Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Құлқайырлар тұқымдасы (мальвовые)- Malvaceae



бет177/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Құлқайырлар тұқымдасы (мальвовые)- Malvaceae


15-мыңдай т‰рлері бар (82-90-дай туыс). Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда д‰ниеж‰зінің барлық құрлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңт‰стік Америкада кездеседі. Г‰лдері ‰лкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Г‰л серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары г‰л асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер т‰зіп орналасқан 10 аталықтан тұрады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бғлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңқап


(тозаңдық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұрады. Гинецейі ценокарпты 5- жеміс жапырақшадан тұрады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (г‰л т‰йіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден немесе көптен тұқымб‰ршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұтас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары т‰сіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.
Мақта туысы (хлопчатник - Gassypіum). Оның 66-ға жуық т‰рі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтары болып табылады.
Жіп иіруге қажетті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Индияда біздің эрамыздан 3 мың жылдай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы – талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бірклеткалы, ақ немесе сары т‰сті болып келеді, ұзындығы 60мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70-75% -ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дәндерінен 20% -ке дейін тамаққа пайдаланылатын және техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. К‰нжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 т‰рі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа республикалары (Т‰рікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңт‰стігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай т‰рлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник - G.hіrsutum), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник - G. herbaceum), шыққан жері - Иран және Орта Азия; және египет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник - G. peruvіanum), шыққан жері - Перу.
Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кендірі (кенаф - Hіbіscus cannabіnus) бамия (H.esculentus), авиценна канатнигі (Abutіton avіcennae).
Бұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей - Althaeae) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный -A.offіcіnalіs ) деген т‰рдің тамыры әрт‰рлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет