Дәріс 1 Кіріспе. Эем даму тарихы. Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру принциптері



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата18.10.2023
өлшемі138,6 Kb.
#117860
түріПрограмма
1   2   3
Программалық басқару принципі 
ЕМ-да (ЕЖ-де) тапсырманы шешу процесін автоматты басқару 
программалық басқару принципінің көмегімен жүзеге асырылады (алғашқы 
рет Дж. фон Нейман ұсынған). 
Дж. фон Нейману ұсынысы бойынша программалық басқару принципі 
келесі негізгі ережелерге негізделген: 
-
ЭЕМ-де ақпарат екілік формаға кодаланады және бірліктерге немесе 
ақпарат элементтеріне бөлінеді, мұны сөз деп атайды, ақпараттың түрлі типті 
сөздері қолдану тәсілдері бойынша жіктеледі
-
ақпарат сөзі жады ұяшығында орналасады және ұяшықтар нөмірімен 
анықталады, мұны сөздер мекені деп атайды; 
-
команда дегеніміз басқарушы сөздер тізбегі формасында көрсетілетін 
алгоритм, ол операцияға қатысатын операцияларды анықтайды. Машиналық 
командалар терминінде көрсетілген алгоритм 
программа
деп аталады.
-
Белгілі бір алгоритмді есептеуді орындау командаларды белгілі бір 
тәртіпте тізбектей орындауға саяды. 
Нейман ұсынысы бойынша ЭЕМ-де тапсырманы шешу – бастапқы 
деректермен және аралық нәтижелермен арифметикалық және логикалық 
операциялар орындау. Бұл кезде деректер екілік кодада беріледі. ЭЕМ-де 
белгілі бір тапсырманы шешер алдында шешу алгоритмі басқарушы сөздер 
(командалар) тізбегі түрінде жазылып алынады, яғни тапсырманы шешу 
программасы құрылады. Осы программа бойынша есептеу процесі 
командаларды тізбектей орындаумен жүзеге асырылады. 
Әр команда екі бөліктен тұрады: операциялық және мекендік. 
Операциялық бөлікте операция коды көрсетіледі, ол қандай да бір болмасын 
бір операцияның орындалуы бойынша ЕМ-ң әрекетін анықтайды. Мекендік 
бөлікте әрекеттің қандай сөзбен (операндамен) орындалып жатырғаны 
көрсетіледі. Бұл кезде мекендік бөлікте операцияда қолданылатын сөз және 
есептеу нәтижесі сақталған жады ұяшығының нөмірі (мекен) көрсетіледі. 
Алдымен, программаның бастапқы мекенімен берілген команда 
орындалады. Программадағы келесі команданың мекені тізбектей таңдалады 
немесе нақты логикалық шартпен анықталады. 
ЭЕМ-дегі барлық арифметикалық және логикалық операциялар арнайы 
сұлба – аппараттық жабдықтармен болмаса программалық тәсілдермен 
жүзеге асырылады. Аппараттық жабдықтармен жүзеге асырылатын 
операциялар 
жиыны 
командалар 
жүйесін 
құрайды. 
Операцияны 
программалық жүзеге асыруда күрделілері қарапайым операцияларға 
жіктеледі (командалар жүйесіне кіретін) де, бірнеше кезеңде аппараттық 
жабдықтармен жүзгеге асырылады. Программалық, сондай-ақ аппараттық 
тәсілдермен жүзеге асырылатын операциялар жиынтығы ЭЦЕМ-ң 


операциондық қорлары деп аталады. 
Негізгі әдебиеттер: 
1 [12-45]; 2 [15-38]; 
Қосымша әдебиеттер: 
1 [22-59]; 2 [10-56]; 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Есептеу техникасы қандай сұраққа әсер етеді? 
2.
Мемлекеттің стратегиялық мүмкіндіктері немен анықталады? 
3.
Мүмкіндіктері әртүрлі есептеу машиналарына түсінік беріңіз? 
4.
Есептеу техникасы деген не? 
5.
Есептеу жүйесі деген не? 
6.
Есептеу жүйесінің құрамына не кіреді? 
7.
Есептеу машиналарының жіктелуі. 
8.
Программалық басқару принципі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет