Бағдарлама атауы (автор): Нартай Аралбай Мәтін атауы (Бағдарлама тақырыбы): Мен-Конфуциймін! Ломоносовпын! Оқылым жағынан Абайды оздым! Астананың туған күні! Мәтін көлемі (мин/байт): 1:13:24 Дереккөзі (сілтемесі):https://youtu.be/div5TSZ7zWQ МӘТІН КӨЛЕМІ : 6879
МӘТІН
1- Жүргізуші: Ассалаумағалейкум!
1-Ер адам: УағалейкумАссалам Нартай қалай жағдайың?
1- Жүргізуші: Жақсы өзің қалайсың? Мен 2008-2009 да көрген Балтабек емес өзгеріп кетіпсің кәзір түрің.
1 Ер адам: Аа рахмет мереке құтты болсын.
1- Жүргізуші: Рахмет. Ендеше бастайық.
1-Ер адам: Аха 1- Жүргізуші: Құрметті көрермен, ардақты ағайын бізбен бүгін эфирде онлайн студиямыздың қонағы Балтабек Нұрғалиев ақын, халық аралық Шабыт шығармашық жастар фестиваль грант при иегері, драма бойынша магистр, магистрант дәрежесін алған азамат. Дұрыс қой? 1-Ер адам: Өнертану иә
1- Жүргізуші: Өнертанушы және иә. Балтабек бүгінгі мереке, бүгінгі жазбаларыңды көрдім кеше түнде салғаныңды көрдім. Сен үшін меніңше бір өте ерекше, қалай айтсам болады бір, өте ерекше қабылданатын сенің өміріңе 365 күннің ішінде ерекше бір бағаланатын мереке сияқты дұрыс па? 1-Ер адам: Дұрыс айтасыз өте қадірлі, қасиетті, киелі мереке мен үшін 6-шы шілде қуанышым қойныма сыймай өте сондай шат-шадыман болатын мерекемнің бірі осы мереке. Қазақстандықтардың баршасын құттықтаймын, жалғыз мен емес, бүкіл қазақстандықтар қуанышты деп есептеймін.
1- Жүргізуші: Жақсы. Елордамыздың туған күні. 1-Ер адам: Иә
1- Жүргізуші: Елбасымыздың туған күні 1-Ер адам: Мхм 1- Жүргізуші: Екеуін бір- бірінен айырып қарауға болама жоқпа? 1-Ер адам: Негізі енді қалай айтсам екен? Бұл Елорда Елбасының өзінің қолымен жасаған фантазиясының жемісі яғни арманының, мақсатының жемісі сол елбасымыздың бастамасымен қолға алған елордамыз. Іргесі қаланып қазір мына Евразияның жүрегіне айналып, керемет сондай әлемдік стандарттағы осы бір әлеммен терезесі тең астаналардың бірі деп есептеймін. Бұны бөліп жаруға болмайды. Себебі: Елордамыз Астанымыз ол Елбасымыздың перзенті сияқты яғни біз ақындар өлең жазғанда әр өлеңіміз өзіміздің перзентімізге балаймыз, бұлда сол авторы Астананың авторы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бұл елбасымыз қазақтардың, қазақстандықтардың оның ішінде нақты айтатын болсақ өзіміздің ұлтымыздың қазақтардың мүддесін мұратын жүзеге асырып, арманын жүзеге асырып, Елорданы арқаның төрінде тұрғызды. Бұл Елорданы арқаның төріне тұрғызу үлкен саяси да салмағы бар және мынау біздің ұлт ретінде ұйысуымыз үшін және мынау мемлекеттің ірге тасының нық берік болуы үшін бірден-бір жасалған ұтымды жеңісті жемісті қадам деп есептеймін. Бұл киелі қадам сондықтан ешқандай бөліп қарауға болмайды. Негізі мен шынымды айтатын болсам Елорданың есімін елбасының есімімен атау керек деген ұсынысты халықтың ішінен, осы қарапайым ақын деген қауымның ішінен жазушылар болсын ақын болсын әдебиет қалай айтсам екен қаламгерлер қауымынан ең бірінші болып мен ұсындым содан кейін барып менің ұсынысымды