Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы



бет10/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасымен танысыңыз:
- Оқу бағдарламасының құрылымы қандай?
- Бағдарлама бойынша әр сынып оқушысының дайындық деңгейіне қандай талаптар қойылады?
2. Оқу бағдарламасы және оқу жоспарлары дегеніміз не? Әрқайсысын жіктеп түсіндіріңіз.
3. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсат-міндеттері.
4. Коммуникативті оқыту ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту. Мысалмен дәлелдеңіз.
Модуль 3
Оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру әдістемесі


Дәріс 4-5: Оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру әдістемесі.
Жоспар: (әдістемелік):
1. Оқудың түрлері.
2. Оқу сапалары: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.
3. Оқу сабақтарында оқушылардың білік, дағдыларын есепке алу.
4. Бастауыш сынып оқушыларының жіберетін қателерінің түрлері және мұғалімнің ескермейтін жайлары.


Мақсаты: Әдебиеттік оқу әдістемесіндегі оқудың түрлері және оқу сапалары туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу дағдылары мен оқу сабақтарында жіберетін қателерімен таныстыру, теориялық білімін жетілдіру.


1. Оқудың түрлері.
Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет