Кесімді еңбекақының артықшылығы-еңбек нәтижелері мен сыйақы мөлшері арасында тікелей байланыстың барлығы
Комитеттер әдісі-бойынша бағалау, адамның жұмыс істеуін топта талқылауды көздейді.
Күту-адамдардың әрекеті қандай жағдайда белгілі бір нәтижеге әкелетіндігі жайлы түсінік.
Қажеттілік-келнңсіздікті туындататын әлде бір нәрсенің жетіспеуі.
Қауіпсіздік жіне тұрақтылық-ұйымда өз жағдайын сақтау және нығайтуға ұмтылу қызметкердің іс-әрекетіне үлкен әсер етеді, сондықтан негізгі мәселелер ретінде олар осындай кепілдеме беретін қызметке орналасуды қарастырады.
Құқықтық аспект-персоналмен жұмыс істеуде еңбек заңдылықтарын сақтау мәселелерін қарастырады.
Құрылымдық байланыстың төрт түрі - желілі бағыну, атқарымдық жетекшілік ету, бірге қызмет атқару, атқарымдық қызмет көрсету, қабылдау үрдісін қамтамасыздандыруда көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе т.б жұмыстар.
Қызметкердің білімі үшін төлем жүйесінің-негізін қалаушы қағида, жұмыскердің ұйым мақсатына жетуде оның қосқан жұмыс орнының әлеуетті үлесі емес қосымша дағды немесе игергені үшін марапаттау болып табылады.
Лауазымдық нұсқау-жалпы білімі, арнайы білімі, шет тілін білуі, компьютерде жұмыс істей білуі және т.б.
Локтың мақсаттарды қою теориясы-адамдар ұйымның мақсатын өзінікіндей қабылдап, осы жұмыстың табыстарына жетуге тырысады және ол қанағаттанушылық табады деген тұжырымнан шығады.
Мак Клелланд иеленген қажеттіліктер теориясы-онда автор қажеттіліктердің үш деңгейін бөліп көрсетеді: табыс, билік, қатыстылық.
Мансап-бұл адамның өз еңбегі жайлы субьективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне қанағаттанғандық білдіру әсерлері.
Мансап мақсаты-өз білімін кеңейтіп, жаңа тәжірибелерді үйрену, жалақысы жоғары қызметті алуға өзін даярлау, мансап үшін маңызды адамдарды тану және бағалау, өмірде бәрі өзгеретінін есте сақтау керек, себебі сіз, сіздің біміңіз, тәжірибеңіз, нарық, ұйым, қоршаған ортаның барлығы өзгерісте болады.
Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы-туралы теориясында сәйкес адамға керек қажеттіліктер: негізгі физиологиялық қажеттіліктер, қауіпсіздікке деген қажеттілік, әлеуметтік бірлікке деген қажеттілік, сыйластыққа және өзін-өзі сыйлауға деген қажеттілік, өзін-өзі көрсетуге, өзін жетілдіруге деген қажеттілік.
Математика-статистикалық тәсілдер-әр түрлі үлгілер негізіндегі үйлесімді есептеулер.
Достарыңызбен бөлісу: |