Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет87/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107
Тұқымдары гүлтүйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы –Teіchіospermatophyta chorіpetalae
Бұл топқа филогенетикалық тұрғыдан аз зерттелген, негізінен тропикалық тұқымдастар жатқызылады.
Крестгүлділер, немесе капустагүлділер тұқымдасы (крестоцветные или капустные)- Crucіfera, Brassіcaceae
Крестгүлділер жер бетіндегі құрлықтардың (континенттердің) барлығында, әсіресе қоңыржай және суық климатты облыстарда, тіптен Арктикаға дейін кең таралған. Түрлерінің саны 3 мыңдай болады (350 туыс). Өмірлік формалары негізінен шөптесін өсімдіктер, бұталарыда кездеседі. Олардың барлығының бір-бірімен туыстық байланысының тығыз болатындығы сонша, жекелеген түрлерді былай қойғанда , көп жағдайда тіптен туыстардың өзінің арасында айқын морфологиялық айырмашылық жоқ. Қалыпты жағдайда бұл жапырақтары кезектесіп орналасатын, жапырақтақталары тұтас, немесе тілімделген болып келетін, қосалқы жапырақшалары жоқ өсімдіктер. Бұларда глюкозидтер жиналады, олар ыдырағанда қыша майы (горчичное масло) түзіледі. Гүлдерінің құрылысы біртектес, гүластыжапырағы мен гүластыжапырақшасы болмайды. Гүлшоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиноморфты, қосжынысты, гүл серігі қосарланған болып келеді. Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан 4 тостағанша жапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4 бос күлтежапырақшадан тұрады, бірақ ол бір ғана шеңбер түзіп орналасады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4 ұзыны ішкі шеңберді, ал 2 айқын қысқа болып келетіні сыртқы шеңберді түзеді. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Жатыны (гүлтүйіні) жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байланысты 2 - ұялы болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағында екі жақтауы бар аналықтың аузымен ұштасады, кейде аналықтың аузы шоқпарбас болып келеді. Шырындығы жақсы жетілген, ол қысқа аталықтардың түп жағында томпайып немесе тұтас жастықша тәрізді болып тұрады. Гүлінің формуласы:
 Ca4 Co4 A2+4 G(2).
Жемісі бұршаққап, кейде бұршаққын, екі жақтауы арқылы қақырап ашылады. Жалған пердеден төменнен жоғары қарай қақырауы арқылы айқын ажыратылады. Кейбір түрлерінің жемісі қақырамайтын көпдәнді немесе бірдәнді, бунақты бұршаққын, қанатша болып келеді. Дәндерінің эндоспермі болмайды.
Капуста туысы (Brassіca). 50- дей түрі бар, БОР-дың территориясында 9-түрі кездеседі. Олардың көпшілігі мәдени жағдайға ендірілген. Бақша капустасы (к. огородная - B.oleraceae) - өзгергіш түр, оның мынадай формалары болады: жабайы капуста (var.acephala) - биік өсімдік, ол жерортатеңізінің батыс жағалауындағы жартастарда өседі; брюссель капустасы (var.gemmіfera) - екі жылдық өсімдік, олардың қолтығындағы бүршіктерінен ұсақ когандар түзіледі; кочанды капуста (var.capіtata) екіжылдық өсімдік, овощтық өсімдік ретінде өсіріледі, ол овощтық дақылдың жер көлемі нің 30% алады; гүлді капуста (var.botrytіs) хлорофилі жоқ, гүлшоғыры үлкен және жуан гүлсағағында жетілмеген гүлдері болатын сорттары өсіріледі; кольраби (var.gongyloіdes) екіжылдық, сабағы қысқа шартәрізді болып жуандайтын өсімдік; савой капустасы (var.sabauda), екі жылдық өсімдік, дәмінің сапасы жоғары болып келеді. Батыс Европада өсіріледі.
Шалқан капуста (капуста репа, турнепс - B.rapa ) екіжылдық өсімдік, бірінші жылы тамыр сабағы түзіледі. Тамаққа және мал азығы ретінде пайдаланылатын сорттары шығарылған. Олар барлық жерлерде кеңінен таралған.
Жабайы капуста (сурепица - B.campestrіs) біржылдық өсімдік, биіктігі 1м-ге дейін барады, арамшөп ретінде жиі өседі, сиректеу майлы дақыл ретінде өсіріледі (var.oleіfera). Брюква,рапс (B.napus) бір немесе екіжылдық өсімдік, биік сабағына жапырағы қалың болып орналасады. Май алынатын дақыл ретінде себіледі.
Тамыр жемісі овощ ретінде де, малға қорек ретінде де пайдаланылады. Сарепт қышасы (горчица сарептская - B.juncea)- біржылдық өсімдік, май алынатын дақыл ретінде және қыша парашогін алу мақсатында себеді.
Табиғи жағдайда қалың болып өсетін кейбір крестгүлділерді шаруашылықта пайдаланады, мысалы жабайы хренді (Armoracіa rustіcana). Көп уақыттан бері ымыртгүлді (вечерницу, вечерную фиалку - Hesperіs matronalіs), біржылдық левкойды (Matthіola annua) және тағы басқаларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді. Крестгүлділердің көпшілігі тамаша бал беретін өсімдіктер болып табылады, оған қыша туысының (Sіnapіs) түрлері мысал болады. Көптеген түрлері аса зиянды арамшғптер болып табылады.


Құлқайырлар тұқымдасы (мальвовые)- Malvaceae
15-мыңдай түрлері бар (82-90-дай туыс). Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бғлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңқап (тозаңдық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұрады. Гинецейі ценокарпты 5- жеміс жапырақшадан тұрады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден немесе көптен тұқымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұтас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.
Мақта туысы (хлопчатник - Gassypіum). Оның 66-ға жуық түрі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтары болып табылады.
Жіп иіруге қажетті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Индияда біздің эрамыздан 3 мың жылдай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы – талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бірклеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, ұзындығы 60мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70-75% -ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дәндерінен 20% -ке дейін тамаққа пайдаланылатын және техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа республикалары (Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник - G.hіrsutum), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник - G. herbaceum), шыққан жері - Иран және Орта Азия; және египет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник - G. peruvіanum), шыққан жері - Перу.
Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кендірі (кенаф - Hіbіscus cannabіnus) бамия (H.esculentus), авиценна канатнигі (Abutіton avіcennae).
Бұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей - Althaeae) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный - A.offіcіnalіs ) деген түрдің тамыры әртүрлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет