Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата07.01.2022
өлшемі392,46 Kb.
#19457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сезім мүшелері. Мейілінше қарапайым. Жарық тітіргендіргішті жарық 

сезгіш  -  Гессе  көзшелері  қабылдайды.  Ол  нерв  түтіктерінің  ішінде 

орналасқан. Иіс шұңқырлары арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата 

алады. Сонымен бірге денесінің сыртқы қабаты эпидермисте бытырап жатқан 

сезгіш клеткалары болады. 

Ас  қорыту  жүйесі.  Бірнеше  бөлімдері  бар  хорданың  астында 

орналасқан.  Ауыз  алдындағы  қармалағыш  түтіктерінің  түп  жағында  ауыз 

орналасқан.  Ауыз  қуысы  екі  бүйірінде  жүздеген  желбезек  саңылаулары  бар 

көлемді  де,  ұзын  жұтқыншақпен  жалғасады.  Жұтқыншақ  сыртқы  ортаға 

ашылмай  желбезек  айналасындағы  қуысқа  ашылады.  Жұтқыншақ  түбінде 

безді және кірпікшелі клеткалармен қапталған өзекше-эндостиль болады. Су 

ағынымен  ілесіп  келген  қоректік  заттардың  ұсақ  бөлшектері  эндостильдің 

түбіне жиналып, эпителий кірпікшелерінің қозғалуының арқасында шырынға 

оралған  қоректік  заттар  ішекке  түседі  де  сол  жерде  қорытылады.  Денесінің 

артқы  жағында  аналь  тесігі  орналасқан,  сол  арқылы  қорытылмаған  зат 

сыртқа  шығады.  Бассүйексіздердің  ас  қорыту  мүшелерінің  белгілі  дәрежеде 

болғанымен,  іштегі  жіктелмеген  ұзыннан  созылып  жатқан  түтіктен  тұрады,  

ал тамақтың ішке түсуі өте қарапайым тәсілмен түседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет