Бұлардың клеткаларында көп жағдайда жұлдызша тәрізді хроматофоралар мен пиреноидтар болады. Клеткалар арасындағы поралары әдетте болмайды. Карпогонның трихогинасы болмайды, ұрықтанғаннан кейін карпогонның ішіндегі заты бірден бөлініп карпоспоралар береді. Жыныссыз көбеюі моноспоралар арқылы ж‰зеге асады.
Порфира (Porphyra) туысының өкілдері солт‰стік және оңт‰стік теңіздердің жағалық (литоралдық) зонасында кең таралған. Қызыл-қоңыр т‰сті, жапыраққа ұқсас талломасы өзінің т‰п жағымен субстратқа бекініп тұрады. Биіктігі 50см-ге жетеді, сиректеу оданда көп СР. nereocystis - тің биіктігі 2м). Ол бір немесе екі қабат, бір-бірден жұлдызша тәрізді хроматофоралары бар клеткалардан тұрады. Антеридиилері т‰зілген кездерде талломның клеткалыры бір-біріне перпендикуляр бағытта бір қатар, ұсақ клеткаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы бір-бірден спермациялар береді. Интеркалиарлық кілегейдің ісінуінен спермациялар сығылып сыртқа босап шығады.
Карпогеннің вегетативтік клеткадан аздаған ғана айырмашылығы болады. Нағыз жетілген трихогинасы болмайды. Ұрықтанғаннан кейін зигота тікелей бөлініп 2-32 карпоспоралар береді. Оларды клетка аралық кілегейлерінің ісінуінің нәтижесінде спермациялар секілді босап шығады. Карпоспоралары алғашқы кезде жалаңаш болады, бірақ бірнеше к‰ндерден кейін олар қабықшамен қапталып, жіп тәрізді талломаға айналады. Бұл
талломдар маллюскалардың известті раковинасында қызыл дақтар т‰зеді, порфираның бұл сатысы көп уақыттар бойы Conchocellisrosea деген атпен жеке балдыр ретiнде қарастырылған. Ол моноспорасы арқылы көбейеді, олардан парфираның жапыраққа ұқсас талломасы т‰зіледі.
Соңғы кездердегі зерттеулерге ж‰гінсек парфираның карпоспорасы диплоидты.
Бангиялардың басқа т‰рлерінен тұщы суларда өсетін тропикада кең тараған, комсопогенды (Compsopogon) айтуға болады. Бұлардың судың т‰біне төселіп өсетін және б‰йір жақтары арқылы бір-бірімен жабысып, бірігіп кететін жіпшелерінең, жоғары қарай вертикаль бағытта моноподиальды жіпшелер кетеді. Клеткаларында бір ‰лкен ядросы болады. Моноспермасы арқылы көбейеді. Моноспорасы спорангияның қабықшасының шырышы арқылы сыртқа шығып, қабыққа оранып, жаңа талломға айналады.