Алқатуысы( паслен - Solanum ). 1,5 мыңдай т‰рлері бар. Т‰рлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңт‰стік Америка. БОР-дың флорасында бары- жоғы 10-ақ т‰рі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп (
картофель - S.tuberosum), ол осы тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған т‰рдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Г‰лсерігі актиноморфты, к‰лтежапырақшаларының т‰сі ақ, ашық-сия көк, сарылау - қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус т‰зіп орналасады. Г‰лінің формуласы:
Ca(5) Co(5) A5 G(2). Екі ұялы шырынды жемісі болады. Тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бұтағы - сталондары болады, оларды тамырдан оңай ажыратуға болады. Өйткені олардың б‰ршіктерімен ұсақ қабыршақ (чешуя) тәрізді төменгі жерасты) жапырақтары болады. Сталондарында т‰йнектері жетіледі, оларда 12-25% дейін крахмал және 78% дейін су болады. Картоптың 1 мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әрт‰рлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. БОР-дың территориясында отырғызылып ж‰рген картоп, шамасы Чилидің Андасында, Чилоэ аралында өсетін т‰рге, бәлкем Перуде өсетін т‰рге де жататын болуы м‰мкін. Кең таралған овощтық дақылға көк баклажанда (синий баклажан - S.melongena) жатады. Ол жеуге келетін жемісі ‰лкен, қою сия-көк т‰сті; шыққан жері Индия. Жабайы өсетін т‰рлерінен ащылау алқаны (паслон сладко-горький - S.dulcamara) айтуға болады. Ол жартылай бұта, шырынды жемісінің т‰сі ашық-қызыл болып келеді. Қара алқа (п.черный - S.nіgrum) ; біржылдық шөптесін өсімдік, шырынды жемісінің, т‰сі қара болып келетін кең таралған арамшөп.
Темекі туысы(табак - Nіcotіana). 100-дей т‰рі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңт‰стік Америкада, Австралияда кездеседі. Бұталар және шөптесін өсімдіктер. Г‰лдерінің к‰лтежапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңыраутәрізді, көп жағ- дайда қош иісті болып келеді. Бірқатар т‰рлері біржылдық техникалық өсімдіктер ретінде кеңінен өсіріледі: кәдімгі темекі (табак курительный -N.tabacum) -жабайы т‰рінде Перуде және Эквадорда өседі, көптеген сорттары шығарылған; Мохорка темекісі (табак махорка - N.rustіca). Сәндік өсімдіктер ретінде орман темекісі (табак лесной - N.sylvestrіs), ұзынжапырақты темекі (табак длиннолистый - N.longіfolіa) және т.б. отырғызылады.
Бұрыш туысы(перец - Capsіcum ). Т‰рлерінің саны 25-тен 50-ге дейін жетеді. Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер. табиғи жағдайда Орталық Америкада өседі. Қоңыржай климатты елдерде, оның ішінде БОР-дың оңт‰стігінде және Қазақстанның оңт‰стік облыстарында өсіріледі. Біржылдық бұрыштың (перец однолетний - C.annuum) негізінде көптеген ащы және салаттық сорттары шығарылған. Шыққан жерінде ол жартылай бұта. Басқа туыстарынан мына т‰рлердің маңызы зор: ас помидоры (томат – Lycopersіcum esculentum) біржылдық дақыл 600-дей сорттары белгілі; белладона (Atropa belladonna) көпжылдық шөптесін өсімдік, бойында атропин және гиосциамин алколоидтары болады, сол
‰шін оны дәрілік өсімдік ретінде өсіреді.