Дәріс №1. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде Жоспар


Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негiзiн қалаушы (1841-1889)



бет5/11
Дата08.08.2023
өлшемі76 Kb.
#105105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Педагогика

Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негiзiн қалаушы (1841-1889)

Қазақ педагогикасының негiзiн салушы, педагог - ағартушы, ақын жəне прозаик, публицист

балалар жазушысы, орыс графикасы негiзiнде қазақ алфавитiнiң негiзiн қалаушы.

Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы (1845-1904)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы —ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялықтрактаттар стилінде жазылған «Қара сөздер» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Ахмет Байтұрсынұлы(1872-1937)

А.Байтұрсынов «Қазақ» газеті беттерінде оқу-ағарту мәселелеріне арналып жазылған «Қазақша оқу жайында», «Бастауыш мектеп», «Оқу жайы», «Мектеп керектері», «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек?», т.б. мақалаларында ұлттық идея туралы көзқарастарын кеңінен насихаттады.

Мағжан Жұмабаев(1893-1938)

Мағжан Жұмабаевтың (1893 - 1938) педагогикалық ой-пікірлері оның «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы», «Сауатты бол» атты еңбектері мен поэтикалық шығармаларында баяндалған.

Халел Досмұхамедов (1883 - 1937)

Х.Досмұхамедов қазақ оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазған. Олар 1927 жылы «Адамның тән тірлігі», 1926 жылы «Жануарлар», «Сүйектілер туралы», 1932 жылы «Табиғаттану», 1925 жылы «Оқушылардың денсаулығын қорғау», «Тән жүйесін тану», 1926 жылы «Жануартану» атты оқу құралдары кезінде қазақ мұғалімдері мен оқушылары үшін теңдесі жоқ еңбектер болды.

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931)

Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық ой-пікірлері, оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған мұғалімдерді дайындау жөніндегі ой-пікірлері 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогтік оқу орындары тыңдаушыларына арнап жазған «Тәрбиеге жетекші», 1926 жылы «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», 1929 жылы «Жаңа ауыл» атты еңбектерінде жан-жақты көрініс береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет