Дәріс №1. Тақырыбы: Азық түлік өнімдерінің сапасы Дәріс сабақтың мазмұны



бет9/15
Дата29.04.2022
өлшемі35,94 Kb.
#32757
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Полисахаридтер – (крахмал, гликоген, инулин, клетчатка және т.б) тәтті емес, сондықтан қант емес көмірсулар деп аталады. Полисахаридтер – суды өзіне қосып моносахаридтер молекулаларына ыдырайтын көмірсулар. Аз молекулалы полисахаридтер кристалданады, суда жақсы ериді, тәтті дәмі бар.

Крахмал - өзіне тән форма мен өлшемді дән түрінде өсімдіктердің түйіндерінде, тамырында, сабағында, тұқымында жиналады. Дәнді дақылдар, картоп, ұн, нан крахмалға бай. Крахмал суда ерімейді, ал ыстық суда ісініп, кейстер түзеді. Ферменттер, қышқылдар әсерінен крахмал глюкозаға дейін ыдырайды да, адам организміне жеңіл сіңеді.

Гликоген – (жануар крахмалы) организмде резервті тағамдық зат ролін атқарады, глюкозадан түзіледі. Бауырда, етте, балықта болады. Гликоген малды сойғаннан кейін еттің жетілуі кезінде ферментативті процестерге қатысады.

Инулин - өсімдіктерде крахмалға қарағанда аз кездеседі. Ол цикорий тамырында, топинамбкр түйірінде және т.б болады.

Клетчатка – (целлюлоза) клетка қабырғаларының негізін құрай отырып, өсімдіктердің беттік ткандерінің құрамына кіреді. Оны глюкозаға дейін ыдырататын фермент болмағандықтан, адам организміне сіңбейді, бірақ ол ішектің перестальтику, асқазан сөлінің секрециясын жоғарылатады да, тамақтың қозғалысына әсер етеді.өнімде клетчатка көп болса, оның тамақтың қозғалысына әсер етеді. өнімде клетчатка көп болса, оның тағамдық құндылығы мен сіңімділігі төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет