2. Органикалық әлем жүйелеріндегі өсімдіктердің орны.
Қазіргі кезде тiрi табиғат жүйелерiнiң көп мөлшері белгілі. Солардың бірі (Тахтаджян, 1973). 1-сурет.
Т ірі ағзалар вирустар
Procaryota Eucaryota
B acteria Cyanobacteria Animalia Plantae(Vegetabilia) Fungi
Rhodobionta Phycobionta Embryobionta
(Багрянки) (нағыз балдырлар) (Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер)
1-сурет. Тірі табиғат жүйесі (А.Л.Тахтаджян бойынша).
Өсiмдiктер патшалығы осы классификацияларға сәйкес эукариоттық организмдерге және үш патшалыққа асына бөлінеді: қызыл балдырлар, нағыз балдырлар және жоғарғы сатыдағы өсiмдiктер. Жоғарғы сатыдағы өсiмдiктерге жер бетiндегi мүктер, плаундар, қырықбуындар, қырықжапырақтектестер, жалаңаш тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер жатады.
3. Өсiмдiктердiң маңызы
Жасыл өсiмдiктердiң табиғатындағы рөлін былай сипаттауға болады:
1) Организмдердің тыныс алуына қажеттi атмосфераны оттегімен қамтамасыз етедi;
2) Фотосинтез процессi кезінде, күн энергиясын қолданып су мен бейорганикалық заттардан органикалық байланыстарды түеді. Олар өсімдіктердің өздеріне және жануарларға азық болады;
3) Күн энергиясы арқасында жасыл өсімдіктер жер бетіндегі тіршілікке қажет органикалық заттарды түзеді;
4) Өсiмдiктер биосферадағы зат айналымын және энергияның табиғаттағы тепе-теңдiгiн сақтайды;
Адамның өмiрiндегi өсiмдiктердiң рөлi ерекше. Өсiмдiктердiң арасында ең алдымен азық-түлiк тағайындауда пайдаланатын дәндi дақылдар: бидай, күрiш, жүгерi. Сонымен қатар көкөнiстер: жемiс, тамыр, жидек, қант, май алатын өсімдіктер өнімдері, жаңғақ өсімдіктері кең қолданылады. Орманнан алынатын шикiзаттың барлық түрлерiн адамдар үздіксіз қолдануда. Ағаштар - құрылыс материалы және қағаз, шайырлар және скипидар, спирт, жасанды жiбек және сүрiктер, сонымен бiрге белок және қант, дәрi-дәрмектер және витамин шикiзаттарын бередi. Ерекше топты өнеркәсiптiк өңдеуге арналған өсiмдiктер: тін талшық, каучук. Қазiргi кезде медицина өсімдіктерден алынған жаңа дәрi препараттармен толтырылды. Жасыл желектердің сауықтыру және эстетикалық маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |