4. Ботаниканың негiзгi бөлiмдерi
Биология ғылымы молекулалық, клеткалық, ұлпалық, мүшелік, организм, популяциялық, түр, биосфера деңгейлерi арқылы танылады. Негiзiнде, бұл деңгейлер организмдердің эволюциялық жүйесін, олардың тарихи дамуы мен қарапайымнан күрделіге қарай бағытталады. Оларды әртүрлі деңгейде – клеткалық, ұлпалық, мүшелік, сосын тұтас организм ретінде зерттейді.
Әр деңгейдегі өсiмдiктердi зерттеуге байланысты ботаниканың әр түрлi бөлімдері пайда болды. Олардың өз зерттеу әдісі бар. Ботаниканың негізі бөлімдері:
Өсiмдiктер морфологиясы өсiмдiктердiң сыртқы құрылысын, жеке мүшелерін, олардың қоршаған ортаға байланысты өзгерісін зерттейді;
Өсімдіктердің анатомиясы өсiмдiктердiң iшкi құрылысын оптикалық құралдарды қолданып зерттейдi;
Цитология өсімдік жасушасының құрылысы мен функциясын зерттейді;
Гистология ұлпалардың орналасуын, функционалдық ерекшелiктерін зерттейдi;
Физиология өсiмдiкке тән тiршiлiк процесстерiн (зат алмасу, өсу, даму және т.б.) зерттейдi.
Систематика мақсаттары:
• қазіргі барлық түрлердi сипаттау;
• iрiлеу таксондар бойынша оларды классификациялау;
• өсiмдiктер дүниесiнiң эволюциялық даму жолын қалпына келтiру.
Палеоботаника тау жыныстарыннан кейін таңба түрінде қатып қалған бiзге дейiн құрып бiткен өсісмдіктер түрлерін зерттейдi және өсiмдiк патшалығының даму кезеңдерiн қалпына келтiруге көмектеседi.
Фитоценология (фитоценоздар) өсiмдiк бiрлестiктерін және олардың компоненттерiнiң арасындағы өзара әрекеттерді зерттейдi.
Өсiмдiктер географиясы ауа райы, топырақ және геологиялық тарихқа байланысты жер бетінде өсiмдiктер мен фитоценоз түрлерiнiң таралуын зерттейді.
Экология қоршаған ортаға байланысты өсімдіктердің бір-біріне әсерін зерттейді.
Бұл Ботаниканың барлық бөлiмдерi емес. Соңғы жылдарда екi ғылымның мысалы, биохимиялық жүйелеудiң, экология-анатомияның бірігуінен жаңа бөлімдері пайда болды.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
Өсiмдiктердiң жануарлардан айырмашылығын атаңдар.
Органикалық жүйедегі өсімдіктердің орны.
Табиғаттағы және адам өмірінде өсімдіктердің маңызы.
Ботаниканың негiзгi бөлiмдерiн атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |