Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет190/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Утамыр туысы (вех-Сіcuta). Бұл туыстың 20-дай т‰рі бар, олар негізінен солт‰стік Америкадан кеңінен таралған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кәдімгі утамыр (вех ядовитый-Cіcuta vіrosa) деген жалғыз т‰рі бар, ол сабағының биіктігі 50-80 (150) см жететін, жоғарғы жағы бұтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсынды тілімделген, ұзын сағақты болады, тамырсабағы жекелеген камераларға бөлінген, улы алколоидтар жинайды (цикутотоксин, цикутин). Осы өсімдіктен ауылшаруашылық жануарларының улануы жиі кездесіп отырады.


Дәріс 13. Тақырып: Алқалар қатары (пасленовые) – Solanaceae,


Ерінг‰лділер қатары (Lamiaceae), Асқабақтар (Cucurbitaceae) қатары.

1 сағат


Дәрістің мақсаты. Ламидтер клас тармағына жататын қатарлардың г‰лдерінің, жемістерінің құрылысымен, негізгі өкілдерімен таныстыру.

Қарастырылатын мәселелер.


  1. Алқалар қатары

  2. Ерінг‰лділер қатары

  3. Асқабақтар қатары



Алқалар тұқымдасының 2300-дей т‰рі бар (85 туыс). Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді. Сиректеу жартылай бұталар, кейде тіптен бұталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңт‰стік Америкада өрмелеп өсетін бұталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды, жапырақтары жай, жапырақтақталары тұтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады. Г‰лдері монохазий бұйра г‰лшоғырына жиналған немесе жекелеген г‰лден тұратын, көрнісі актиноморфты, көп жағдайда г‰л т‰йінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5-тісті, ал г‰лдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. К‰лтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді, немесе кең қоңырау секілді болып келеді. К‰лтенің трубкасына, оның тістерімен кезектесіп, ішкі жағынан әрқайсысының басында 2-ден, сиректеу 4-тен тозаң ұясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Г‰л т‰йіні жоғарғы, әдетте 2 ұялы, бірақта жалған перденің пайда болуына немесе г‰лдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу с‰йекті болып келеді. Көптеген т‰рлерінің овощтық өсімдіктер ретінде (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, ал кейбіреулерінің бойында улы аккалоидтары болады, оларды дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық т‰рлері сәндік өсімдіктер болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет