Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру


-тарау. Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы сақтандыруға



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

16-тарау. Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы сақтандыруға 
қатысты сауықтыру іс-шаралары 
16.1 Қалыпты технологиялық режимнен ауытқу кезінде өндірістің технологиялық 
сызбанұсқасындағы біршама қауіпті жерлердің тізімі, сонымен қатар осы ауытқулардың мүмкін 
болатын салдарлары. Өндірістің қалыпты режимінен ауытқуға жол берген жағдайда 
қолданылатын сауықтыруға қатысты жасалынатын іс-шаралар.
16.2 Қауіпті заттардың бөлініп шығуына жол беруі мүмкін болатын көздер, қондырғылардың 
толық герметикалануын қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар, зиянды шығарындыларды жою 
әдістері, аппаратураны, құбырларды, құрылыс құрылымдарын дегазациялау және тазалауға 
байланысты ұсынылатын әдістер, тазалау өнімдерін залалсыздандыру әдістері.
16.3 Техникалық себептерге байланысты шу және вибрацияның пайда болуының мүмкін 
болатын көздерінің орындары және оларды жою әдістері немесе рұқсат етілетін нормаға дейін 
төмендету.
16.4 Апат пен нақты қолданылатын заттардың төгілуі жағдайындағы уытты, жарылғыш және 
өрт туындату қауіптілігі бар өнімдерді залалсыздандырудың әдістері. 
16.5 Өндірісте бар заттардың (бастапқы, аралық және соңғы) уыттылық сипаттамасы, 
олардың адам ағзасына әсер ету сипаты туралы мағлұматтар.
16.6 Санитарлық органдармен белгіленген (бастапқы, аралық және соңғы өнімдер үшін) 
жұмыс зонасындағы, тұрғылықты жер ауасындағы, су қоймаларындағы зиянды заттардың шекті 
рауалды концентрациясы (ШРК). Шекті рауалды концентрациялары нақтыланбаған зиянды заттар 
үшін – Денсаулық министрлігімен анықталынған уақытша ШРК. Арнайы жұмыс киімін жуу және 
дегазация тәсілдері бойынша, және де сәйкес тазартулардың жиілігі мен жуғыш заттардың түрі 
және мөлшері, арнайы киімді өңдеуден кейінгі ағызынды суларды тазалау тәсілдері бойынша 
ұсыныстар.
Құрылыс құрылымдары мен қондырғыларды залалсыздандыру тәсілдері мен заттары 
бойынша ұсыныстар және дегазациядан кейін қалдықтарды залалсыздандырулар мен 
қолданылулары көрсетілген ұсыныстар.
16.7 Жаңа өнімдермен жұмыс істейтін қызметкерлерге өнімнің әрбір түріне байланысты 
жеке дара қолданылатын жеке қорғағыштық заттарға қатысты (киім, аяқ киім, противогаздар және 
т.б.) сипаттамалар мен ұсыныстар. Арнайы киімді дегазациялау және жуу әдістері, жуып тұрудың 
жиілігі.
16.8 Тасымалданатын газдың құрамындағы оттегі және т.б. қоспалардың рұқсат етілетін 
мөлшері. Қондырғылардың барлық жұмыс істеу режимінде, яғни қосу және тоқтату кездерінде 
құбыр өткізгіш пен қондырғыда шаңның, будың, жарылысқа қауіпті газдар қоспасының түзілуін 
ескертуге қатысты іс-шаралар.
16.9 Технологиялық сызбанұсқада тұйықталып қалу құрылғыларының және осы 
құрылғылардың іске қосылуына кететін уақыт туралы ұсыныстар. Төтенше жағдайлар қызметімен 
келісілген өртті сөндіретін заттардың тізімі және өртті сөндіруге байланысты ұсыныстар.
Өртті 
сөндірудің түрлері (қолмен, автоматты), автоматты өрт сөндіруді іске қосудың әдістері.
16.10 Өндірісте кездесетін заттардың өртке қауіптілігі, жарылуға қауіптілігі және 
пирофорлық қасиеттері: жарылу шектері, өздігінен тұтануға қабілеттілігі, жарылудың максималды 
қысымы.
Көрсетілген шамалар заттардың барлық агрегаттық күйлері үшін анықталынуы қажет, 


сонымен қатар өндірісте кездесетін қоспалар үшін де. Жарылысты басып тастауға арналған 
баршаға мәлім құрылғыларды қолдануға қатысты ұсыныстар. Қолданыстағы жарылу қаупі бар 
заттардың категориялары мен топтары. Әр өнімге қатысты қолданылатын өртті сөндіруге арналған 
ұсынылатын заттар.
Өндірісте өртті автоматты түрде сөндіруге арналған жердің болуын міндетті 
түрде ескерілген болуы керек.
16.11 Өрт орын алған кезде түзілетін зиянды заттар туралы және оларды 
залалсыздандырудың әдістері туралы мәліметтер.
16.12 Еңбек ету жағдайындағы зияндылық дәрежесіне байланысты жұмыс күнінің 
ұзақтылығы бойынша ұсыныстар.
Әйел адамдардың еңбегінің рұқсат етілуі.
Еңбек етушілердің 
медициналық тексерілуіне қатысты ұсыныстар.
Еңбек етушілерге қосымша демалыс уақыты мен 
арнайы тағамдар берілуіді міндеттейтін аса зиянды процестердің бар болуы.
16.13 Сынама алудың қауіпсіз нүктелері мен әдістеріне қатысты ұсыныстар.
16.14 Статикалық электр тогының жинақталуы мен разрядтарынан қорғауға байланысты 
анықтамалық нормативтік әдебиеттерде берілмеген заттар бойынша ұсыныстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет