Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Флоридеялылар (Floridcophyceae) класы



бет40/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Флоридеялылар (Floridcophyceae) класы


Флоридеялылар класына төбе клеткалары арқылы ұшынан өсетін көпшілік қызыл балдырлар жатады. Бұлардың клеткаларының арасында ұсақ поралары болады. Карпогонның трихогинасы бар. Бұл кластың шінде тек немалиондылар (Nemalionales) қатары ғана моноспора арқылы жыныссыз көбейеді, сондықтан оның ұрпақ ауысуы болмайды. Ал қалған қызыл балдырлар жыныссыз тетраспоралар арқылы көбейіп, оларда изоморфты ұрпақ ауысуы байқалады. Бірінші жағдайда тек зигота ғана диплойдты, ал балдырдың өзі тұтас гаплоидты болады. Екінші жағдайда корпоспорадан өсетін өсімдік диплоидты болады да, ол тетроспорангияны т‰зетін спорафит болып есептеледі. Тетроспораның редукциялы бөлінуінен кейін т‰зілетін жыныс органдары дамитын гаметофит гаплоидты болады.
Тұщы таза сулардан сарғыш не көкшіл жасыл т‰сті ұзындығы 10-20 см. кішкене бұта сияқты батрахоспормум (Batrachospermum) балдырларын жиі кездестіруге болады.
Жыныссыз жолмен моноспора арқылы көбейеді. Жынысты жолмен көбейгенде карпоген мен антеридий бір өсімдікте, негізгі осьтің б‰йір бұтақтарында дамиды. Ұрықтанған зигота редукциялы жолмен бөлініп, сыртқы т‰рі б‰лдіргеннің немесе малинаның жемісіне ұсақ цистокарпийге айналады, одан карпоспора т‰зіледі. Батрахосперимумның дамуында гаметофит басым, ал спорафиті зиготамен ғана шектеледі. Басқа қызыл балдырларда гаметофитпен спорафит бірдей дамыған. Немолион (Nemalion), Каллитаминон (Callithaminon corymbosum), Длесерий (Delesseria), Караллиналар (Carallinaceae)
Көпшілік қызыл балдырлар шаруашылықта жиі қолданылады. Шығыс Азия және Гавай аралдарының халықтары оны тамаққа пайдаланады. Жапонияда парфира балдырын тамақ ‰шін өсіреді. Қызыл балдырлардың біраз т‰рлерінен кандитер өндірісінде және микробиология техникасында жиі қолданылатын агар-агар алынады.

Қызыл балдырлар бөлімі - Rhodophyta


Қызыл балдырлардың храматофорасында хларофиллдерден "а" және "d" және қара иноидтардан (β-каротин, зексантин, антераксантин, криптоксантин, лютеин, неоксантин) басқа тағыда бірқатар суда еритін пигменттер -фикобилиндер болады: қызыл т‰сті фикоэритриндер және көк т‰сті аллофикоцианин. Осы пигменттердің орайласып келуіне байланысты таломның т‰сі ашық-қызылдан (фикоэритрині басым болып келеді) көкшілдеу -сұр т‰ске дейін (фикоцианы көп болған жағдайда) өзгеріп отырады. Хлоропласттарының екі қабат мембранасы болады. (хлорапластты эндоплазматикалық торы болмайды) және тиллакоидтары жалғыздан болады, оның ‰стіне фикобилисомалары жиналады. Генофорасы шашыранқы келеді. Шеткі тиллакойдтары бір жағдайларда жоқ болады (қарапайым формаларында хроматофоры жұлдызша тәрізді немесе көп жақтаулы, келеді пиренойдтары болып, ал екінші жағдайларда (жоғарғы деңгейде жетілген қызыл балдырлардың хлоропласты диска тәрізді болып келеді) пиреноидтары болмайды. Қор заты ретінде полисахорид "багрянковый крахмал" жиналады. Оған иодпен әсер етер болсақ қоңыр-қызыл т‰ске боялады. Богрянкалы крахмалдың дәндері цитоплазмада барлық уақытта переноидтардан және хроматофоралардан тыс жерде бөлінеді. Өмірлік цикылында талшықты кезеңі болмайды және жыныстық көбеюдің ерекше оогомиялық формасы тән. Қызыл балдырлар қоңыр балдырлар секілді теңізді мекендейді.
Қызыл балдырлардың талломасының құрылысы біршама қарапайым: тіпті бір клеткалы, коккойдты формалары болады (парфиридиум), көптеген т‰рлерінің талломасы гетеротрихальды және тарамдалған жіпше т‰рінде болады, ризойдтары арқылы субстратқа бекініп тұрады. Алайда қызыл балдырлардың басым көпшілігінің талломдары псевдопаренхиматозды болып келеді. Мұндай талломдар бір остің б‰йірлік бұтақшаларының шексіз ұзындыққа өсетін төбе клеткаларының өрімделуінің нәтижесінде, немесе бірнеше өстен пайда болады. Бірінші жағдайда бір өстік құрылым, ал екінші жағдайда көп остік құрылым туралы сөз болады. Қызыл балдырлардың
ішінде клеткаларының көлденең және ұзындыққа бөлінуінің нәтижесінде т‰зілген, пластинка тірізді нағыз паренхимозды құрылысты талломдар өте сирек болады (порфира).
Қызыл балдырлардың клеткалары қабықшамен қапталған, оның пектинді және гемицеллюлозалы компаненттері қатты ісінеді және протопласты қоршап тұратын консистенциясы жұмсақ немесе шеміршек тәрізді жалпы кілегейдің қабатын т‰зеді. Көп жағдайда клетка қабықшасынан известь бөлінеді. Клеткалары бір және көп ядролы, хроматофоралары әдетте көп, дән немесе пластинка т‰рінде болады. Бангиялардың хроматофорасы жұлдызша тәрізді, орталық пиреноидтары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет