Дәріс-1 Қолданбалы психология негізі. Практик психологтың кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру Жоспар



бет2/4
Дата12.05.2023
өлшемі25,91 Kb.
#92004
1   2   3   4
Байланысты:
1 Дәріс

Қолданбалы психология салалары:

  • Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт- бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады. Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблема- ларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады.

  • Инженерлік психология – адам және осы заманғы техника арасындағы өзара ықпалдасты қатынастар үдерісінің заңдылықтарын зерттеп, оларды жобалау тәжірибесінде, автоматтасқан жаңа басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда қолдану жолдарын қарастырады.

  • Авиация және ғарыштық психология - ұшқыш, ғарышкер іс- әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды. Медициналық психология – дәрігер қызметінің психологиялық ерек- шеліктерін және сырқат адамның әрекет – қылығына тән психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін орайластырады.

  • Заңгерлік психология – қылмыс үдерісіне қатысқандардың мі- нез-құлығындағы психологиялық заңдылықтарды ашып, қылмыскер тұлғасының қалыптасуы мен оның бойына біткен мінез-құлығының психологиялық проблемаларымен айналысады (куәгер психологиясы, сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.).

  • Әскери психология - соғыс әрекеттері жағдайындағы сарбаздар мінез- құлығының психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.



Психологтың кәсіби іс-әрекетінің барысындағы міндеттері:

  1. Білім беру саласындағы Республика заңдарына сай қызмет ету;

  2. Шешім қабылдау, мәселелерді қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау;

  3. Өзінін кәсіби білімін үнемі артықтырып отыру;

  4. Нақты кәсіптік білім жоқ адамдардын диагностикалық, коррекциялық зерттеулер жургізуіне тыйым салу;

  5. Барлық мәселелерді шешуде балалардың психикалық дамуын ескеру;

  6. Атқарылатын жүмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нұсқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде, оларды нақты орындау;

  7. Баланың психикалық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажетті көмектер көрсету;

  8. Кәсіптік құпияны жарияламау;

  9. Барлық психологиялық зерттеу нәтежелерін жазып, арнай құжаттарға тіркеп отыру;

  10. Психологиялық көмекті қажет ететідерге дер кезіде көмек көрсету;

  11. Қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет