Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Ксантотрихалылар класы-(Xanthosiphonophyceae)



бет34/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Ксантотрихалылар класы-(Xanthosiphonophyceae)


Кластың т‰рлері қарапайым немесе тарамдалған жіпшелер т‰рінде болады. Клеткалары бір қатарға орналасады немесе табақша тәрізді таллом т‰зеді. Олар ағын суларда, әсіресе судың температурасы төмен кездерде жиі кездеседі.

Трибонемалар қатар – Tribonematales


Негізгі өкілі – жасыл трибонема (Tribonema viridis). Ол кейде ‰лкен жиынтық т‰зеді Талломның тарамдалмайтын жіпшесі алдымен базальды клеткасы арқылы қандайда бір субстратқа бекініп тұрады. Содан соң базальды клеткасының өлуінің нәтижесінде олар босап судың бетіне ж‰зіп шығады да, бос ж‰зіп ж‰рген, көп жағдайда матасқан тинаға т‰зеді. Жіпшелері цилиндр тәрізді немесе к‰пшек пішінді (богонообразный) бірқатар клеткалардан тұрады. Клеткасының бір ядросы және бірнеше сарғыштау-жасыл т‰сті клетка қабықшасына жақын орналасқан храматафорасы болады. (143, А- сурет)
Клетка қабықшалары ерекше болады: олар пектинді заттардан тұратын шеттері арқылы бір-бірімен жабысып қалатын (байланысатын) екі жартыдан тұрады. Хром қышқылымен әсер еткенде клетка қабықшасы, жабысқан жерлерінен ажырайды нәтижесінде екі клетканың қабықшасынан құралған Н әріпі тәрізді бейнеге айналады. Көбею кезінде әр клеткадан әр т‰рлі талшығы бар, бір немесе екі зооспора т‰зіледі, олар клетка қабығының жабысқан жерлерінің ажырап алшақтауының нәтижесінде сыртқа шығады. Қолайсыз жағдайларды басынан өткеру қызметін, клетка қабықшалары қалың болып келетін автоспоралары мен акинеттері атқарады.
Табақша пластинка тәрізді формаларына гетеропедия (Heteropedia) мысал бола алады. Оның т‰рлері ылғалды топырақтарда кездеседі. Бұл балдыр, талломның ортаңғы клеткаларынан т‰зілетін зооспоралары және автоспоралары арқылы көбейеді.
  1. Ксантосифондылар класы (Xanthosiphonophyceae)


Бұл класқа жататын балдырлардың ерекшелігі сол, олардың талломдарының типінің сифонды, немесе клеткаланбаған болып келуі.

1. Ботридилар қатары-Botrydales


Талломы алмұрт пішінді, қапшық тәрізді немесе жіп тәрізді құрылым. Оның қабықшасы целлюлозадан және пектинді заттардан тұрады, ядросы мен хромотофорасы көп болады.
Жазда өзендер мен көлдердің, құрғап бара жатқан шалшық сулардың жағалауларында, ауыл сыртындағы және орман ішіндегі жолдардың, машинаның доңғалақтары қазып кеткен жерлеріндегі сайларда, тіптен жай көзге байқалатын жылтыр алмұрт тәрізді қою-жасыл т‰сті ботридиумды (Botrydum) көптеп кездестіруге боолады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет