінде қолданылады оларды үй жағдайында ӛсіруді білудің маңызы зор.
Бақша ӛсімдіктері шырынды жемістер, жапырақтар, түйнектер, пиязшықтар,
жемтамырлар алу мақсатында ӛсіріліп бірнеше топқа бӛлінеді. 1.Жемісті
бақша дақылдары: қызылша, бұрыш, баклажан, қарбыз, асқабақ. Қызылша-
табиғатында кӛпжылдық болғанымен екпе түрі. 1 жылдық Отаны- Оңтүстік
Америка. Тамыры жақсы дамыған. Сабағы тік ӛседі, жапырақтары мен
сабақтарында желімтек сұйықтық бӛлетін жабысқақ түктер болады. Ол
ылғалды артық буланудан сақтайды. Гүлдері ұсақ, шашақ гүлшоғырына
жиналған. Қызылша-жарық жылу сүйгіш ӛсімдік. Жемісінің құрамында
жүрек, нерв жүйесінің жұмысын жақсартатын В,С, А, К витаминдері, 2-6%
қант 0,2 % лимон қышқылы бар. 2.Жапырақтары пайдаланатын бақша
дақылы-орамжапырақ. Ол шаршыгүлділер тұқымдасына жататын 2-жылдық
ӛсімдік. 1ші жылы кӛп жапырақ шығарып одан қаудан (кочан) түзеді, 2 ші
жылы гүлдеп жеміс береді. Отаны-Жер орта теңізі. Тамыры-1,5 м-ге жетеді.
Орамжапырақты
ылғал,
қоректік
заттармен
қамтамасыз
етеді.
Орамжапырақтың жарық сүйгіш ӛсімдік. Егер жарық болмаса қаудан
бойламай сойдиып ұзарып ӛсе береді. Суыққа тӛзімді. Ылғалды кӛп талап
етеді. Орамжапырақтың емдік қасиеті бар. Құрамында кӛптеген витаминдер
кездеседі. Бұл аталған заттардың бәрі адам организміне пайдалы. 3.Тамыры
пайдаланатын дақылдар: сәбіз, асханалық қызылша. Сәбіз-шатыр гүлділер
тұқымдасына жататын 2 жылдық ӛсімдік. Отаны- Жер орта теңізі. мәдени
түрде ӛсіріледі. 60 түрі белгілі. Сәбіз-жылу, қорек, ылғал сүйгіш ӛсімдік.
Тұқымы 4-6 0 С ӛнеді. Ең қолайлы температура 18-210 С. Алғашында
ылғалды кӛп қажет етеді, сондықтан жиірек суарылады. Құрамында
пайдаланатын заттар ӛте кӛп. Су, азот, май, кӛмірсутегі, витаминдер, эфир
майы, минералды тұздар. Қаназдық бауыр, жүрек, ауруларына ем болады.
Тағам ретінде қолданылады. 5.Түйнекті пайдаланатын бақша дақылдары.
Картоп-алқа тұқымдасына жататын шаруашылықта бидайдан кейін орын
алатын ауыл шаруашылық дақылы. Отаны-оңтүстік Америка. Ӛздігінен
тозаңданады, жемісі-жидек. Шаруашылықта мол, витаминге бай. Жарық
сүйгіш. Гүлдеу кезінде ылғал кӛп қажет, қара топырақта жақсы ӛседі.
Дәріс №7. Бояу алынатын өсімдіктер. Бидайлы-бұршақты дақылдар.
Улы өсімдіктер
Бояғыштық қасиеті бар ӛсімдіктерге ботаникалық, биологиялық сипаттама.
Бояғыштық қасиеттері бар ӛсімдіктердің адам ӛміріндегі маңызы.
Ӛсімдіктерден бояу алудың ӛнеркәсіптік жолдары, техникалық шаралары.
БҚО-ның бояғыштық қасиеттері бар ӛсімдіктеріне (жуантамырлы кермек,
Гмнлин кермегі, томар бояу), адыраспан, жалаңаш жарықдәрі, кӛгілдір
(жаманкӛк), қына, үлкен сүйелшӛп) сипаттама Бояғыш ӛсімдіктер – тамыры,
сабағы, жапырағы, гүлі, тұқымы мен ұлпаларында (діңі, қабығы) бояуыш
заттар түзілетін ӛсімдіктер. Б. ӛ-дің түрі ӛте кӛп. Мыс., күнбағыс қабығынан
(тек «Гигант» сортынан) мақта бояйтын қоңыр бояу, дәнінің майынан олиф
дайындалады, сабағы мен жапырағынан хим. ерітінділердің кӛмегімен бояу
алынып, айна ӛндірісінде қолданылады. Қоянсүйектің тамыры мен сабағынан
алынатын сары бояумен жүн және мақтаны бояйды. Мұндай жүннен кілем,
киіз, алаша тоқылады. Жүзгіннің сабағынан қасық, ожау жасайды да,
тамырында илік зат – танин болады. Одан қызыл күрең бояу дайындалып,
мұнымен тері бояйды. Адыраспанның қауашағынан қызыл күрең бояу
дайындалып, онымен мақта, жүн маталарын бояйды. Шыршаның қабығынан
дайындалған ерітіндімен тері иленеді де, оның тамырынан дайындалған
бояумен тері бояйды, смоласын (қарамайын) қайыққа, телеграф
бағаналарына жағады. Еменнің қабығынан дайындалған ерітіндімен иленген
тері жұмсақ болады әрі оның бояуы кетпейді. Тал мен қайың қабығынан жүн
бояйтын қоңыр бояу, қынадан шаш, тырнақ бояйтын бояу; тарандар
тұқымдасына жататын бояулы таран, қазоты, атқұлақ дәнінен мақта бояйтын
қызыл күрең бояу дайындалады. Б. ӛ-ден алынатын бояу, тағамдық,
косметик. заттар ӛндіру жұмысында пайдаланылады. Б. ӛ-ден жасалған
бояулар ӛте сапалы және қанша жуылса да кетпейді, өңбейді.
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына
жататын кӛп жылдық ӛсімдіктер туысы, терең тамырлы ӛсімдік. Сабы мен
гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік ӛсімдік. Биіктігі 30-80
см аралығында, бірақ кӛбінде 30 см тӛңірегінде ӛседі. Тау беткейлерінде, жол
бойында, жазық далаларда кӛктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді.
Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия,
Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шӛл-
шӛлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу ӛзендері
бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala)
ӛседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ,
сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр –
шілдеде гүлдейді. Жемісі – кӛп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не
қара түсті болады. Емдік қасиеті. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында
бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы ӛсімдік. Халық
емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкӛздің жүйке ауруын емдеуге
пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма
қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар.
Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады,
қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың
қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл
бояу алынады. Тұқымы мен кӛк шӛбінен алынған тұнбаны адыраспан
шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы
ӛсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз,
күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп
сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса
отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де
бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын
қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш
мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның
жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған
ауруға, терісі бӛрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған.
Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне
ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның
шӛбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды
сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді. Кӛшпелілер кесіртке тәрізді
жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың
қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолӛнерде қолдананылатын
түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды кӛп мәрте қайнатып, қызылкүрең
түсті бояу алады. )
Қына– тӛменгі сатыдағы споралы ӛсімдіктерге жататын талломды
организмдер тобы. Шаш бояуға арналған қына. Саңырауқұлақтар мен
балдырлардың cелбесе тіршілік ету нәтижесінде пайда болған. Қынаның 400-
дей туысы, 26 мың түрі бар. Олардың қазба қалдықтары жоғарғы бор
кезеңінен белгілі. Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы
кладинасы) Қазақстанның ―Қызыл кітабына‖ енгізілген.
Улы өсімдік деп құрамындағы заттарының бір түйірі немесе ұсақ бөлшегі
адам немесе хайуан организміне түссе, оның қалыпты жұмысын бүлдіріп,
ауру туғызатын өсімдіктерді айтады. Мұндай өзгерісті улану деп атайды.
Уланудың зардабы ауыр болуы мүмкін, кейде ол өлімге әкеп соғады.
Алғашқы адамдардың өзі өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін біле бастаған.
Себебі, табиғатпен жекпе-жекке шыққан алғашқы адамның көзіне алғаш
көрінген өсімдік. Бір өсімдік жеуге жараса, екіншісі жарамайды, ал үшінші
біреулері уландырып өлтіріп жібереді. Осылай көп жыл бойы өмірін
құрбандыққа шалу арқылы адам улы өсімдіктерді өз пайдасына жұмсауды
үйрене берді.
Өсімдікте удың жиналуына топырақтың құрамы мен ауа райының жағдайы
үлкен әсер етеді. Өсімдік өскен жерінде оңтүстікке қаншалықты жақындаған
сайын, соншалықты улылығыда арта түседі. У өсімдіктің барлық бөлігіне бі р
келкі жинақталмайды. Бір өсімдікте у тамырына көп жиналса, екінші
өсімдікте тұқымында, ал үшінші біреулері сабағында, жапырағында,гүлінде
және жемісінде көп болады. Өсімдіктің даму фазасының әр түрлі кезеңінде у
әр түрлі мөлшерде жиналатыны да болады. Бір түрде у гүлдеу кезінде көп
жиналса, басқаларыда гүлдегенге дейін немесе жемісі піскенн кезде
молайады. Кептірілген өсімдіктерден гөрі жас, жаңа жұлынған өсімдіктер
қауіптілеу. Кептірілген өсімдік жас кезіндегіге қарағанда улылығын
әжептеуір жоғалтады. Бірақ кейбір өсімдіктерді кептіргеннің өзінде улылығы
баяу тарайды. Мұндай өсімдік кепкеннен кейінде қауіпті.
Өсімдіктің улылығы құрамындағы әртүрлі химиялық заттарға байланысты.
Ол заттар алкоголойдтар, гликозиттер, органикалық қышқылдар жатады.
Алкоголойдтар өсімдікте тұз түрінде кездеседі. Гликозиттер құрамында қант,
аглркон болады. Бұл заттар негізінен жүрекке әсер етеді. Сондай - ақ
гликозиттерде су мен қосылып сабын көпіршігі сияқты көпіршігі сияқты
көпіршік жасайтын сапонин, ауыжды уылдыратын илік заттар, ауыздағы дәм
жүйкелерін қоздыратын ащы заттар да болады. Органикалық қышқылдардан
Өсімдік құрамында синиль, қымыздық филик, т . б .қышқылдар бар. Кейде
улы қасиеті өте күшті сүт шырындары және шайыр сияқты әлі толық
зертелмеген күрделі қосылыстар да табылады.
Улы өсімдіктер мен уланып қалу негізінде оны пайдалы және зиянсыз
өсімдіктерден айыра алмаудан шығады. Жеуге жарамды өсімдік орнына
шатастырып улы өсімдіктің тамырын жеп уланып қалған оқиғалар кездесіп
тұрады. Улы өсімдіктерді өздігінен емделуге немесе балгерлердің айтуымен
пайдаланып бақытсыздық жағдайға ұшырайтында бар. Бадам, лало, көкнәр
сияқты кейбір өсімдіктердің ауамен бөліп шығаратын заттары да адамғаулы
әсер етеді.
Енді өзі улы, әрі өте әсем шипалық қасиеті өте күшті және азайып
кетуінебайланысты кейбір түрлері табиғат қорғаудың одақтық “Қызыл
кітабына”жазылған өсімдіктің бір туысына тоқталйық. Ол сарғалдақтар
(лютиковые) тұқымдасына жататын бәрпі (борец). Бұл туысқа жататын
түрлер табиғатта СССР – дің Европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда,
және Қазақстанда кездеседі. Қазақстанда 14 –түрі өседі. Туыс ішіндегі
түрлерінң тік немесе оралып өсетін сабақтары бар шөптесін өсімдіктер. Бір
гүлдегі күрделі күлтелерінің пішіндері мен көлемдері бір – бірімен
ұқсамайды, гүл арқылы ойша сызық жүргізгенде теңдейбөлікке бөлінбейді.
Сондықтан Бәрпі гүлін дұрыс емес немесе зигоморфты гүлдер тобына
жатқызады. Жеке күлтелері түрін өзгертіп балшырын жинайтын
шырындыққа (нектаринк) айналып кеткен.
Бәрпінің латынша аты аконит. Ертедегі Грециядағы Геркаль қаласындағы
кеме тоқтайтын айлақтың атымен қойылыпты. Ол жерде ашық әдемі гүлді
өсімдіктер өскен көрінеді. Улылық қасиетіне байланысты орыстар бәрпіні
қасқыр өлімі (вольчя смерт), қасқыр тамыр (волчий корень), темір дулыға
(железный шлем), улы патша (царь – зелье) деп те атайды. Ал қазақта халы қ
арасында бәрпіні “уқорғасын” дейді. Оның мәні өлім әкелетін мылтықтың
қорғасын оғына теңегені болса керек.
Бәрпіні түйнегі, тұқымдары арқылы көбйтуге болады. Жер аты түйнегін
күзде бөліп алып бірден өсіретін жерге отырғызады. Бұл әдіспен көктемде
көбейту көбіне жақсы нәтиже бермейді. Жаңадан жиналған тұқымдарын
жартылай көлеңкелеген жерге себу керек. Өркендерінің биіктігі 100 – 150
сантиметрге жетеді. Жапырақтары ірі бес бөлімді, немесе бес тілімді, пішіні
көбіне қаздың табанына ұқсайды. Бұл суыққа төзімді, күй таңдамайтын
өсімдік, қандай топырақ болсада өсе береді. Тек суы аса көп топырақта өсе
алмайды. Әсемдік мақсатында жалғызданда топтанда өсіруге болады.
Медицинада бәрпі шипалық өсімдік ретінде жоғары бағаланады. Бәрпінің
түйнегінде 0,18-3 процент жер үсті бөлімінде 0,2 процент алколойдтар бар.
Бұл алколойдтар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа - құрамында
меллйкаконлтин бар аконитин жатады. Бұл улылығы өте күшті топ. Екінші –
улылығы одан әлсіздеу - атизиндер алколойдтары. Барлық улы түрлеріндегі
негізгі алколойд аконитин заты. Бәрпінің кейбір түрлері балшырынды өсі
мдік ретінде пайлалы (С. Г. Минков, 1974.) бұл мақсатта ақезу бәрпі (борец
белоустный) деген түрі қолданылады. Бұл биіктігі 70 - 200 сантиметірге
жететін көп жылдық өсімдік. Гүлі қара көк күлтесінің ішкі жағы ақ. Орталық
Қазақстанда, Алтайда, Тянь – Шянь тауларындағы ориандарда, оман
алаңдарында өседі. Гүлдеріне бал жинаған аралар жаздың ыстық кезінде
келеді, қалған жағдайда олардың уланып, өліп қалатыны бай қалады.
Өсімдіктің барлық бөлі мі улы десекте, тозаңы мен балшырыны барлық кезде
улы
болмайды.
Жоңғар бәрпісі (Борец джунгарский). Бұл түрді кейде “Ыстықкөл тамыры”
(Исиккульскийкорень) деп те атайды. Тарбағатай Қырғыз Алатауының
ормандарындағы биік өсетін шөптер мен биік тау жайылымдарында және
бұталардың арасында өседі. Іле Алатауында Алматы қаласының айналасында
көп кездеседі. Бұл ұзындығы 60 – 100 сантиметрге жететін сымбатты өсімдік.
Саусақ тілімді жапырағының сырты жалтыр. Ұзынды ғы 20 сантиметрге
жететін жіңішке цилиндір тәрізді гүлшоғырына диаметірі 3,5 – 4 см жеке ірі
гүлдері бар. Топыраққа терең кетпей, көлбеуорналасқан тамыр сабақтарында
ірі конус тәрізді түйнектері бекиді. Өсімді ктің барлық бөлігі улы. Қолдан
тамыры тұқымы арқылы оңай көбейтуге болады. Көшеті 2 – 3 жылдан кейін
гүлдейді.
“Қызыл
кітабына
енген”
Қаракөл бәрпісі (борец каракольский). Бұл түр Шығыс Тянь-Шяньда,
Солтүстік-Шығыс Тянь – Шянь мен Жоңғар Алатауының орман және биік
тау орман шалғындарында кездеседі. Мұның жоңғар бәрпісінен
айырмашылығы онша көп емес. Жапырақтары жіңішке тілімді және жоңғар
бәрпісіне қарағанда ұсақтау көп гүлі бар. Тамыры және тұқымдары арқылы
қолдан оңай көбейтуге болады. Бақтарда көп жылдық әсем гүлдермен бірге
өсірсе әлгілермен жақсы үйлесім табады. “Қызыл кітабына енген”.
Талас бәрпісі (борес таласский). Одақтық “қызыл кітапқа” жазылған. Ол
түрлерден айырмасы бар. Жапырақтары бес бөлімді. ОЛ бөлімдер жапырақ
алақанының түбіне дейін тілімделу арқылы бір бірінен айырлады да, сына
тәрізді үшкірленген, үшкірлеу тілімді жеке жапырашаларына бөлінеді.
Гүлдері көгілдір түт\сті. Батыс Тянь – Шяньның аршалы жоталарында
кездеседі. Өркеннің биіктігі 80 – 180 см жететін көп жылдық өсімдік Июнь –
июль
айларында
гүлдейді.
Дәрі бәрпі (борец противоядный) . Бұл бәрпі туысының басқа түрлерінен
биохимиялық жағынан ерекше түр. Ол қасиеті жағынан жоғарыда айтылған
улы түрлерге қарама – қарсы. Бұл түрдің құрамында болатын
алколойдтардың уланған адамдардың уын қайтаратын қасиеті бар, тіпті өз
туысы жоңғар және қаракөл бәпісінен уланған жағдайда да адамның уын
таратып жібереді. Табиғатта Тарбағатай және Жоңғар Алатауында,
республиканың солтүстігінде, солтүстік шығысында және Алтайда кездеседі.
Биіктігі 100см дейін жететін көп жылдық өсімдік. Сары гүлдерінің жасылдау
жіңішке жолақтары бар. Жұп түйнектерінің пішіні жұмыртқа тәрізді немесе
сопақша, ұзындығы 2-5, көлденеңі 1,5-2см жетеді. Түйнектері арқылы
өсіргенде жаңа жерде жақсы өсіп кетеді, жыл сайын әдемі гүл береді.
Тұқымы арқылы өсірсе 2-3 жылда гүлдейді.
Бәрпімен уланған адамның белгісі мынадай болады. Адам организміне бәрпі
түскеннен кейін жүрегі айнып құсқысы келеді, іші ауырады. Жүрегі
қыжылдайды, алдымен ерні мен тілі, одан соң аяқ қолы тырысып, сіңір
тартылып қалады. Басы айналып ауырады, тынысы тарылады, адам әлсірейді,
аузынан көбік ағып, көзі шарасынан шыға бастайды. Ақырында адам
көруден, естуден қалып сандырақтайды да өледі.
Бәрпімен уланған адамға қандай көмек көрсетуге болады? Уланудың
алғашқы белгісі білінісімен немесе организмге уланудың кеткені анық белгілі
болса бірден дәрігер шақырып адамның өзі жақын емханаға баруы керек.
Уланған адамға дәрігердің келуін алғашқы көмек беру әсресе, дәрігер алыс
болған жағдайда өте қажет. Организмдегі уды шығару үшін адамның
құсқысы келе бастағанда оған бірнеше стакан жылы суға тұз қосып ішкізіп,
құсуын жалғастырады. Іштегі удың қанға тарап кетпеуі үшін 250 грамм суға
немесе 0,5 литр сүтке 2-3 жұмыртқа белогын араластырып береді. Ол іштегі
уды қоршап алып, оның еріп қарынның басқа бөлігіне және қанға таралуын
баяулатады. Бұдан 20-30 минут өткен соң қайтадан әлгі әдіспен құстыруға
тырысады. Үйдегі ауаны таза ұстаған жөн. Ең негізгі уланбас үшін улы
өсімдіктен пайдалы өсімдікті айыра білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |