Хризомонадалыларқатары–Chrysomonadales.
Бұлардың ішінен көбірек кездесетін қарапайым өкілі – Хромулина (Chromulina) ақпайтын тұщы сулы бөгеттерде кездесетін бір клеткалы балдырлар. Клеткасы сопақ, не шар пішінді, көзге айқын т‰сетін клетка қабықшасы болмайды, бір не екі хромотафоры бар. Қор заты – лейкозин денесінің арт жағына таман жиналады. Ал денесінің алдыңғы жағында бір талшығы болады.
Клетка бойлай екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Бөліну кезінде біреулері қозғалысын тоқтатып, екіншілері тоқтатпай-ақ бөліне береді. Кейбір т‰рлерінде кілегейлермен қоршалып, пальмеллевидті (кілегейдің ішінде клетканың ретсіз орналасуы) жағдайға ауысады. Қолайсыз жағдайларда қалың қабыққа оранып цистаға айналады. Кейіннен одан бірнеше қозғалғыш клеткалар шығады.
Малломонада(Mallomonas) - таза тұщы суда планктонды тіршілік етеді. Сопақ пішінді денесінің алдыңғы жағынан тарайтын бір талшығы арқылы қозғалады. Көбіне қоңыр т‰сті екі хроматофорасы болады. Клетканың қабығына сіңген т‰сті қатты қабыршақтарынан кремнийден т‰зілген ұзын ине тәрізді тікенектері шығып тұрады.
Синура(Synura) – тұщы суларда көп кездесетін, клетканың артқы созылған бөлімдері арқылы бірігіп, шар пішінді, әдемі сарғыш т‰сті қозғалғыш колония құрайды. Клетка қабығының сыртында кремний сіңген қабыршақтанған тікенектері болады. Тең емес екі талшығы колонияның сыртына қарап тұрады.
Динобрион (Dinobryon) – планктонды тұщы суларда көп тарлған, тең емес екі талшықтары бар жалаңаш клетка, целлюлозды реакция беретін т‰ссіз сопақша келген сауытта бос орналасады. Көбейген кезде жалаңаш клетканың протопласты екіге бөлініп, шеті арқылы сауытқа бекініп сопақша жаңа сауыт жасап, өрбіген бұтақ сияқты колония т‰зеді.
Хризокапсалыларкласы – Chrysapsaphyceae. Бұл кішкентай класта бір қатар, 20-дай туыс бар.