Бұл қатарға тек жапырақты сабақты бауыр м‰ктері жатады. Олардың ішінде талломды өсімдік жоқ. Архегонийлері сабақтың жоғарғы жағында және бұтақтарында пайда болады. Бұрынғы системалардың көпшілігінде юнгерманниялар қатарын акрогинді юнгерманниялар қатар тармағы ретінде қарастырады. Олардың өсу н‰ктелері архегонийлердің т‰зілуіне жұмсалады, соған байланысты бұтақтарының одан әрі өсуі тоқталады. Бұрынғы системалардағы қатар тармағының аты осы ерекшелігіне тікелей байланысты болса керек: акрогинді деген сөз ‰стіңгі жемісті деген ұғым береді.
Юнгерманниялар қатарына 18 тұқымдас, 180 туыс және 7500-дей бауыр м‰ктерінің т‰рлері жатады.
Олар барлық жерлерде кездеседі, алайда ең көп дамыған және т‰рлерінің саны жағынан аса бай болып келетін ортасы ылғалды тропикалық ормандар болып саналады. Ол жерлердің өсімдіктер жабынында бұл м‰ктер маңызды ролъ атқарады. Юнгерманниялар топырақ бетін т‰гелімен жауып жатады. Сонымен бірге ағаштардың діңдерін, бұтақтарын (эпифиттер) және жапырақтарын (эпифилдер) жауып тұрады. Кейде олардың қалың болатындығы соншалықты, тіптен жапырақ тақтасын т‰гелімен жауып тұрады, фотосинтез процесін қиындатады. Тропикалық ормандарда бауыр м‰ктері ‰лкен мөлшерге жетеді.
Көптеген бауыр м‰ктері қоңыржай климатты облыстарда жақсы таралған. Бұл аймақтарда олар негізінен орманды жерлерде өседі. Ағаштардың діңдерінің төменгі жағында, қураған бұтақтарда немесе шөптің арасындағы топырақтардың бетінде, сонымен бірге шабындықтарда, батпақты жерлерде, басқа м‰ктердің арасында өседі. Суық облыстарда бауыр м‰ктерінің көптеген т‰рлері кездеседі. Кейде олар едәуір алқапты қамтып, топырақтың бетін жауып жатады (мысалы, туындырады Ptіlіdum).
Көптеген юнгерманниялардың дорзовентральды жерге төселіп өскен сабақтары болады.
Сабақтарында жапырақтары негізінен ‰ш қатар т‰зіп орналасады: олардың екі қатары арқа жағында және бір қатары төменгі жағында орналасады (амфигастрилері). Жалпы амфигастрилері нашар жетілген, ал кейбір т‰рлерінде олар тіптен жойылуға жақын (Radula).
Арқалық жапырақтары б‰тін, сиректеу, ‰стіңгі жағы екі айыр, кейде көлемі әрт‰рлі қалақ тәрізді бөліктерге (жақтауларға) бөлінген болып келеді. Бұл жағдайда кішкентай жақтау, сабақтың төменгі жағына қарай майысады да суды бойына сақтап қалу қызметін атқарады. Ал ‰стіңгі ‰лкен жақтауында фотосинтез процесі ж‰реді.
Кейбір бауыр м‰ктерінің т‰рлерінде, кішкентай жақтаулары құмыраға ұқсас болып келеді, оларда су жиналады.
Кейде жапырақтары бірнеше рет ұсақ бөлшектерге тілімделген болып келеді (Ptіlіdіum). Юнгерманниялардың жапырағы мен сабағының анатомиялық құрылысы өте қарапайым болып келеді. Сабағы біртектес ұзынша келген клеткалардан тұрады, олардың қабықшалары жұқа болып келеді. Жапырағы бір қабат клеткалардан тұрады, ортаңғы ж‰йкесі болмайды. Сабағынан және жапырақтарынан құрылысы өте қарапайым болып келетін ризоидтары кетеді. Олар өсімдікті субстратқа бекітіп тұрады және оны сумен қамтамасыз етеді. Жапырақтарының формасының және олардың сабаққа орналасу ерекшеліктерінің ‰лкен систематикалық маңызы бар.
Бауыр м‰ктерінің бұл тобымен танысу ‰шін біз мынадай екі туысты аламыз - радула және хилосцифус.
Радула (Radula) туысында 270-тей т‰р бар. Олар ағаштардың діңдерінде өсетін тропикалық және субтропикалық эпифиттер, сонымен бірге
жапырақта кездесетін эпифиллдер. Бізде жөке (Tіlіa cordata) мен емен (Quercus robur) ағаштарының діңдерінде сұлама радула (Radula complanata) дейтін т‰р кездеседі. Оның ұзындығы 2-4 см-дей болатын дорзовентральды сабағы ағаштың қабығына тығыз жабысып өседі. Шымнан көтерілген өсімдіктің шашыраңқы сабағы болады. Негізгі сабағы мен жанама бұтақшаларында жапырақтар екі қатардан орналасқан болады. Әрбір жапырақ екі телімнен тұрады. Оның арқа жағындағы бөлігі ‰лкендеу, құрсақ жағындағысы кішірек, төмен қарай иілген болып келеді және сабаққа жабысып тұрады. Бір қабат жапырақтары өздерінің шеттерімен бірінің ‰стін бірі жауып тұрады. Нәтижесінде өсімдік айқын дорзовентральды құрылысты болып келеді (14-сурет). Радуланың төменгі жапырақтары (амфигастрий) болмайды. Жапырақтың төменгі бөлігінен ризоидтары кетеді.
Радуланың бұтақтануы басқа юнгерманниялар секілді ерекше жағдайда өтеді: бұтақтары жапырақтың қолтығынан емеc, өзінің жапырағынан біршама төмендеу орналасқан сабақтың төменгі бөлігінен шығады. Радула бір ‰йлі бауыр м‰гі: антеридийлері мен архегонийлері бір өсімдікте жетіледі.
Архегонийлері бұтақтың ‰стінде топтасып орналасады, ал өсу н‰ктелері олардың т‰зілуіне және осы бұтақшаның өсуіне кетеді. Әрі қарай бұл бұтақтың өсуі тоқталады. Архегонийлердің құрылысы маршанциялардың архегонийлерінің құрылысына ұқсас (14,1б-сурет). Архегонийлеріне жақын орналасқан жапырақтарының басқа жапырақтардан формасы мен көлемдері жағынан айқын айырмасы болады. Олар бір-бірімен бірігіп өсіп архегонийлердің айналасына қалпақ тәрізді жамылғы - перихеций т‰зеді (14,1а-сурет).
Антеридийлері архегонийлеріне қарағанда біршама төмен жатады және олардың әрқайсысы ұзын тірсекке орналасқан болып келеді (14,1б-сурет). Осы антеридийлердің ішінде екі талшығы бар көптеген спермотозоидтар жетіледі. Ұрықтанғаннан кейін зиготадан спорогон жетіледі. Пісіп жетілген спорогон қорапшадан, тірсектен және гаусториядан тұрады (14,1в-сурет).
Гаусторидің көмегімен спорогон сабақтың ұшындағы ұлпаға енеді де, гаметофиттен өзіне қажетті қоректік заттарды алады. Қорапшаның екі қабат қабықшасы болады. Қорапшада споралар мен пружинкалар жетіледі. Cпоралардың пісіп жетілетін уақыты келгенде, спорогонның тірсегі ерекше ұзарып, қорапшаны жоғары көтеріп перихецийден тыс әкетеді. Қорапша жоғарғы жағынан төрт жақтаулар арқылы ашылады. Одан споралар шашылып жерге т‰седі. Осы жерге т‰скен споралардан қысқа пластинка тәрізді протонема өседі. Ол протонема келешегінде жапырақты өсімдікке айналады.
Хилосцифус (Chyloscіphus) орманда кең тараған,ол ағаш діңінің т‰п жағында, құлап шіріп жатқан бұтақтарда (Сh.pallescens) немесе батпақты топырақтардағы шөптердің арасында (Ch.polyanthus, 14,2-сурет) өседі. Ол әрі сиректеу, әрі жұқа болып келетін шым т‰зеді, көбіне жерге жабысып немесе төселіп өседі, сабағының ұшы көтеріңкі болып келеді. Өсімдіктің ұзындығы 2-6 см-дей болады, ал ені 2-3 мм-ден аспайды. Жапырағы ‰ш қатардан тұрады. Арқа жағының жапырағы (екі қатар) жалпақ, тұтас немесе ұш жағы
екіге бөлінген болып келеді. Астыңғы жағының (бір қатар) жапырағы - амфигастрий, терең екіге бөлінген. Антеридийлерінің, архегонийлерінің және спорогонының құрылыстары радуланыкімен бірдей.