Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ІІ.ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ТАЛЛОМДЫ, ЯДРОҒА ДЕЙІНГІ ТАРМАҒЫ - THALLOBІONTA PROCARYOTA



бет2/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

ІІ.ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ТАЛЛОМДЫ, ЯДРОҒА ДЕЙІНГІ ТАРМАҒЫ - THALLOBІONTA PROCARYOTA

Дробянкалар бөлімі - Schіzophyta


Көк-жасыл балдырлар бөлімі – Cyanophyta


Дәріс 2. Көк жасыл балдырлар бөлімі. Балдырлардың жалпы сипаттамасы. Дәрістің мақсаты - студенттерді балдырлардың алуан түрлілігімен, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен, классификациясымен, экологиясымен, табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Балдырлардың жалпы сипаттамасы, талломдардың морфологиялық алуантүрлілігі.

  2. Қоректенуі, қор заттары және көбею жолдары.

  3. Балдырлардың классификациясы.

  4. Көк - жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы, қоректенуі, көбею жолдары мен классификациясы.

Көрнекті құралдар: Гербарийлер, кестелер.

Көк-жасыл балдырлар (cине-зеленые водоросли) - Cyanophyta


Көк-жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер. Түрлерінің жалпы саны 1,4 мың шамасында болады.
Құрылысы. Бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуантүрлі болып келетін организмдер (көк-жасыл, сарғыш, қанықтау-жасыл). Олардың түсі клеткада әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пегменттердің: көк-жасыл түсті фикоцианның, хлорофилдың, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей байланысты болады. Көк-жасыл балдырлардың клеткаларында қалыптасқан ядросы, хроматофорасы және клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады және аздап шырышпен қапталған. Клетка қуысы цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады: қатты клетка қабықшасына жақын жатқан, мембраналар мен пигменттерден тұратын, көк- жасыл түске боялған қабат- хроматоплазмадан және ДНҚ- дан тұратын, түссіз ортаңғы бөлік - центроплазмадан. Клеткасының құрылысының осындай қарапайым болып келуі, көк-жасыл балдырларды дробянкалармен көп жақындастырады.
Көп клеткалы көк-жасыл балдырлар әдетте жіп тәрізді болып келеді. Жіптерінің ұзындыққа өсуі клеткалардың жай екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Жіп тізетін біртектес клеткалардың ішінде гетероциста деп аталынатын біршама үлкен, қабық-шалары қалың, клетканың ішіндегі тірі заттарынан айрылған, сарғыш-қоңыр түсті дөңгелек өлі клеткалар болады. Көп жағдайда бір клеткалы және жіп тәрізді көк - жасыл балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады және бірігіп біршама үлкен колония түзеді.
Қоректенуі. Көк-жасыл балдырлар автогрофты жолмен қоректенеді. Алайда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды да өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопротеид (гликогенге ұқсас), валютин (белок) немесе көк-жасыл балдырларға тән цианофицин (липопротеид) түзеді.
Көбеюі. Көк-жасыл балдырлар негізінен вегететативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдердің көбеюі клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің, ал көп клеткаларының жіптерінің гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегететативтік көбеюге қажетті участогі гормогония деп аталынады. Арнайы маманданған көбеюі органдары болмайды. Көк-жасыл балдырлар еш уақытта талшықты формалар түзбейді. Жыныстық көбеюі жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан қабықшалары қалың споралар түзіледі. Олардың ішінде қор заттары мол болады. Бұл жерде спораларды тыныштық қалыпқа көшкен клеткалар деп түсінген жөн, өйткені олар вегететативтік клеткаларға қарағанда сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына көп төзімді келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет