Кейбір саңырауқұлақтарда мысалы, ашытқы саңырауқұлағында, вегетативті денесі б‰ршіктен немесе бөлінетін клеткадан тұрады. Егер мұндай б‰ршіктенетін клеткалар ажырап кетпесе, олар 1) псевдомицелий құрайды.
Кейбір қарапайым құрылысты саңырауқұлақтардан бір клеткалы талломнан тұрады, олардың кейде клетка клетка қабығы болмайды. Саңырауқұлақтар бір клеткалы талломасы. 2) Ризомицелий деп аталады. Олар жіп тәрізді тармақталған ядросыз болып келеді.3) Ризоморфы- жақсы жетіген және диференциаланған мицелидің жіпшелері. Бұлардың гифаларының сыртқы қабаттарының қалың, қоңыр т‰ске боялған қабырғалары қорғаныш қызметін атқарады...., ал ішкі гифалары өткізгіштік қызмет атқарады. 4) Склероции- бұл мицелилердің тығыз матасып, қолайсыз жағдайды басынан өткізу кезеңінде болатын жағдай. Склероцийлардың клеткалары қор заттанрына бай болады.
Класс хитридиомицит – Chytridiomycetes. Бұрынғы архимицеттер
(Arghimycetes)класы. Хитридомицеттер саңырауқұлақтардың ішіндегі қарапайым құрылыстысы. Бұл класқа кішкентай, мицелилері жоқ, немесе ризомицелилері ғана бар 400-дей саңырауқұлақтардың т‰рлері жатады. Ризомицелилер қабықшасы бар бір ядролы, не көп ядролы немесе ядросы жоқ дөңгелек клеткалардан пайда болады.
Жыныссызкөбеюі. Көпшілік жағдайда бір талшығы бар зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Хитридиомицеттердің көпшілігіне тән қасиет барлық денесі бір ғана зооспорангия құрауға жұмсалады. Зооспоралар өсе келе денесінде бір зооспорангия, кейбіреулерінде бірнешеуі дамитын особьқа айналады.
Жыныстыкөбею. Хологамия, изогамия, гетерогамия, кейбір т‰рлерінде оогамиялық жолымен жынысты көбейеді. Бұл кластың көпшілігі
тұщы су балдырларында, кейбіреулері жер бетіндегі өсімдіктердің паразиті ретінде тіршілік етеді. Аздаған т‰рлері су өсімдіктерінің қалдықтарында не топырақта сапрофитті т‰рде кездеседі. Бұл класты 1) Хитридиялылар (Chytriales) 2) бластокладылар (Blastocladiales) 3) моноблефаридалылар (Monoblepharidales) деп ‰ш қатарға бөлінеді.