Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері



бет32/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

Негізгі терминдер және ұғымдар: антиген, антизат, биохимиялық полиморфизм, IR-гендер, генетикалық ұқсастық коэффициентті, гуморальдық иммунитет, иммунитет, иммуногенетика, иммуногенетикалық полиморфизм, клеткалық иммунитет, көптік аллельзм, трансплантациялық антигендер, суперген, фенотоп.


Әдебиет



  1. Бакай А. В., др. Генетика. М.: КолосС, 2007, с. 328 – 377.

  2. Воронин Е. С., Петров А. М. Иммунология. М.: Колос-Пресс, 2002.

  3. Галактионов В. Г. Иммунология. М.: РИЦ-МДК, 2000.

  4. Иммунология / Под ред. Пола У. В 3-х томах. М.: Мир,1987.

  5. Кульберг А. Я. Молекулярная иммунология. М.: Высшая школа, 1985.

  6. Ларцева С. Х., Муксинов М. К. Практикум по генетике. М.: Агропромиз, 1984.


Дәріс №13. ӨЗГЕРМЕЛІ БЕЛГІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ
Дәріс жоспары:
1)Иммунитеттің генетикалық негіздері,организмнің иммундық жүйесі, (ерекше,ер-ше емес,тұқым қуалай-тын), түрлері(клеткалық, гуморалдық).
2)Ерекше емес қорғаныс факторлары,олардың генетикалық анықталуы.
3)Иммуноглобулиндердің құрылымы, гендері,синтезделуінің генетикалық негіздері. Антиген - антизат реакциясы.
1. Арифметикалық орта . Зерттелген белгінің орта мәнін сипаттайды.


2. Стандарттық ауытқу σ. Белгінің абсолюттік өзгергіштігін сипаттайды. Мысалы, үйірдегі жылқылардың орташа тірілей салмағы 384 кг ( ) болсын, ал абсолюттік өзгергіштігі 22,8 кг тең болса, бұл жылқылардың күтімі мен генотипіне сәйкес олардың орташа салмағы 22,8 кг өзгереді дегенді білдіреді: сонда жылқылардың орташа салмағы жақсы жағдайда 406,8 кг (384+22,8), ал нашар жағдайда – 361,2 кг (384–22,8) жақын болады.


3. Вариация коэффициенті Сv. Стандарттық ауытқу арқылы бір белгінің өзгергіштігін әр түрлі топтарда салыстыруға болады. Практикада әр түрлі белгілердің вариациялық дәрежесін салыстыру өте жиі кездеседі. Мұндай жағдайда вариацияның абсолютті емес, салыстырмалы көрсеткіші – Сv қолданылады. Әдетте, вариация коэффициенті 10 %-дан аспаса, белгі өзгергіштігі әлсіз деп саналады, ал Cv мәні 11 – 25 % болса – орташа және 25 %-тен асса – жоғары болып саналады.
Мысал. Табындағы сиырлардың сүт мөлшерінің, оның майлылығының және тірі массасының өзгергіштік дәрежесін мына мәліметтер арқылы салыстыру керек:


Сауылған сүт, кг = 4515; 1 = ±398. Сүт майлылығы, % = 3,70; 2 = ±0,18.
Тірі масса, кг = 480; 3 = ±64.


Берілген әр түрлі белгілердің өзгергіштіктерін өзара салыстырудың өзіндік қиындықтары және олардың өлшеу бірлігінде де айырмашылық бар, сондықтан вариация коэффициентін есептеу қажет:


Сv1 = 398·100/4515 = 8,81 %; Сv2 = 0,18·100/3,70 = 4,86 %; Сv3 = 64·100/480 = 13,33 %.


Шығарылған вариация коэффициенттерінің мәндерін салыстыру сиырлардың тірі массасының өзгергіштігі қалған екі белгінің өзгергіштігінен жоғары екенін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет