Дәріс №1. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде Жоспар

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

бет10/11
Дата08.08.2023
өлшемі76 Kb.
#105105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Философия – бұл адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсінуге, білушілікке тәрбиелейді. Философия табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Ал педагогика тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, тәрбиенің дамуын қоғамның дамуымен тығыз байланыстырады. Философияның бөлімдері – эстетика мен этика – педагогикадағы адамгершілік, эстетикалық тәрбиелердің мақсатын жүзеге асыруда басшылыққа алынады.

Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Егер психология жеке адамның дербес ерекшеліктерін (түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, т.б.) зерттесе, педагогика ғылымы осы зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. Педагогика да , психология да адамды зерттейді. Психология адамның мінез-құлқын зерттесе, педагогика сол мінез-құлықты қалай тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғарғы нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Балалар организміндегі жоғары нерв жүйесінің қызметі, тыныс алу, қан, жүрек-тамыр жүйелерінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалім білуі керек. Бұл оған педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастырып, басқаруға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет