Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Самырсындар тұқымдас тармағы (пихтовые) – Abіetoіdeae



бет141/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Самырсындар тұқымдас тармағы (пихтовые) – Abіetoіdeae


Ұзарған өркендері ғана болатын, қысқарған өркендері жоқ өсімдіктер.
Стробилдері бірінші жылы пісіп жетіледі.
Самырсын туысы (пихта-Abіs). Самырсындардың қылқаны (хвоясы) әрі жалпақ, әрі жұмсақ болады, оның төменгі жағында пайда болған балауыздан екі ақшылдау тік жолағы байқалады, онда 3-4 қатар т‰зіп устьицелер орналасады. Қылқандары спиральдің бойымен орналасады, бірақта жанама бұтақтарында олардың бір деңгейде орналасуы да аз болмайды. Қылқандарының ‰стіңгі ұшы ойық болып келеді. Самырсындар бір ‰йлі өсімдіктер.
Аталық стробилдері сопақтау немесе цилиндр тәрізді микроспорофиллдерінің т‰сі сары немесе қызғыштау болып келеді. Аналық стробилдері ұзындау, тік бағытта сорайып көрініп тұрады. Жабындық қабыршықтары көп жағдайда тұқымдық қабыршақтарынан ұзындау, сиректеу қысқа болады (сібір самырсынында). Өскіндерінің тұқым жарнақтары екіден онға дейін болады.
Самырсын туысына (пихта- Abіs) солт‰стік ендіктің, негізінен таулы аудандарда өсетін 40-тай т‰р жатады. БОР-дың территориясында 9 т‰р, ал Қазақстанда бір ғана т‰р кездеседі. Ең кең таралған т‰ріне сібір самырсыны (пихта сибирская-A.sіbіrіca) жатады. Ол БОР-дың европалық бөлігінің солт‰стік шығысында, батыс, орталық және шығыс Сібірде, Тува автономиялық облысында және Монғолстанда, көлеңкелі самырсынды орман т‰зеді. Бірақ мұндай орманда көпшілігінде шыршалар араласып өседі, кейде олардың ара салмағы самырсыннан басым болады. Сібір самырсынының биіктігі 30 м-ге жетеді, ал діңінің жуандығы 50 см болады. Ол көлеңкелі жерге жақсы бейімделген. Самырсынды орман қара көлеңкелі болып тұрады. Төменгі бұтақтары жерге тиіп жиі тамырланып бекиді де, жаңа ағаштарға бастама береді. Осыған байланысты Сібір тайгасын өту қиынға т‰седі. Көп жағдайда самырсын тегістікте де, тау жоталарында да өседі, негізінен құрғақтау және құнарлығы жоғары, сазды топырақтарды жақсы көреді.
Сібір самырсыны суыққа өте төзімді ағаш, ол континентальды жағдайға жақсы бейімделген. Климаты жұмсақ, БОР-дың батыс аудандарына және Батыс Европаға өсіргенде, олардың сабақтары ерте өседі де, көктемгі аяздарға шалдығып ‰сиді. Самырсынның халық шаруашылығында мағызы
зор. Оның ағашы жұмсақ, тегіс, шайыр жолдары жоқ, әрт‰рлі ағаш бұйымдарын жасауға таптырмайтын құнды материал (токарьлық және басқада жұмыстарға). Оны рояльдар, скрипкалар, домбыралар жасауға, дыбысты жақсы шығаратын (резонансных досок) тақталар дайындауға және қағаз алуға кеңінен пайдаланады. Қылқандарынан лак жасауға пайдаланылатын эфир майы алынады. Жас бұтақтарында барнеол болады, ол камфордың құрамына кіреді.
БОР-дың ең батыс аудандарында (Карпат тауларында және бөлектеу Белобеждегі ит тұмсығы батпайтын қалың орманда) және Орта Азияның, Оңт‰стік және Батыс Европаның тауларының 300 м биіктігінен 1300 м биіктігіне дейін және теңіз деңгейінен жоғары “страсбург терпентинін” беретін европа самырсыны (A.alba ) өседі.
БОР-дың территориясыда Кавказда кавказ самырсыны (пихта кавказская
– A.nordmannіana) өседі, ол биік, сәндік ағаш (112-сурет). Ол шамшатпен (бук) аралас өсіп орман т‰зеді. Көп жағдайда оны Украинада, Крымда және Беларуссияда өсіреді. Орта Азияның тауларында Семенов самырсыны (пихта семенова-A.semenowіі) өседі. Самырсынның бірнеше т‰рлері Қиыр Шығыста кездеседі.
Солт‰стік Американың тегістігінде бальзамдық самырсын (пихта бальзамическая-A.balsamea) кеңінен таралған. Одан микроскопиялық техникада препараттар дайындауға пайдаланатын канада бальзамы алынады. Солт‰стік Американың таулы батыс аудандарында, ареалдары ‰лкен болмайтын көптеген т‰рлері кездеседі.
Псевдотсуға туысының (Pseudotsuga) Солт‰стік Американың батыс бөлігінде, Қытайда және Жапонияда өсетін 7 т‰рі бар. Бұлар сабақтары дұрыс топтасып бұтақтанбаған және бөрікбастары конус тәрізді болатын биік ағаштар. Қылқаны жалпақ, ‰стіңгі жағы науа (желобчатый) тәрізді болып келеді. Аналық стробилдері салбырап тұрады. Тұқымдық қабыршақтары дөңгелек, шеттері б‰тін болып келеді. Жабындық қабыршақтары тұқымдық қабыршақтарынан көп ұзын, олардың жоғары ұштары ‰ш телімді (112,2- сурет). Микроспораларының ауа қуыстары (қапшықтары) жоқ.
Солт‰стік Америкада дугласова самырсыны (пихта дугласова- A.taxіfolіa) басқаларынан көбірек таралған және орман т‰зеді. Оның биіктігі 110-115м-ге жетеді. БОР-да оны мәдени жағдайда Крымда, Кавказда және Ресейдің орталық аудандарында отырғызады. Тсуга туысы (Tsuga) - биік мәңгі жасыл ағаштар, жіңішке сабақтары төмен қарай салбырап тұрады. Жапырақтары (қылқан) жалпақ, ‰стіңгі ұшы ойық немесе доғал болып келеді, көп жағдайда екі қатарға орналасады. Микроспораларының ауа қуыстары (қапшықтары) болмайды. Аналық стробилдері ұсақ, төмен қарай салбырап тұрады, бірақ ыдырап кетпейді. Жабындық қабыршағы тұқымдық қабыршағынан қысқа. Тсуга туысының Солт‰стік Америкада, Гималай тауларында, Қытайда және Жапонияда өсетін 14 т‰рі бар.
Олардың көптеген қазба қалдықтары Европада табылған (‰шінші дәуірдің қабаттарынан). Солт‰стік Америкада Канада тсугасымен (тсуга канадская- T.canadensіs) каролин тсугасы (тсуга каролинская – T.carolіnіana) кеңінен таралған. Олардың екеуіде шығыс облыстардың өсімдіктері.
Шырша туысы (ель- Pіcea). Бұл туысқа солт‰стік Европада, БОР-дың Европалық және Азиялық бөліктерінде, Орталық және Шығыс Азияда, Солт‰стік Америкада таралған 45-тей т‰р жатады. Т‰рлерінің ең көбі Қытайдың тауларында. Көптеген т‰рлері таулы жерлерде де, тегістікте де орман т‰зеді. БОР-да шыршаның 10-т‰рі өседі.
Шырша биік мәңгі жасыл ағаш, бұтақтары топтасып орналасады және қалың конус тәрізді бөрікбас т‰зеді. Моноподиальды бұтақтанады. ‡стінгі б‰ршігі 2-5 б‰йірлік б‰ршіктерімен қоршалған.
Қылқандары спиральдің бойымен орналасқан, бірақ б‰йірлік бұтақтарында айқын емес екі қатар т‰зеді. Көптеген т‰рлерінің қылқаны төрт қырлы, олардың әрбір жағында устьицелік ақ жолағы болады, кейбір т‰рлерінің қылқаны азды-көпті жалпақ, бұл жағдайда олардың көп бөлігінде устьиценің екі жолағы болады (саян шыршасы). Қылқандары ағаштан 7-9 жылға дейін т‰спейді. Жас ағаштардың қабығы жылтыр, ақшылдау болады, ал ескі діңдерінде оның т‰сі қоңыр болады және т‰леп т‰сіп отырады. Ағашының с‰регінде шайыр жолдары болады. С‰ректік паренхимасы жоқ.
Тамыр системасы жер бетіне жақын жатады. Ағаштың өмірінің ұзақтығы 300-500 жылдай болады. Шыршалар көлеңкеге бейімделген ағаштар, олардың тіптен ең төменгі бұтақтарының өзі, орманда ағаштардың қалың орналасқанына қарамастан жақсы сақталады.
Аталық стробилдері өткен жылғы бұтақта, аналық стробилдердің астында жетіледі, сарғыштау қоңыр т‰сті болып келеді.
Микроспораларының екі ‰лкен ауа қуыстары (қапшықтары) болады.
Жас аналық стробилдері өткен жылғы бұтақтарының ұштарында пайда болады, т‰сі к‰лгіндеу қызыл немесе жасылдау, тік бағытта сорайып көрініп тұрады. Пісіп жетілген стробилдері салбырап тұрады және бірінші жылы, к‰здің аяғына таман толық піседі. Тұқымдары шашылып біткен соң стробил жерге б‰тіндей ‰зіліп т‰седі. Мұндай стробилдердің ұзындығы 10-15 см-ге жетеді, т‰сі ашық немесе қызыл-қоңыр болады. Тұқымдық қабыршақтары жоғарғы жағында кері жұмыртқа тәрізді, шет жағы ойық, кемірілген тісті (113,3-сурет). Тұқымдары қанатты. Өскіннің 4-15 тұқымжарнағы болады. Шыршаның қазба қалдықтары бор дәуірінің қабаттарынан белгілі. БОР-дың территориясында ең көп таралғандары Европа шыршасы мен Сібір шыршасы.
Европа шыршасы (ель европейская – P.excelsa, немесе P.abіes). Батыс Европада және БОР-дың европалық бөлігінде Орал тауына дейін кездеседі. Бұл биіктігі 20-50 м-ге жететін, ал діңінің жуандығы 1 м болатын ағаш (113-сурет). Ол өзінің ареалының көптеген кеңістігінде таза немесе қайың мен қарағай араласқан, ал оңт‰стікке таман ‰йеңкі (клен), жөке (липа), емен (дуб) ағаштарымен қосылып аралас ормандар т‰зеді. Шырша климат
жағдайына көп талап қоймайтын өсімдік, бірақ ерте көктемгі суықтан көп қиыншылық көреді.
Шыршаның с‰регінің т‰сі ақшылдау болып келеді, жұмсақ, жеңіл, практикалық маңызы зор. Ол целлюлоза -қағаз өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады, сонымен бірге ол құрылысқа қажетті және әрт‰рлі бұйымдар жасауға қажетті материалдар береді. Қабығында илік заттар (дубильные вещества) болады. С‰регінен химиялық жолдармен айыру арқылы шайыр, канифоль, вар, скипидар алынады.
Сібір шыршасы (ель сибирская –P.obovata) БОР-дың европалық бөлігінің солт‰стік шығысында өседі, сөйтіп Ақ теңізден бастап Орал тауына және Батыс Сібірге дейін орманның солт‰стік шекарасын т‰зеді. Ол Европа шыршасына өте жақын, бірақ ол да аналық стробилдерінің біршама ұсақ болуымен (ұзындығы 4-7 см.) және тұқымдық қабыршақтарының ‰стіңгі жағы дөңес, шеттері тұтас дөңгеленіп келген болуымен ажыратылады.
Солт‰стік Америкада Канада шыршасы (P.canadensіs) мен қара шырша (P.marіana) кеңінен таралып орман т‰зеді, олардың біріншісі орман зонасының барлық жерлерінде кездеседі, ал екіншісі Лабрадордан Аляскаға дейін өседі. Канада және қара шыршалар солт‰стікке қарай алысқа барады, сөйтіп Америка балқарағайымен (лиственница американская – Larіx amerіcana) бірге орманның солт‰стік шекарасын т‰зеді. Энгельман шыршасымен (ель Энгельмана – P.engelmannіі) тікенекті шыршаның (ель колючая –P.pungens) екеуіде Солт‰стік Американың батыс жағалауындағы жартасты тауларда өседі, қылқандары к‰міс т‰сті әдемі болып келеді.
Олар БОР-да және батыс Европада сәндік ағаштар ретінде кеңінен отырғызылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет