Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы


Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы



бет18/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
әдебиет дәрістер

Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға, адами ізгі, эстетикалық тәрбие беруге, әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады. Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу» оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
Мәтінмен жұмыста мұғалім ескеретін жайлар:
* Сұрақ қоюға ыңғайлы мәтіндерді таңдап алу.
Жақсы жазылған мәтіндер өте көп, бірақ олардың бәрі бірдей сұрақ қоюға мүмкіндік жасай бермейді. Сондықтан оқушыларды ойландыратын, түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады.
* Жылдам қорытынды жасауға мәжбүр етпеу.
Пікірталасты бірден өзіңіз бастамай, оқушылардың белгілі бір көзқарастарының қалыптасуына сенім артып, олардың ойларын, пікірлерін, сіз күтпеген ақылды ойларын тыңдаған дұрыс. Олай болуы әбден мүмкін.
* Өзіңнің жеке ойыңды айтпау.
Егер біз «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сияқты пікірталастарға өз ойымызды қосатын болсақ, онда сұрақтың мәні жоғалады.
* Талқылауды мәтінге жақын ұстау.
Егер сұрақ нақты болмаса, мәтінге қатыссыз, байланыссыз болса, онда оқушылар мәтіннің тақырыбынан тез ауытқып кетеді (мәтіннен басқаға көңіл бөлмеу).

Мәтін тек сөзбен ғана емес, сонымен қатар кесте, диаграмма, сурет сияқты визуалды бейнелерден тұруы мүмкін. Осыған байланысты мәтіндерді екі түрге бөліп қарастыруға болады: тұтас мәтіндер және жадағай (тұтас емес) мәтіндер.


Тұтас мәтін түрлері:

  • сипаттау (көркем және техникалық);

  • мазмұндау (әңгіме, есеп, репортаж);

  • түсіндіру (интерпретация);

  • дәлелдеу (ғылыми түсініктеме, негіздеме);

  • нұсқау беру (ережелер, жұмысты орындауға қатысты нұсқаулар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет