Туялар тұқымдастармағы (туевые) – Thujoіdeae
Туялардың стробилдері ағаш тәрізді қатты болып келеді. Стробилдері пісіп жетілген кезде олардың қатты қабыршақтары бір жағына қайырылып қалады. Бұған 15 туыс жатады. Ең белгілісі туя туысы (Thuja), оған 6 т‰р жатады. Туя туысының өкілдері Солт‰стік Америкада және Шығыс Азияда өседі. БОР-да туялар тек мәдени жағдайда ғана белгілі. Туялар бұталар, немесе ағаштар. Бұтақтары жалпақтау болып келеді, оларды қарама-қарсы орналасқан қабыршақ тәрізді жапырақтары жауып тұрады. Аналық стробилдері 3-6 жұп крест болып орналасқан көн тәрізді қабыршақтардан тұрады. Олар бірінің ‰стін бірі жауып тұрады және бірінші жылдың к‰зінде пісіп жетіледі.
Мәдени жағдайда ең кең таралған т‰рі батыс туясы (туя западная – T.occіdentalіs) (бұрынғы БОР-да Санкт-Петербургтен Қырымға дейін отырғызылады). Шыққан жері (отаны) АҚШ-ның шығысы. Бұл биіктігі 12-20 м-ге жететін, ал диаметрі 1 м-дей болатын ағаш. С‰регі жұмсақ, жеңіл және шірімейтін болып келеді. Көптеген ботаникалық бақтарда өсетін формалары белгілі.
Аршалар тұқымдастармағы (можжевельниковые) - Junіperoіdeae
Аршалардың стробильдері етженді болып келеді. Тұқымдық және жабындық қабыршақтары бірігіп стробилдердің жалпы қабықшасын т‰зеді. Ол шырынды, етженді болып келеді және онда әдетте бір (2-3) тұқымб‰рі болады. Стробилдің қабыршақтары бірігіп етженді стробил т‰зеді, оның формасы шырынды жемістерге ұқсас болады. Тұқымдасқа жалғыз арша туысы (Junіperus) жатады, онда солт‰стік жарты шардың Арктикасынан субтропигіне дейін өсетін 70-тей т‰р бар. Бірнеше туысы тропикалық зонаның тауларында өседі (қытайдың оңт‰стігінде –J.formosana) (Бермуд аралдарында –J.barbadensіs). Аршалардың көпшілігі таудың өсімдіктері болып келеді, ареалдары ‰лкен болмайды. Тек бірнеше т‰рлерінің ғана ареалы аса ‰лкен болады. Оған б‰ткіл солт‰стік жарты шардың барлығында кездесетін кәдімгі арша (можжевельник обыкновенный –J.communіs) мысал болады. Аршалар көп жағдайда жерге төселіп өсетін мәңгі жасыл бұталар, немесе діңі тік өсетін кішілеу ағаштар, биіктігі 10-12 м (сиректеу 20-30 м дейін барады) болады. Қабығы сарғыш-қоңыр т‰сті, аршылып жатады. Бұтақтары не сабағына жабысып, жоғары қарай өседі, не болмаса тармақталып шашыраңқы тұрады. Сол себептенде аршалардың бөрікбасының формасы алуан т‰рлі болады. Жапырақтары бұтақтарында
‰шеуден топтасып орналасады. Олар не ине тәрізді (J.communіs), не қабыршақ тәрізді болып келеді (соңғы жағдайда жас өсімдіктерінде ине тәрізді).
Туыс өкілдерінің көпшілігі екі ‰йлі өсімдіктер. Аталық стробилі өткен (былтырғы) жылғы өркеннің ұшында жалғыздан орналасады, немесе жапырақтардың қолтығында топтасып орналасады. Олар бірнеше жұп қысқа сабақтары бар микроспоро-филлдерінің жиынтығынан тұрады, оның төменгі жағында 3-6 микроспорангийлер орналасады (121,3-сурет).
Аналық стробилдері жапырақтың қолтығында орналасқан қысқарған сабақтарының ұштарында жетіледі. Төменгі жағында олар стерильі жапырақтарымен қоршалып тұрады және көп жағдайда ‰ш қабыршақтан топталып тұратын олардың арасында орналасқан тұқымб‰рлерінен тұрады (121,5-сурет). Пісіп-жетілген стробил шар тәрізді, ашылмайтын болады: стробильдің қабыршағы етженді, тығыз қабысқан, қара немесе қызыл т‰сті (шырынды жеміс деп аталынады) 1-10 тұқымы (көбіне 3) болады.
Ағашы әрт‰рлі бұйымдар жасауға, қаламның сыртын қаптауға
"шырынды жемісі" медицинада кейде сыра ашытуға қолданылады.
БОР-да ең кең таралған т‰рі кәдімгі арша (можжевельник обыкновенный
–J.communіs), ол шыршалы және қарағайлы ормандардың арасында (подлеске) өседі. Оның жапырағы ине тәрізді, тұқымдары бірікпеген, бос жатады.
Қырымда J.oxycedrus және J.excelsa деген т‰рлері өседі.
Қызыл арша (можжевельник красный - J.oxycedrus) биіктігі 5-10 м-ге дейін баратын екі ‰йлі өсімдік. Оның пісіп-жетілген стробилдері қызғыштау- қоңыр т‰сті болып келеді.
Биік арша (можжевельник высокий - J.excelsa) биіктігі 15 м дейін баратын, бір ‰йлі өсімдік. Пісіп-жетілген стробилінің сыртын көкшілдеу-қара т‰сті, немесе көкшілдеу сұр т‰сті қабат (налет) жауып (тұтып) тұрады. Ағашы қаламның сыртындағы қабығын жасауға пайдаланылады.
Қызыл арша (можжевельник казачкий - J.sabіna) аласалау келген жерге төселіп өсетін бұта. Бұтақтары қою-жасыл т‰сті, с‰рткенде жағымсыз иіс шығарады, жапырақтары қабыршақ тәрізді, төменгі бұтақтарында және жас өсімдіктерде жапырақтары ине тәрізді болып келеді. Қабыршақтары формасы жағынан ланцет тәрізді, немесе ромба тәрізді болып келеді. Таулардың жотасында, өзен бойындағы құмдарда, БОР-дың европалық бөлігінде, оңт‰стік-шығысындағы қыраттарда және Орта Азияда өседі.
Орта Азияда аршаның тағы да, бірқатар т‰рлері кездеседі, олар аршалардан тұратын қалың қопалар т‰зеді (арчевники).
Аршаның көптеген т‰рлері Солт‰стік Американың батыс жағалауында, Жапонияда және Қытайда өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |