4. Статистикалық қателік. Статистикалық қателік болмауы үшін бас жиын зерттелуі керек (nірікт = Nбас), алайда практикада іріктеменің көлемі бас жиыннан аз болғандықтан (nірікт < Nбас) есептелінген көрсеткіштердің мәнінде әр кезде қателік пайда болады.
Белгінің көрсеткіштерін үлкен іріктемеде анықтау үшін қажет формулар:
2-мысал. Жоғарыдағы 100 саулық қойдың салмағының вариациялық қатары қарастырылды, оның көрсеткіштерін осы формулалар арқылы анықтайық. Формулаға қажет көмекші шамалардың (ΣfaΣfa2)мәндерін есептеу жолы 7-кестеде көрсетілген.
Қорытынды:Шаруашылықтағы өсірілетін қойлардың орташа салмағы 67,92 кг тең Арифметикалық ортаның қателігі () мәнсіз деп ойлауға болады. Генотиптің мүмкіндігі арқылы қойдың орта салмағын 8,20 кг (σ) арттыруға болады. Бұл қойдың күтімі барынша жақсы болып, селекция жұмысы өз деңгейінде жүргізілгенде мүмкін болады. Қой салмағының генетикалық өзгергіштігі орташa деңгейде (Сv=12,07%).
Іріктеменің сипаттамаларын анықтаудың ең тиімді жолы – компьютерлік бағдарламаларды пайдалану. Жаңа компьютерлердің Місrоsоft Ехеl бағдарламасы көмегімен көптеген биометриялык көрсеткіштерді тез арада, оңай, әрі дәл есептеуге болады. Компьютерлік бағдарламалар белгінің орта және өзгергіштік көрсеткіштерін есептеудің көбейту әдісіне негізделген, олар әрбір вариантаны есепке алады, сондықтан статистикалақ көрсеткіштерді дәл анықтайды.
Қажет биометриялық көрсеткішті есептеу үшін компьютердің Місrоsоft Ехеl бағдарламасыңдағы «Функцияны қосу»батырмасы ішіндегі «Статистика»-ныашады да, соның ішіндегі берілген тізімнен қажет параметрді – «Арифметикалық орта», «Мода», «Медиана» немесе «Стандарттық ауытқу»-ды іске қосады. Іске қосылған функцияның терезесіне іріктеме маліметтерін тінтіуір сілтемесі көмегімен белгілеп енгізеді, онан соң тінтіуір сол жақгағы батырмасымен «ОК»-дібасқаннан кейін экранда алдын ала белгіленген орында статистикалық көрсеткіштің мәні шығады.