Дәріс №1. Тақырып: Зоология пәнінің мақсаты мен міндеттері. Жоспар



Дата04.04.2023
өлшемі23,66 Kb.
#79003
Байланысты:
Дәріс-1


Дәріс №1.
Тақырып: Зоология пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Жоспар:
1.Зоологияның даму кезеңдері.
2.Ғалымдардың еңбектері мен көзқарастары.
3.Омыртқалылар мен омыртқасыздардың жіктелуі.

Зоологияның даму зандылығы мен негізгі кезеңдері. Жануарлар әлемі туралы алғашқы деректерді адамдартас дөуірінен (палеолиттен) бастап жинаған. Жануарларды аулап, қоректену, қолға үйретіп, өсіру арқылы олардың құрылысы, тіршілігі жөне ауырулары туралы мөліметтер жинап отырған, яғни алғашқы зоологиялық материалдарадамдарға практикалық жағынан белгілі болған. Жануарлар туралы шығармалар Ертедегі Қытайда, Индияда жазылған. Жануарлардың суреттері үңгірлердің қабырғаларында, тастарда көптеп бейнеленген. Бірақ ғылыми зоологияның негізін салушы гректің ұлы ғалымы және ойшысы Аристотель(біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда, 384-322 ж.). Ол өзінің "Жануарлар тарихы","Жануарлардың дене бөліктері туралы", "Жануарлардың пайда болуы туралы" деген еңбектерінде жануарлардың 454 түрін сипаттаған. Аристотель жануарларды екі топқа бөлген: 1) қаны бар жануарлар, 2)қаны жоқ жануарлар. Бірінші топқа барлық жоғарғы топтағы жануарларды (андар, құстар, гадтар) бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер (жөне балықтарды), ал екінші топқа -бунакденелілерді, шаян төрізділерді, былқылдақденелілерді, басқа төменгі сатыдағы жануарлар-көп аяқтыларды және өрмекші тәрізділерді жатқызды. Аристотельдің осы алғашқы зоологиялық жүйесі 2000 жыл бойы қолданылып келді. Аристотельдің еңбектерінде адамдар мен жануарлардың


салыстырмалы-анатомиялық сипаттамасынан басқа балықтардың, қүстардың және сүт қоректілердің (төрт аяқты тірі туушылардың) ұрықтық дамуы, жыныс ерекшеліктері мен көбею тәсілдері, бунакденелілердің метаморфозы және басқа да көптеген мөселелер көрсетілген. Осы сияқты Аристотель жануарлардың тіршілігіне, мінез-құлқына, сыртқы ортаның қолайлы және қолайсыз жағдайларының әсеріне көп көңіл бөлген. Орта ғасырдағы феодалдық қоғамда шіркеу ғылымды алға бастырмады, тек XV ғасырдан бастап жаратылыстану ғылымы, оның ішінде зоология дами бастады. XV-XVI ғасырлардағы бүкіл жер шарындағы географиялық зерттеулер көптеген жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерімен танысуға мүмкіндік берді. Швейцария ғалымы К.Геснер, Франция ғалымдары Г.Ронделе мен П.Белон алғаш жануарлардың көп түрлілігі, құрылысы, тіршілігі туралы шығармалар жазды. XVI жөне XVII ғасырларда зоологияның дамуына микроскоптың жасалуы үлкен өсерін тигізді, себебі ең ұсақ тірі жөндіктер өлемін білуге, организмдердің нәзік құрылысы мен үрықтың дамуын зерттеуге жол ашылды (А.Левенгук Голландияда, М.Мальпиги Италияда, У.Гарвей Англияда жене т.б.). Жануарлар мен өсімдіктердің нағыз ғылыми жүйесінің негізін ірі швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) жасады. Оның 1735 жылы жарық .көрген "Табиғат жүйесі" деп аталатын еңбегі систематиканың ғылым ретіңде дамуына көп әсерін тигізді. К.Линней бір-біріне бағыныңқы төрт жүйелік категория-таксондар енгізді: түр, туыс, отряд, класс. Линней жануарлардың 300 туысын, 4200-ге жуық түрлерін сипаттап, жүйеге келтірді, оның 400 түрі омыртқасыздар еді. Ол барлық жануарларды 6 класқа бөлді:
І.Сүтқоректілер; 2.Құстар; З.Гадтар (қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылар); 4.Балықтар; 5.Бунақценелілер; 6.Қүрттар. Сонымен барлық омыртқалылар бірінші төрт класқа біріктірілді. Барлық омыртқасыздар екі класқа ғана топтады. Түрлерді сипаттау үшін Линней қосарлы немесе бинарлы номенклатура енгізді.Әрбір түр екі латын көзімен айтылады. Біріншісі туыс аты, екінішсі - түр атауы. Линней ғылымға енгізген бинарлы номенклатура жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін бірыңғай халық аралық атпен атауға мүмкіндік береді. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басыңда француз зоологы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясының негіздерін, оның іпіівде корреляция туралы ұғымды жасап шығарды. ЖКювье мен оның шөкірті Бленвиль 1825 жылы ең жоғарғы таксономды үғым "типті" ғылымға енгізді. Олар жануарларды 4 типке біріктірді1)Омыртқалылар,2)Былқылдақденелілер,3)Бунақтылар(мүшелілер), 4) Сәулелілер. Кювье де түрдің өзгермейтіндігін мойындап, органикалық дүниенің эволюциясын жақтамады. Органикалық дүниенің эволюциясының теориясын "Зоология философиясы" (1809) деген еңбегінде ғылыми түрде бірінші дәлелдеген француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829) болды. Ол Аристотельдің жануарларды бөлген екі үжен тобын қүптап,омыртқалылар және омыртқасыздар. деген атаулар берді. Барлық омыртқасыздарды Ламарк 10 класқа топтастырды: 1Инфузориялар, 2 Полиптер, 3 Сөулелілер, 4Құрттар, 5Бунақденелілер, 6 Өрмекші төрізділер, 7 Шаян төрізділер,8Буылтыққұрттар,
9Мұртаяқтылар, 10Былқылдақденелілер. Омыртқалылар 4класқа топтастырылды: 1 Балықтар, 2 Рептилиялар, 3Құстар, 4Сүтқоректілер. Ламарк жануарлар әлемінің эволюциялық теориясын жасап, алғашқы рет түрдің өзгермейтіндігі идеяға қарсы шыққан ғалым болды. Зоологияның міндеті – жануарлардың сыртқы жөне ішкі қүрылысын, тіршілік әрекетін, жеке және тарихи дамуын, басқа жануарлармен қарым-қатынасын тіршілігінің сыртқы орта жағдайларына (климат,рельеф,өсімдіктер және т.б.).Бірақ бұл жағдайлардағы бір мүшелердің регресі басқалардың прогрессивті дамуына жол береді, (бекіту мүшелері, жыныс жүйесі жөне т.б.). Биология ғылымдары жүйесіндегі «Зоология» орны.Зоология адамның практикалық әрекетімен тығыз байланысты. Табиғатты қорғау жөне оның байлықтарына ұқыпты қарау - бүкілхалықтық іс. Сондықтан адамдарда қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілік сезімді тәрбиелеу қажет. Ол үшін жануарлар дүниесін, олардың бір-бірімен және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын түбегейлі зерттеу керек, яғни зоологияны ғылым ретінде қарастыру қажет. Жануарлар әлемі біздің планетаның биосфера қабатында, яғни жер қыртысының ауа қабатына жақын жоғарғы бөлімінде тіршілік ететіні белгілі. Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің жалпы саны орта есеппен 2 млн. Жердің жоғарғы қабатын мекендеуші жануарлардың сипаттамасына байланысты жер қыртысы бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді. Жануарлардың таралуы туралы ғылым-зоогеография бойынша жер қыртысы 6 аймаққа бөлінеді: 1) Голарктикалық, бүкіл Еуропаны (Африканың солтүстік жағалауымен бірге), Солтүстік Азия жөне Солтүстік Американы алып жатады; 2)Эфиопиялық, яғни Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка; 3) Шығыс немесе Индо-Малай-Азияның тропикалық бөлімін алып жатады; 4) Неотропикалық, яғни Оңтүстік Америка; 5) Австралиялық қатар орналасқан аралдарымен Австралия; 6) Антарктикалық аймақ-Оңтүстік Мүзды Мұхит және оның араддары мен жағалаулары. Мысалы,су жануарларының бекініп тіршілік етуі олардың туыстығы мен жүйелік алар байланыссыз құрылымдарында ұқсас белгілердің пайда болуыйа әкеліп соғады, немесе денесі сәулелі (радиальды) симметриялы, субстратқа қарама қарсы полюстегі ауыздың айналасында қармалауыштар шоғыры дамиды, қоректенуі самарқау жөне судағы қалқып жүрген ас бөліктері кірпікшелері арқылы өкелінеді, кейде аналь тесігі жануардың жоғарғы жағына ауысады, ал ішегі иірімделген,жыныссыз жолмен көбею қабілеті дамиды. Бүл 'белгілер туыс емес қозғалмай бекініп тіршілік ететін жануарларға тән,сондықтан олардың сыртқы пішіндерінің үқсас болуы таңқаларлық жай емес. Мысалы, мшанкалар (Вгуогоа), қозғалмайтын көп қылтанды қүрттар (Роіусһаеіа, Зесіепіагіа), қанатгы желбезектілер (РіегоЪгапсһіа), погонофорлар (Ро£опорһога), төменгі сатыдағы тікен терілілер жөне т.б. Кейде ұқсас белгілер эволюцияның нөтижесінде үқсас ортадағы туыс бүтақтарда біріне-бірі байланыссыз дамиды. Осындай қүбылысты бір мезгілде даму деп атайды. Сол сияқты өрмекші төрізділердің өртүрлі отрядтары да ерте бөлініп кеткен дамудың жеке бүтақтары. Олардың шығутегі бір, себебі көпшілік құрылыс белгілері үқсас, бірақ ауа толы түтікшелер-трахеялар (кеңірдектер) ауамен тыныс алуға қажетті бейімделу ретівде жеке пайда болған. Өкпелі бауыраяқты былқылдакденелілердің өртүрлі бір-біріне қатыссыз бақалшақ жойылып, бұл түқымдастарда бір мезгілде жалаңаш шырыш төрізді формалар пайда болуға әкеліп соққан. Жануар организмі - барлық бөліктері мен мүшелері бір-бірімен байланысқан біртүтас оргаңизм. Эволюция процесінде бір мүшенің қүрылысы мен функциясы (қызметі) өзгерсе, ол онымен физиологиялық, морфологиялық байланысқан басқа мүшелерде де коррелятивті өзгерістерге тұқым қуалаушылық арқылы үшырайды. Корреляция заңын немесе мүшелердің арақатынасты дамуын Ж.Кювье (1812)
ашқан. Осы заңға сүйене отырып, қазбалы бүтін организмді бөлшектерден, мысалы, қаңқа бөлшегі бойынша қайта қалпына келтіруге болады.
Корреляциялы байланыстарға мысал келтірсек: буынаяқтылардың эволюция процесіндегі ең маңызды, прогрессивті өзгерістері-мықты сыртқы кутикула
қаңқасьшың пайда болуы. Бүл басқа көптеген мүшелерге әсерін тигізді; қатты сыртқы сауыттың астындағы түтас тері-бұлшықет қапшығының қызметі бұзылып, жеке бұлшықет шоғырына бөлініп кетті; дененің екінші кезектегі қуысы (целом) өзінің тірек қызметін жойды да, оның орнына шығу
тегі басқа тасымалдаушы (трофикалық) қьізметін атқаратын аралас дене қуысы (миксоцель) пайда болды; дененің өсуі түлеу арқылы жүзеге асатын болды. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі мен қан тамырларының арасында корреляция айқын байқалады. Оттегін керек жеріне апарып
түратын кеңірдектер өте күшті дамыған кезде қан тамырларының қажеті болмайды да жойылып кетеді.
4.Эволюция - қайталанбайтын процесс. Эволюцияның қайталанбас заңын Бельгия палеонтологы Долло (1893)ашқан. Егер бір мүше редукцияға ұшырап жойылып кетсе, ол қайтадан еш уақытга пайда болмайды. Жоғалған мүшеніңорнына соған үқсас қызмет атқаратын оның ізбасары пайда
болуы мүмкін, бірақ ол мүлде басқа мүше жөне шығу тегі де бөлек.
5 Организмдердің эволюциясы әрқашан да бөліктер мен мүшелердің дифференциялануы (жіктелуі) арқылы жүзеге асады. (Мильн-Эдвардс,1851). Дифференциялану кезінде, алдымен организмнің біркелкі бөліктері біртіндеп
бір-бірінен пішіні және әрекеті бойынша ажыратыла бастайды немесе әртүрлі қызметті бөліктерге бөлінеді. Белгілі бір қызметті атқаруға бейімделіп олар бұдан бұрын атқарып жүрген қызметін жойып, организмнің басқабөліктеріне төуелді болады. Сонымен, дифференциялану әрқашанда организмді күрделендіріп қана қоймайды, сол сияқты бөліктерді бүтінге бағындырады - бір мезгілде организмді морфофизиологиялық бөлшектеумен қатар гармониялық бүтін жасау, яғни интеграция деп аталатын кері процесс жүріп жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет