Дәріс №1 Тақырып: Экономикалық және әлеуметтік география пәнінің зерттеу тақырыбы, мақсаты мен мазмұны. Мақсаты


Экономикалық және әлеуметтік география пәнінінің басқа ғылымдармен байланысы



бет2/3
Дата01.02.2023
өлшемі20,59 Kb.
#64266
1   2   3
Экономикалық және әлеуметтік география пәнінінің басқа ғылымдармен байланысы.

Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы – әлемнің әр түрлі аймақтарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым.
Эконом-географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасы жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу араларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.
Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді Жалпы экономикалық және әлеуметтік география – оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қызмет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.
Аймактық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері – облыстар мен экономикалық аудандар жатады.
Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.
Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.
Бұл ғылымның дамуымен қалыптасуымен көптеген зерттеушілердің есімдері тығыз байланысты.
Сұрақтар:

  1. География ғылымының даму процесінде пайда болған ғылыми бағыттар?

  2. Қоғамдық географияның ғылым жүйесінің құрылымы?

  3. Қосымша географиялық ғылым жүйесіне кіретін пәндер?

1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет