Үздіксіз әсер реакторы. Мұндай реакторларда заттың химиялық түрөзгеріске ұшырау
процесінің барлық жекелеген сатылары (реакцияласушы заттарды беру, химиялық реакция, даяр
болған өнімді алып шығару) параллелді және бірмезгілде жүзеге асырылады.
Аппараттың
көлемінің әр нүктесіндегі реакциялық көлемде реакцияласушы заттардың концентрацияларының
өзгерулерінің сипаттамалары бір-бірінен өзгешеленеді, бірақ көлемнің сол бір нүктесі үшін уақыт
бірлігіне қатысты қарастырса тұрақты болады.
Периодты әсер реакторларындапроцестің жекелеген сатыларының барлығы бір ізділікті
реттілікпен әр түрлі уақыта жүзеге асып жатады. Аппараттың көлемінің кез-келген нүктесіндегі
реакциялық
көлемде
реакцияласушы
заттардың
концентрацияларының
өзгерулерінің
сипаттамалары бірдей, бірақ көлемнің сол бір нүктесі үшін уақыт бірлігіне қатысты қарастырса
өзгеше болады.
Жартылай үздіксіз әсер реакторлары тұрақтанбаған шарттардың жағдайларында жұмыс
істейді. Мұндай реакторларды реакторға кіретін және одан шығарылатын заттың ағындары бір-
бірімен тең емес (осының салдарынан көлемдегі реакцияласушы заттардың жалпы массасы
өзгереді) үздіксіз әсер аппараты және де, реакцияласушы заттардың біреуін ендіру немесе реакция
өнімін шығару периодты түрде жүзеге асырылатын периодты әсер аппараты ретінде қарастыруға
болады.
Толық ығыстыру реакторыаппарат ұзындығы бойынша реакцияласатын заттардың
ауыспалы концентрациясымен, реакторға кіргенде және шыққандағы концентрациялардың ең
үлкен айырымдарымен, сондықтан процестің орташа қозғаушы күшінің ең үлкен мәнімен
сипатталады. Реакциялық көлемдегі концентрацияның өзгеруі бірқалыпты сипатқа ие, себебі
реакцияласатын заттардың кейінгі реакциялық көлемі алдыңғыларымен араласпайды, тек
толығымен олармен ығыстырылады.
а – ығыстыру аппараты; б – араластыру
аппараты; в – көпсекциялы араластыру
аппараты; г – аралық типті аппарат.
Концентрация: С – қазіргі; Сб– бастапқы; Сс –
соңғы; С* - тепе-теңдік; L – аппарат ұзындығы
(биіктігі)
Сурет
1.
Реакторларда
заттардың
концентрацияларының өзгеруі
Практика жүзінде толық ығыстыру режиміне кіші диаметрлі және үлкен ұзындықты
реакторда реакцияласатын заттардың қозғалысының салыстырмалы түрде жоғары жылдамдықты
жағдайларында жуықтауға болады.
Ығыстыру реакторлары гомогенді де, гетерогенді де каталитикалық процестерді жүргізуде
кең қолданыс табуда (мысалы, NO-дін NO2-не және SO2-дін SO3-не тотықтырғанда, аммиак пен
метил спиртін синтездегенде, этиленді хлорлағанда, пропилен мен бутиленді сульфирлегенде және
т.б.).