Мицелийі жақсы жетілген. Тұқымдастың негізгі белгісі, қысқа спора сағағында экзоспораның пайда болуы. Mucromonospora туысының т‰рлерінде спора сағағының ұшында бір ғана спора т‰зіледі, Microbispora т‰рлерінде – екіден спора т‰зіледі, ал Micropolyspora туысының т‰рлерінде – көптен спора т‰зіледі. Actinobifida туысының өкілдерінде спора сағағы қарапайым емес, дихотомиялы бұтақтанған болады. Әрбір бұтақтың ұшында бір-бірден спора т‰зіледі. Promicromonospora туысының т‰рлерінің қартайған культурасында мицелилері бөлініп кетеді. Осындай мицелилердің қысқа фрагменттерінде бір-бірден спора т‰зіледі.
Streptosporangiaceae тұқымдасы.
Бұған спорангилер т‰зетін т‰рлер жатады, оның ішінде споралар жетіледі. Streptosporangium туысының т‰рлерінің спорангилары спирал тәрізді шиыршықтылып бұралған жіпшелерден тұрады. Actinosporangium т‰рлерінің нағыз спорангиясы жоқ, оның қызметін шырыштың (слизи) жиынтығы атқарады, онда споралар жетіледі. Intrasporangium туысының т‰рлерінің спорангиялары вегетативтік гифаларының ісінуінен пайда болады. Мұндай ісінген қуыстың ішінде эндоспоралар жетіледі. Спора т‰зудің мұндай жолы мукор саңырауқұлақтарының спора т‰зу процесіне ұқсас. Elytrosporangium туысының өкілдерінің спорангилары моншақ секілді тізбектеліп орналасады, ал Amorphosporangium-ның т‰рлерінің спорангияларының белгілі бір формасы болмайды.
2. Actinoplanales қатары.
Бұл қатарға қозғалғыш сатысы бар актиномицеттер жатады: споралары немесе мицелилерінің фрагменті. Мицелилері жақсы жетілген, олардың
ауаға көтеріліп тұрғанда және субстратқа еніп жататында бөліктері болады. Споралары көп жағдайда жемісті дененің ішінде, спорангияларда пайда болады. Оның сыртын қабықша қаптап жатады. Жіпшелердің фрагменттері мицелилердің бөлінуінен пайда болады және олар жемісті денелермен байланысты емес.
Actinoplanaceae тұқымдасы.
Мицелиі жақсы жетілген. Спорангиялары гифаның ауаға көтеріліп тұрған бөлігінен дамиды. Споралары қозғалғыш, талшықтары көп жағдайда лофотрихалды (полярные политрихальное). Бұл тұқымдасқа Actinoplanes туысы (құрылысында тұқымдасқа тән белгілердің бәрі бар), сонымен бірге Ampullariella (спорангиясының формасы груша немесе колба тәрізді), Pilimellia (спорангий басқа формалы) және т.б.. Kitasatau туысының т‰рлерінде нағыз жетілген срорангия жоқ, олардың қызметін споралардың сыртында пайда болатын шырышты капсула атқарады.