Мал азықтық алаптар территориясын реттестіру



бет1/3
Дата10.03.2023
өлшемі61,45 Kb.
#73107
  1   2   3
Байланысты:
4-бөлім Аяулым

  1. Мал азықтық алаптар территориясын реттестіру


    1. Шабындық территориясын реттестіру

Шабындық территориясын реттестіру кезінде шабындықтық айналымды ұйымдастыру және олардың танаптары мен жолдарды орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Шабындықтық айналымды ұйымдастыру олардың типін, санын және кезектелу схемасын, яғни жер оттылығын шабу мерзімі мен оларды күтіп-баптау шараларын анықтауды қамтиды. Табиғи шабындықтарда шӛптің пісіп жетілу мерзімі бойынша шӛп шабу кезектелетін шабындықтық айналым жүргізіледі. Түбегейлі жақсартылған шабындықтарда шабындықтық айналымның келесі схемасы ұсынылады: жыл сайын 2-3 рет шӛп шабумен 4-6 жыл бойы кӛпжылдық шӛптермен шалғындау.
Кішігірім ауданды табиғи шабындықты учаскелерде шабындықтық айналым уақытпен, ал шабындықтық учаскенің ауданы үлкен болған кезде шабындықтық айналым уақыт пен кеңістікте жүргізіледі.
Шабындықтық айналым танаптары механикаландырылған жұмыстарды орындауға қолайлы болуы тиіс. Танаптардың тең ауданды болуы міндетті емес, ӛйткені олардың бәрі бір жылы орылады. Танаптардың межелері бойынша жолдар жобаланады.
    1. Жайылым территориясын реттестіру


Жайылым территориясын реттестіру кезінде оларды мал топтарына бекіту және жайылымдық айналымды ұйымдастырып, олардың ішкі территориясын реттестіру жұмыстары жүргізіледі.

      1. Жайылатын мал топтары ұйымдастырылады. Шаруашылықта жоспарланған мүйізді ірі қара мал басы табындарға бӛлінеді. Табындардың ӛлшемдері ұсынылған мӛлшерден аспауы тиіс: сиырлар 200 бас, 1 жасқа дейінгі м.і.қ. тӛлі 150 бас, 1 жылдан асқан м.і.қ.тӛлі 300 бас.

      2. Қажетті ауданды ескере отырып жайылатын мал топтарына жайылымдар бекітіледі. Ол үшін әрбір табынды ұстау үшін қажетті жайылым ауданы есептеледі. Есептеулер 17 кестеде орындалады.

        1. Далалық аймақтардағы ӛнімділігі тӛмен жайылымдардағы табын учаскелерінің ауданы келесі формула бойынша анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет