Дәріс №1. Тақырыбы: Аналитикалық химия пәні, дамуы және оның басқа ғылымдармен байланысы. Сапалық анализдің теориялық негіздері



бет4/5
Дата05.10.2022
өлшемі22,74 Kb.
#41484
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лекция каз ан

Пирохимиялық әдіс – зерттелетін заттың кристалдарын немесе ерітіндісіне малынған платина немесе нихром сымының жалында қыздырғанда (100ºС – тан жоғары) қосылыстардың ыдырауы, балқуы, айдалуы немесе булануы нәтижесінде жалын түсінің өзгеруіне негізделген.
Платина сымының ілмегінде кейбір металдардың тұздарын немесе оксидтерін фосфаттармен немесе бурамен жалында балқытып суытқан соң өздеріне тән түсті шынылар алынады.
Бұл реакцияларды жай элементтерді алдын ала әр қайсысынан өзіне тән түсіне қарай анықтау да жиі қолданады.
Флуоресценттік әдіс – анализденетін затқа ультракүлгін сәлені түсірудің нәтижесінде, кейбір қосылыстардың өздеріне тән жарқырауына негізделген. Бұл жарқырау сипатына қарай фосфореценция – жарық түсіріп болған соң, қысқа немесе ұзақ уақыт жарқырауын тоқтатпауы, және флуоресценция – жарық түсіруді тоқтатқан соң заттың жарқырауының бірден тоқтайтындар болып екіге бөлінеді.
Бұл реакциялар өздерінің жоғарғы сезгіштігімен ерекшеленеді.
Катализдік немесе кинетикалық әдіс. Катализатордың әсерінен реакцияның жылдамдығының артуына зерттеуге негізделген.
Кейбір элементтерді, мысалы, үшінші топ элементтерін анықтауда қолданылатын өте аз мөлшерде алынғанның өзінде 0,005 мкг-ға дейін анықтауға мүмкіндік береді.
Анализдің жүйелік және даралап анықтау әдісі. Зерттелетін ерітіндіде бір емес бірнеше катион бірден болуы мүмкін. Оның үстіне көпшілігі бір-біріне ұқсас реакцияларға түсіп, анықтауға кедергі келтіреді. Мысалы, натрийдің гидротартраты мен калий иондары ғана емес аммоний иондары да әрекеттеседі. Сондықтан, анықтамас бұрын бұл иондардың бар-жоғын алдын ала білу керек. Өйткені, өз бетінше ретсіз кез келген ионды анықтау дұрыс болмайды. Олар белгілі бір жүйемен біріктіріп, кедергі келтіретін болса оны бөліп тастап, содан соң иондарды анықтау басталады.
Осы шарттарға жауап беретін реакциялар жүргізу ретін катиондарды бір-бірлеп емес, топтар бойынша жіктеп анықтауды жүйелік анықтау дейді.
Дегенмен, топтық реагентті қолдануға көбінесе уақытты және көп жұмыс жасауды (тұндыру,сүзу,жуу және т.б.) талап етеді. Сондықтан, қазір көбінесе даралап анықтау әдісі ыңғайлы болып табылады, бұл әдіспен анықтауға қажетті ионның реакциясын басқа иондар қатысында жүргізу. Реакцияны даралап жүргізу үшін спецификалық (ерекше) немесе таңдамалы (селлективті) әсер ететін реактивтер қолдану керек. Сондықтан, даралап анықтау әдісі екі бөліп істеледі: бірінші анықталатын ионды анықтайды немесе анықтауға кедергі келтіретін иондар бүркемеленіп бөлініп алынған соң, әдейі реактивпен бар деген көзге байқалатындай ықтимал мөлшердегі (өте көп, көп, аз, ізі ғана деген сияқты) ионды анықтайды.
Бөлшектеп анықтау әдісін А. Тананаев ашқан. Бұл әдіс жүйелік анализбен салыстырғанда өзінің жылдамдығымен, басқа иондарды бөліп жатпай әсіресе иондар саны көп емес және белгілі ерітінділерде жүргізуге ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет