Т‰рлерінің жалпы саны 850-дей (45 туыс). Кішігірім ағаш, жартылай бұта, біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тропикалық және қоңыржай климатты зоналарда кең тараған. Тропикалық ормандарда көп жағдайда шөптесін және бұталы ярустар т‰зеді. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында саны жағынан аз болғанымен, аса кең тараған т‰рлері өседі. Г‰лдері дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты. Г‰л шоғыры - әрт‰рлі тирс. Г‰лсерігі қарапайым, тостағаншажапырақшалар т‰рінде болады, 4-м‰шелі. Андроцейі 4 аталықтан тұрады, олар г‰лсерігінің жапырақшаларына қарама-қарсы орналасады, аталықтың жіпшесі г‰лдің ортасына қарай қайырылып тұрады. Аналығы бір, екі жемісжапырақшадан т‰зілген. Тұқымб‰рі 1. Жемісі-жаңғақша, олар г‰лсерігінің ұлғайған ішкі жапырақшаларымен қапталып тұрады. С‰т жолдары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарының сыртын әдетте к‰йдіргіш т‰ктер жауып тұрады.
Қалақайтуысы(крапива-Urtіca). Т‰рлерінің саны 40-тай. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 т‰рі, ал Қазақстанда 3 т‰рі кездеседі. Екі жартышардың да тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Көптеген т‰рлері мал азығы ретінде құнды өсімдіктер, кейбіреулерін овощтар ретінде тамаққа пайдаланады, ал кейбіреулері талшықтар алуға қажетті шикізат болып табылады. Қос‰йлі қалақай (крапива двудомная- U.dіoіca) мен к‰йдіргіш қалақай (крапива жгучая- U.urens)- космополиттер. Қос‰йлі қалақайдың г‰лдерінің формуласы:
P2+2 A0 G(2);P 2+2 A2+2 G0 .
Дәріс 12. Тақырып: РАУШАНГ‡ЛДЕР ТЕКТЕС БОС ЖЕЛЕКТІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ - MELOPHYTA CHORІPETALAE. 1-сағат
Дәрістіңмақсаты. Розидтер клас тармағына жататын қатарлардың г‰лдерінің, жемістерінің құрылысымен, негізгі өкілдерімен таныстыру.