Дәріс №1. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде Жоспар
Дәріс №1. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде Жоспар:
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Педагогиканың обьектісі, пәні мен міндеттері және қызметтері
Педагогиканың негізгі категориялары
Педагогика ғылымының жүйесі
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дуние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.
Педагогика атауының түп-төркіні гректің «пайдос» — бала және «аго» — жетектеу деген сөздерден алынған. «Пайдагогос» сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді. Педагогика атауының түп-төркіні гректің «пайдос» — бала және «аго» — жетектеу деген сөздерден алынған. «Пайдагогос» сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді. Педагогика — қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |