Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Ксантокапсалар - Xanthocapsophyceae



бет33/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Ксантокапсалар - Xanthocapsophyceae


Бұл кластың өкілдері сирек кездеседі, көп жағдайда тұщы суларда, ал аздаған т‰рлері тұзды суларда кездеседі. Олардың құрылысына пальмемовидтік болып келу тән, яғни айтқанда кілегей тәрізді судың бетінде ақырын ғана ж‰зіп ж‰ретін колониялар т‰зеді. Кілегейддің ішінде протопластары көрініп жатады, клеткаларының қабықшалары болмайды. Олар кілегейдің ішінде ретсіз орналасады немесе (кейбіреулерінің) кілегейдің шет жағында белгілі бір ретпен орналасады. Кейде мұндай
пальмелловидтік колониялар кілегейлі аяқшаның (ножках) ‰стінде орналасады. Осы кілегейдің шеңберінде клеткалар бөліну арқылы көбейеді, нәтижесінде колонияның көлемі ұлғайып отырады. Жаңа колониялар бұрынғы колонияның жойылуының нәтижесінде пайда болады, немесе олар зооспоралардан пайда болады. Соңғылары (зооспоралар) колонияның кілегейден босап шыққан клеткаларынан пайда болады.
Бұл класқа гетероглейлілер (гетероглейные - Heterogloeales) деп аталынатын бір ғана қатар жатады.
Осы қатардың өкілдерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі тұзды суды мекендейтін гельминтоглея (Helminthogloea) туысы. Бұл т‰п жағы кеңейген, жалпақ болып келетін, ал жоғарғы жағы бұтақталған бөліктерден тұратын колония. Бұлардың кілегейлерінде протопластар ретсіз орналасады, олардың әрқайсысының өзінің кілегейлі жамылғысы болады.
Глеохлорис планктонный (Gloeochloris planctonica) деген өкілінің колониясы шар немесе элипс тәрізді болып келеді. Олар әдетте ерте көктемде салқын қардың еріген сулары тоқтаған шұңқырларда болады. Оның сыртында екі бөліктен тұратын қабықшасы бар цисталары болады.
    1. Ксантококкалылар класы - Xanthocolcophyceae


Бұл кластың бір клеткалы, сиректеу колониялы өкілдері сырт құрылысы жағынан алуан т‰рлі болып келеді. Олардың негізгі ерекшелігі сол, клетка қабықшалары қалың болып келеді. Ал кейбіреулерінің клетка қабықшаларына кремнезем сіңген, жылтыр немесе м‰сін тәрізді болып келеді. Кейде олар екі бөліктен тұрады. Бұл кластың өкілдері вегетативтік жалмен (клеткаларының бөлінуі арқылы) және зооспораларымен көбейеді. Олар жалған аяқтар т‰зіп, амеба тәрізді қозғалысқа келеді. Ал кейде автоспоралары арқылы да көбейеді, олардың тіптен көзшелері және қозғалғыш вокуолиялары сақталады.
Кейбіреулері жасыл балдырларға өте ұқсас келеді, мысалы хлореллаға, харациумға, десмидиялыларға, т.б. балдырларға. Диатомды балдырларға да ұқсас т‰рлері болады.
Вегетативтік к‰йінде қозғалмайтын т‰рі ботридиопсис (Botrydiopsis). Клетка қабығы қалың, бір ядролы, көптеген хроматофоралары бар, тұщы суды мекендейтін бір клеткалы балдыр. Көбею кезінде клетканың ішіндегі заты он шақты әрт‰рлі талшығы бар зооспораларға айналады. Олар судың бетіне көтеріліп вегетативті клеткаларға айналады. Сөйтіп судың бетінде ашық-көк т‰сті пленка т‰зіледі.
Сфагнум батпақтарында мишококкус (Mischococcus confervicola) деген өкілі жиі кездеседі. Ол көп жағдайда эдогониум немесе трибонема балдырларының жіпшелерінде өседі. Ол клетка қабықшалары қатты болып келетін колония, бірақ олар кілегейлі көтермелерде (ножках) отырады. Колония т‰гелімен осындай көтермелердің системесын құрайды, оның бастарында клеткалардың өздері орналасады. Көбею кезінде клетка екіге бөлінеді де, оның әрқайсысы жаңадан кілегейден көтермелер шығарады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет