Анализдік химияның қысқаша даму тарихы. Өте ерте замандарда заттардың исіне, түсіне, қатты жұмсақтығына қарап қарапайым анализдер, болжаулар белгілі болған, мысалы, кейбір қоспаларды бір-бірінен ажырату, сүзу, айдау және т.б. ІХ – Х ғасырларда металдарды алу, құймалар алу, шыны балқыту, өсімдіктерден дәрі-дәрмек алу, бояғыш заттар және т.б. алу. Ал ежелгі Мысырда қымбат металдарды кендерден ажыратып алуда пробилі анализ әдісі қолданылғаны мәлім.
«Химиялық анализ» ұғымын алғаш рет XVII ғасырдың бірінші жартысында ағылшын ғалымы Бойль енгізген. Ол сонымен қатар тұз және күкірт қышқылдарын кальций және күміс тұздарына әсер ету арқылы анықтауды, табиғи бояғыш заттарды индикатор ретінде қолдануды ұсынды.
1801 ж. Академик В. М. Севергин жазған оқулық түрлі кен орындарынан алынған қоспалар құрамын анықтау, металдарды бөліп алу, 1796 ж. «Минералды суларды бақылау», 1800 ж. «Дәрі-дәрмектердің химиялық тазалығын қадағалау» сияқты еңбектері, химиялық анализдің дамуына алғашқы еңбектер қатарына жатқызуға болады.
Анализдік химияның нағыз даму кезеңі М. В. Ломоносов, Т. Е. Ловиц микрокристаллоскопиялық анализдің алғашқы бастамасы болып саналатын, заттың кристалдарының формасының химиялық құрамына байланыстығынан басталады.
Т. Е. Ловиц ерітінділер құрамынан ағаш көмірінің сіңіргіш қасиетін, кальцийді жалын түсінің қызыл түске бояуынан және т.б. анализдік пікірлер ұсынған.
1755 ж. М. В. Ломоносов тарапынан бірінші Ресей университетін ашу ұсынылған, Мәскеу университетінде анализдік химия бөлімінің ашылуы Ресейде содан соң Кеңес үкіметі елдерінде және еліміз Қазақстанда дамуына үлкен үлес қосты.
Француз ғалымы А. Лавуазье 1743-1794 ж. Күрделі бейорганикалық қосылыстарды зерттеудің нәтижесінде жанудың оттектік теориясын, бірінші рет су мен ауаның сандық анализін жасап олардың құрамдарын анықтады.
XVIII – XIX ғасырларда швед ғалымдары Бергман (1735-1784 ж.), Берцелиус (1779-1848 ж.) және неміс ғалымы Фрезениус (1818-1897 ж.) бейорганикалық заттардың анализдеу әдістерін жетілдіруде үлкен үлес қосты.
Неміс ғалымы Р. Бунзен (1811-1887 ж.) газдар анализін, Г. Кирхгофпен (1824-1887 ж.) бірге сапалық спектралды анализді ашқан.
Д. И. Менделеевтің (1834-1907 ж.) 1869 жылы периодтық заңның ашылуы аналитикалық химияның дамуына ерекше әсер етті.
Орыс ғалымы Н. А. Меншуткиннің (1847-1907 ж) элементтердің анализдік қасиеттерінің олардың периодтық жүйедегі орынына байланыстылығын алғаш рет дәлелдеген, 1871 ж. сапалық және сандық анализдеу оқулықтарының жарық көруіне де себеп болған Н. А. Меншуткин.
Кеңес үкіметі дәуіріндегі ғалымдардың Л. А. Чугаев (1873-1922 ж.) М. А. Ильинский (1856-1959 ж.) И. П. Алимарин, Н. С. Полуэктов және т.б. еңбектерінің анализдік химияның кең салаларға қызмет етуіндегі үлесі зор.
Анализдік химия кең салаларға таралғанмен төмендегідей төрт топқа жинақтауға болады:
Химиялық реактивтердің ассортиментін арттыру, химиялық жолмен жүргізілетін, анализдеу әдістері мен химиялық реакциялардың санын арттыру. Мысалы, жаңа комплексті қосылыстар алу және оларды қолдану.
Атом энергетикасы мен радиоэлектроника және лазерлік техника салаларында қолданылатын заттардың жоғары дәрежелі тазалығын бақылай білетін әдістерді іздестіру.
Қазіргі заман талаптарына сай физикалық және физика – химиялық әдістерді жетілдіру және автоматтандыру.
Жаңа әлдеқайда эффективті материалдар алу үшін, шикі затты химиялық қайта өңдеу анализін дамыту.