Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Spirochaetaceae тұқымдасы



бет14/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   215
Spirochaetaceae тұқымдасы. Бұған спирохеттердің ең ‰лкен формалары жатқызылады, 30 мкм және одан ‰лкендері (туыстары Cristispiza, Spirochaeta, Saprospita).
  • Treponemataceae тұқымдасы.


    Бұл тұқымдасқа спирохеттің өте ұсақ ұзындығы 4-16 мкм-ден аспайтын
    (туыстар Treponema, Leptospira, Barrellia) формалары жатады.
    Спирохеталар табиғатта кең таралған. Олар тұзды және тұщы суларда жиі кездеседі. Олар батпақты жерлерде де, әрт‰рлі сулардың жағалауында, адамның және жануарлардың ауыз қуыстарында т.б. кездеседі. Олардың ішінде аэробты және анаэробты организмдер, сапрофитті және облигатты паразиттер болады. Паразиттерден адамдар мен малдарда сары ауруды туғызатын Leptospira canicoba (инфекция желтухы), Barrelia recurrens – возрастной тиф, бледная спирохета - Treponema pallida – сифилис. Спирохеталардың кейбіреулері адам мен жануарлардың денесінде сапрофит ретінде де кездеседі.

    4. Класс Микоплазмалар – Mollicutes


    Бұл класқа шығу тегі мен системетикалық жағдайы әлі к‰нге дейін белгісіз прокариоттардың группасы жатады. Олардың клеткасы өте ұсақ, қабырғалары жоқ, пластинкалыжәне полиморфты болып келеді. Клетка қабығының қызметін цитоплазмалық мембраналары атқарады. Микоплазмалардың цитоплазмасы болады, онда нуклеин қышқылдарының екі типінде – ДНҚ және РНҚ кездеседі. ГЦ – пар мөлщері төмен және 25- 34 % құрайды. Клеткасының бөлінуі арқылы көбейеді. Микоплазмалардың клеткасының қабығы болмағандықтан пеницилин және басқа да антибиотиктердің әсерін сезбейді. Сондықтанда бұлардың қабырғаларындағы синтездер тез бұзылып отырады.

    1. Микоплазмалардың клеткалары дұрыс формада қалыптаспаған және өзгеогіш келеді, олардың мөлшері 0,1 ден 0,9 мкм дейін барады. Олар ұзын тарамдалған немесе тарамдалмаған саңырауқұлақтардың немесе актиномицеттердің гифаларына ұқсаған өсінділерден тұрады. Бұл өсінділер спирал тәрізді бұралған, ширатылған болып келеді.

    2. Бұл өсінділер бірқатар т‰рлерінде кейіндеу кокко тәрізді

    құрылымдарға ыдырайды. Осы өсінділермен микоплазма атауының өзі тікелей байланысты (гректің «микос» - саңырауқұлақ).
    Микоплазманың көптеген т‰рлерін табиғи субстраттардан бөліп алуға болады және лабораторияда арнаулы құрамдағы ортада қолдан өсіруге болады. Бұл микроорганизмдерді бөліп алудың ең тиімді жолы бактерияның мембраналық с‰згілері (филтры) арқылы фильтрациялау тәсілі. Ұсақ микоплазмалар олардың поралар арқылы өтеді, ал бактерияның және басқа микроорганизмдердің клеткалары с‰згіде қалып қояды.
    Қоректік ортада өскен кезде микоплазманың колониясының өзіне тән сыртқы көрінісі қалыптасады. Олар ұсақ және яагнаца – глазуньға ұқсас келеді.
    Микоплазмалар табиғатта кең таралған. Оларды омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың денесінде, өсімдіктерде, топырақта, компостарда және басқа да субстраттарда кездестіруге болады. Көптеген т‰рлері зиянсыз сапрофитті организмдер. Патогенді т‰рлері де бар. Мысалы, Mucoplasma mucoides ‰й жануарларын ауруға шалдықтырады. Адам мен өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын т‰рлері де бар.
    Микоплазма класы бір қатардан (Mycoplasmatales), ‰ш туыстан: Mycoplasma, Thermycoplasma, Acholeplasma тұрады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   215




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет