Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет63/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер класы (хвойные или пинопсиды) - Pіnopsіda
Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық тұқымдылардың ішіндегі түрлерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік ендікте кең таралған, бұл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқанжапырақты орман түзеді. Оңтүстік ендікте қылқан жапырақтылар қоңыржай климатты обылыстарда орман түзеді (Огненная Земля, Патагония, Жаңа Зеландия, Тасмания). Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.
Құрылысы. Қылқан жапырақтылар негізінен ағаштар, сиректеу бұталар. Ағаштары кейде ересен үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Көп жағдайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қысқарған. Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді (хвоя), бірақ ертеректе пайда болған туыстарында (араукария, агатис) ланцетті және жалпақ ланцентті болып келеді. Кейбір қылқан жапырақтылардың жапырақтары қабыршақты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстінгі ұшы ойық (май қарағай), колденең кесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1-2 см.- ден 30-40 см.- ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылқан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал қарағай және метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90-95% трахеидтен тұрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көпшілігінің қабығында, сүрегінде және жапырақтарында схизонгендік смола жолдары болады, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады.
Көбеюі. Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері (шишки) дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырақтардың қолтығында, сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорофилдері редукцияға көп ұшыраған, қабыршақ тәрізді немесе қалқан тәрізді (тисс туысы). Аналық бүршігінің (стробил,шишки) құрылысы алуан түрлі болады. Микроспорофилдерінде бірден бірнешеге дейін тұқымбүрлері орналасады. Интегументі көп жағдайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы қатты, ал сыртқы және ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көпте бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы және тұқымның (дәннің) пайда болуы жоғарыда сипаттап жазған қарағайдыңқімен бірдей болады.
Шаруашылықтағы маңызы. Шыршалардың, қарағайлардың, бал қарағайлардың, май қарағайлардың, аршалардың табиғатта және адам өмірінде маңызы ересен зор. Басқа жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, аудан көмір қышқыл газын сіңіріп, өттегін бөліп шығарады. Орманның ағашы кесілген және өрт шалған жерлерінің қайтадан табиғи жолмен қалпына келуі, осы жерлерде жарық сүйгіш, топырақ таңдамайтын қарғайдың, қайынның, көктеректің пайда болуынан басталады. Сусымалы құмдарға өсіп, қарағайлар олардың жылжуын тоқтады. Қарағайлар өз бойынан ерекше буланып ұшатын заттар бөліп шығарады. Олар орманда ғана емес, сонымен бірге орманға жақын жерлердегі көптеген зиянды бактериялардың дамуын тежейді. Қылқан жапырақты ормандар, жалпақ жапырақты ормандар секілді, қардың еруін кешеуілдетеді, сөйтіп осы жердің ылғалын арттырады.
Қылқан жапырақтылар поляр шеңберіне жақын жерлердегі үлкен кеңістіктерде және тауларда орман түзеді. Оны тайга деп атайды. Тайга көптеген өнеркәсіпке керекті аңдардың, құстардың және пайдалы насекомдардың мекендейтін жері. Қылқан жапырақты ағаштар құрылысқа және әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға керекті материалдарды береді. Қарағайдың сүрегін химиялық жолмен өндеу арқылы, одан жібек жіптерше ұқсас жасанды талшық алады. Ашық тұқымдылардың діңі, өндірістің көптеген саласына қажетті құнды шикізат. Олардан бальзамдар, смолалар, камфора, спирт, целлюлоза, жібек және басқада көптеген заттар алынады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылар медициналық препараттар алуға да қажетті шикізат болып есептелінеді.
Сібір қарағайын, Сібірде кедр деп атайды. Нағыз кедрлер Солтүстік Африканың таулы жерлерінде, Жерорта теңізі облысының шығысында және Гималай тауында өседі. Бұрынғы Одақтас республикалардың территориясында, оларды Кавказдың Қаратеңіз жалғауларында және Қырымда қолдан өсіреді. Сібір қарағайының дәнінен (жаңғағынан) тамаққа пайдаланатын жақсы "кедр" майын алады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылардың көпшілігі, көшеге көрік беретін сәндік өсімдіктер, сондықтанда олардың бірқатарын қазіргі кезде мәдени жағдайға ендірген. Оларды ботаникалық бақтарда, дендроперктерде, демалыс парктерінде, скверлерде және көшенің бойларында сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет