Биік андыз(девясил высокий - Іnula helenіum) биіктігі 60-250 см дейін баратын, тамырсабағы ағаштанған өсімдік. Г‰лдері алтындай сары т‰сті, себеттерінің диаметрі 8 см болады, олар сиректеу шашақ немесе қалқанша г‰лшоғырын т‰зеді.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясының барлық жерлеріндегі жалпақ жапырақты ормандарда және бұталардың арасында өседі, таулы жерлерде субальпі белдеуіне дейін көтеріледі. Сонымен бірге ол шалғынды жерлерде де өседі. Биік андыздың сәндік, дәрілік және бал беретін өсімдік ретінде маңызы зор.
Тілшег‰лділер тұқымдас тармағы (подсемейство язычкоцветные) –
Lіgulіflorae
Г‰лдері тілше тәрізді болып келеді. Вегетативтік органдарында барлық уақытта бунақталған с‰т жолдары болады (бөлінген заттарды жинақтайтын қуыстары - млечники) .
Бақбақ туысы (одуванчик - Taraxacum). Бақпақтың 70-тей т‰рі бар, оның 59-ы Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақпақ жершарының барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Негізінен жертаған т‰зетін жапырақтары бар көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Г‰лдері сары т‰сті. Кәдімгі бақпақ (одуванчик обыкновенный или аптечный - T.offіcіnale) аса кең тараған өсімдік, өте өзгергіш келеді, тамырында инулин болады. Көк-
сағыз (кок-сагыз - T.kok-saghyz) табиғи жағдайда Шығыс Тянь-Шанда өседі, тамырында 20% дейін сапасы жоғары каучук болады.
Қалуентуысы(осот - Sonchus). Бұл туыстың солт‰стік ендікте кең таралған 45 т‰рі бар. Көпжылдық (кейде жартылайбұта) немесе біржылдық өсімдіктер. БОР-дың территориясында олардың 6-ы т‰рі, ал Қазақстанда 4 т‰рі өседі. Олардың барлығы шөлейт аймақтан бастап батпақты жерлерге дейін кездеседі. Егін шаруашылығына ‰лкен зиян келтіретін арамшөп ретінде егістік қалуенін (осот полевой - S.arvensіs) атап айтуға болады.
Дәріс 15. Тақырып: Дара жарнақтылар класы. 1 сағат
Дәрістің мақсаты . Лилиопсидтер класына жататын қатарлардың г‰лдерінің, жемістерінің құрылысымен, негізгі өкілдерімен таныстыру.