Саясаттану пәні бойынша емтихандық сұрақтары мен жауаптары



бет1/7
Дата10.11.2022
өлшемі51,1 Kb.
#49063
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Политология


Саясаттану пәні бойынша емтихандық сұрақтары мен жауаптары.

  1. Саясаттың мәні мен табиғаты.

Саясат – ол саяси биліктің қалыптасуы мен жүзеге асуына байланысты қоғамдағы әлеуметтік топтар, таптар, түрлі бірлестіктер тағыда басқа ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы қатынастар мен іс-әрекеттер жиынтығы. Саясаттың негізгі мақсаты билік. «Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғашрет кездеседі және қарастырылған. Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғатын түсіну өте күрделі мәселе. Саясатты зерттеген әрбір ғалым өзінің зерттеу бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Бұл анықтамалардың әрқайсысы шындыққа негізделген және саяси өмірдің көп қырларын ашып береді, анықтамалардың әртүрлілігі саясаттың көпқырлылығын және күрделі құбылыс екендігін білдіреді. Саясатты зерттеушілер саясатты-адамдардың өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға ұмтылыспен байланысты мемлекеттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың не жеке адамның әрекеті деп түсіндіреді.

  1. Саясаттану ғылымы.

Саясаттану ол әлемдік ғылым. Оның объектісі саясат әлемі, ал пәні саяси биліктің мәні. Саясаттану интегралдаушы білім ретінде қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады. Бүгінгі күні саясаттану – ол қазіргі замандық қоғамның саяси мәселелерін, болашақ саяси оқиғалардың моделін жасаушы және қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуіне объективті эксперттік баға беруші ғылыми пән. Саясаттану саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

  1. Саясаттың құрылымы мен негізгі элементтері.

Элементтері:-1.Саяси мүдде; 2.Саяси сана; 3.Саяси әрекет; 4.Саяси ұйым; 5.Саяси қатынастар. Саясаттың құрылымы:
-саяси қызығушылық;
-саяси ұйымдар;
-саяси іс-әрекет және қызмет;
-саяси мәдениет, саяси сана;
-саяси қатынастар;
-саясаттың субъектілері:

4. Саясаттың субьектілері.


Оларға мыналар жатады: Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді. Әлеуметтік және саяси институттар- мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, шіркеу, БАҚ, халықаралық ұйымдар. Мысалы БҰҰ, Европарламент, ОБСЕ және т.б.Жалпы әлеумет- ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлуметтік субьектілеріне жатқызылады. Жекелеген тұлғалар- саяси лидер, қарапайым азаматтар.Олар әлеуметтік деңгейдегі субъектілер. Осылардың ішінде адам негізгі субъекті. Адамның саясатқа қатысуы оның мүддесімен анықталады



  1. Ішкі және сыртқы саясат.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет