Дәріс 1 Кіріспе. Эем даму тарихы. Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру принциптері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата18.10.2023
өлшемі138,6 Kb.
#117860
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
1лек

Есептеу жүйесі
– енгізілген ақпаратты тапсырманы шешу барысында 
берілген алгоритм бойынша өңдеуге арналған техникалық жабдықтар кешені. 
Есептеу жүйесінің жалпылама құрылымдық сұлбасы 1.1-суретте 
келтірілген. Жалпы түрде кез келген есептеу жүйесі құрылғылардың 4 
тобынан 
тұрады: 
арифметикалық-логикалық 
құрылғы, 
жадылар, 
енгізу/шығару құрылғыларының топтары, басқару құрылғысы.
АЛҚ
– арифметикалық логикалық құрылғы мынадай операцияларды 
орындауға арналған: 
-
Арифметикалық операциялар (қосу, көбейту, азайту, бөлу - 
варианттарымен); 
-
логикалық операциялар (логикалық қосу және көбейту, екілік модуль 
бойынша қосу, терістеу және т.б.); 
-
жылжыту операциялары (солға, оңға, логикалық, арифметикалық, 
циклдық және т.б.). 


БҚ (ОБҚ) 
– басқару құрылғысы (орталық басқару құрылғысы) – қалған 
барлық құрылғылардың жұмыстарын басқаруға арналған. 
АЛҚ
-ы 
БҚ
-мен (ОБҚ) бірігіп 
ПРОЦЕССОРДЫ
құрайды.
ЕСҚ
– еске сақтау құрылғысы (жады) – программаның орындалуы 
кезінде оны (командалар мен деректерді), немесе оның бір бөлігін сақтауға, 
сондай-ақ ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған.
ЕШҚ
– енгізу/шығару құрылғы – ақпаратты енгіп-шығаруға арналған 
құрылғы (біріккен енгізу шығару құрылғысы болуы да мүмкін – 
дискорнатқыш, сондай-ақ жекелеген құрылғы болуы да мүмкін: кілтжиын – 
енгізу құрылғысы, баспа құрылғысы – шығару құрылғысы). 
 
2.1 – сурет. Есептеу жүйесінің жалпылама құрылымдық сұлбасы 
Есептеу жүйесінің қызметіне байланысты әр топтың құрылғыларының 
сапалық жағынан да, сан жағынан да айырмашылықтары болуы мүмкін. 
Есептеу машинасының жіктелуі 
Есептеу жүйесі немесе желісінің негізін есептеу машинасы құрайды. 
Сондықтан әрбір есептеу жүйесінің қызметі мен мүмкіндіктерін бірінші 
кезекте есептеу машинасы анықтайды.
Есептеу машиналарын мынадай түрлерге жіктеуге болады:
I. ЕМ-дағы сигналдар типтеріне байланысты: 
-
аналогты есептеу машинасы (АЕМ) –– ақпарат үздіксіз (аналогты) 
формада беріледі. Жылдамдығы жоғары, тар көлемді тапсырмалар кластарын 
шешуге арналған (әр тапсырманы шешу кезінде аппаратураны сол 
тапсырмаға бейімдеп отыру қажеттіліг жиі туындайды); 
-
электронды цифрлық есептеу машинасы (электронды есептеу 
машинасы) ЭЦЕМ (ЭЕМ) – ақпарат дискретті формада (екілік) өңделеді. 
АЕМ-мен салыстырғанда жылдамдығы едәуір төмен, аппаратураны жұмысқа 
қосымша бейімдеусіз, тапсырманың кең көлемін шешуге мүмкіндік береді.; 
-
гибридті есептеу машинасы (аралас есептеу машинасы) ГЕМ (АЕМ) – 
аналогты, сондай-ақ цифрлық блоктарды да қамтыйды. 
II. Есептеу қуаты бойынша былайша жіктеледі: 
-
есептеу жүйелері – бір немесе бірнеше түрлі ЕМ-наың үлкен санынан 
тұрады – бірнеше тапсырманы, түрлі программалардың жұмыс нәтижелерін 
түзете алу мүмкіндіктерін қамтый отырып шешуге арналған; 
-
қуатты ЕМ (жоғары және өте жоғары қуатты ЕМ) –үлкен көлемді 
талап ететін, желілік құрылымдар жұмыстарын басқару үшін (провайдерлер 
және т.б.), ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін белгіленген; 
-
орташа қуатты есептеу машиналары – шағын тапсырмаларды шешуге 
(ғылыми-өнеркәсіптік), басқару тапсырмаларын шешу үшін, жергілікті желі 
жұмысын (файл-сервер) басқару үшін белгіленген; 
-
дербес ЭЕМ (ДЭЕМ, компьютерлер) – бір мезгілде бір қолданушымен 
жұмысқа арналған;
-
тіркелген ЭЕМ (шағынЭЕМ) – тапсырманың шектелген көлемін (бір 
ғана тапсырманы) шешуге арналған (автомобиль компьютері және т.б.). 


III. Қызметі бойынша: 
-
әмбебап ЕМ – түрлі тапсырмалардың кең көлемін шешуге арналған; 
-
мамандандырылған ЕМ – тар көлемді тапсырманы шешуге арналған 
(мысалы, жасанды зердемен байланысты тапсырманы шешуге арналған, және 
т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет