Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Балқарағайлар тұқымдастармағы (подсемейство лиственничные) –Larіcoіdeae



бет142/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Балқарағайлар тұқымдастармағы (подсемейство лиственничные) –Larіcoіdeae


Бұл өсімдіктердің ұзарған және қысқарған өркендері болады. Жапырақтарының (қылқан) құрылысы бірдей, ұзарған өркендерінде олар шашыраңқы орналасады, ал қысқарған өркендерінде жапырақтары көп болып топтасып шоғырға жиналады. Бұл тұқымдас тармағына 3 туыс жатады. Ең көп таралғаны балқарағай туысы (лиственница -Larіx ), оның Евразия мен Солт‰стік Америкада таралған 20-дай т‰рі бар. Олар таулы жерде де, тегістікте де ‰лкен орман т‰зіп өседі. БОР-да балқарағайдың 7 т‰рі бар, ал Қазақстанда 1 ғана т‰рі кездеседі.
Балқарағайлар биіктігі 30-40см-ге дейін жететін ағаштар. Жас кезінде олар жіңішке конус тәрізді бөрікбас т‰зеді. ‡лкен ағаштарының бөрікбасы жалпақ конус тәрізді болады, олардың бұтақтары тек жоғарғы жағында орналасқан, ал төменгілері өліп қалып отырады.
Балқарағай жарық с‰йгіш өсімдік. Балқарағайлардың с‰регі қызғыштау, шайырға өте бай және қарағайға қарағанда біршама қатты болады. Шпалға, отынға және құрылыс материалдары ‰шін көп қолданады. С‰регі өте мықты, суда ұзақ уақыттар бойы шірімейді, сондықтанда оны кемелер жасауға және жердің астында шахтаны қатайтып ұстауға пайдаланады. Жапырақтары
(қылқан) қыста т‰сіп қалып отырады (туыстың аты осыған байланысты), жұмсақ, жоғарғы ұшында доғал, ашық-жасыл, төменгі жағында ақшылдау устьицелік қатарлары болады.
К‰зге қарай қылқанның т‰сі ашық-сары, немесе қоңырлау болып келеді. Аталық стробилдері бір жылдық немесе ескі өркендеріне, әдетте жалғыздан орналасады. Микроспоралары-ның ауа қуыстары (қапшығы) болмайды. Аналық стробилдері жапырағы бар қысқа өркендерінде пайла болады және сол жылы пісіп жетіледі, бірақ ағаштың басында 2-3 жыл тұрады. Пісіп жетілген стробилдері ‰зіліп т‰спейді. Жабындық қабыршағы
әдетте тұқымдық қабыршағынан ‰лкен болады.
БОР-дың территориясында балқарағайдың бірнеше т‰рлері кездеседі. Карпат тауларында Батыс Европалық балқарағайы (лиственница заподноевропейская – L.decіdua) өседі, ол Альпа тауларында да кездеседі (114,1-сурет). БОР-дың европалық бөлігінің шығыс аудандарында және Батыс Сібірде сібір балқарағайы (лиственница сибирская – L.sіbіrіca) кеңінен таралған, ол солт‰стікке қарай көп жылжиды (Красноярск аймағының солт‰стігіне және солт‰стік шығысына, ал Якутияда 72 с.е. дейін барады), ал Шығыс Сібірде және Қиыр Шығыста даур балқарағайы (лиственница даурская – L.dahurіca) өседі. Соңғы т‰р қатал континентальді климатқа тамаша бейімделген және құрғақ топырақта да (дренированные почвы), батпақты жердің топырақтарында да өседі. Оның практикалық маңызы өте зор және Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш.
Солт‰стік Америкада Америка балқарағайы (лиственница американская
– L.amerіcana) аса кең таралған, ол тундра зонасынан бастап, жалпақ жапырақты ормандарға дейінгі аралықты алып жатады, ал батыс балқарағайы (лиственница западная – L.occіdentalіs) АҚШ-ның батыс штаттарының тауларында өседі.
Балқарағайдың қазба қалдықтары миоценнен бастап белгілі.
Кедр туысы (Cedrus). Бұл туысқа Гималай тауларында және Жерорта теңізі жағалауындағы елдердің территориясында өсетін 4-т‰р жатады.
Кедрлер биіктігі 40-50 м-ге жететін мәңгі жасыл ағаштар, бөрікбасы шашыраңқы (раскидистый) болып келеді. Ұзарған және қысқарған өркендері бар. Қысқарған өркендерінің әрқайсысында қылқандары 30-40-тан топтасып (шоқтанып) орналасады. Қылқаны қатты, қою жасыл т‰сті, көпжылдық, қыста т‰спейді. Кедрлердің с‰регі өте мықты және құнды, кеме жасауға, ‰й салуға пайдаланылады. Кедрлерді Қырымда, Кавказдың Қара теңіз жағалауларында және Закавказьяда сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.
Аталық стробилдері (б‰рлері-шишки), жалғыздан қысқарған өркендерінің ұштарында жетіледі. Микроспораларының екіден ауа қуыстары (қапшықтары) болады.
Аналық стробилдері ‰лкен, тік тұратын ағаш бөшке тәрізді болады (114,2-сурет). Олар 2-3 жылда піседі. Қабыршақтары т‰сіп отырады. Тұқымдық қабыршақтары ‰лкен черепица тәрізді. Жабындық қабыршақтары өте ұсақ, сыртынан байқалмайды.
Кедрдің (Cedrus) қазба қалдықтары бор дәуірінен белгілі.
Гималай тауларының батысында және Ауғанстанда Гималай кедрі (кедр гималайский- C.deodara) өседі. Кедрдің қалған т‰рлері мына жерлерде таралған Ливан кедрі (кедр ливанский – C.lіbanіі). Кіші Азияның тауларының оңт‰стік бөлігінде, Атлас кедрі (кедр атласский – C.atlantіca) Алжир мен Морокконың Атлас тауларында, қысқа қылқанды кедр (кедр короткохвойный -C.brevіfolіa ) Кипр аралында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет