Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет30/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

Толық араластыру реакторы әдетте қандай-да бір араластырғыш құрылғымен 
жабдықталған және реактордың барлық көлемінде берілген уақыт мезетінде реакцияласатын 
заттардың концентрацияларының тұрақтылығымен сипатталады 
(1, б сурет)
. Реакцияласатын 
заттардың реакторға кіргенде шын мәніндегі лезде араласуынан секірмелі сипатта болады. 
Осындай аппараттағы процестің орташа қозғаушы күші толық ығыстыру аппаратындағыға 


қарағанда төмен болады. Реакторлардың осы типі нитрлеу, сульфирлеу, полимеризациялау және 
т.б. процестерді жүргізуде кеңінен қолданылады. 
Кейбір жағдайларда заттың химиялық өзгерістену процесі бір ғана араластыру аппаратында 
емес тізбектелініп байланыстырылған бірнеше осындай аппараттарда жүргізіледі. Кейбір 
жағдайларда 20 және одан да көп аппараттардан тұратын осындай жүйе реакторлар каскады 
(реакторлар батареясы) деп аталды. Реакторлар каскадында реакцияласатын заттардың 
концентрацияларының өзгеруі сатылы сипатқа ие, себебі, алдыңғы аппарат реакциясының өнімі 
келесі аппараттың бастапқы реакцияласатын заты болып табылады. 
Реакторлар каскадының жұмысының гидродинамикалық режимі аралық болып табылады да, 
аппараттар санына тәуелді болады: каскадтағы реакторлар санының өсуімен ол ығыстыру 
режиміне, ал азайса араластыру режиміне жақындайды. 
Бір араластыру реакторымен салыстырғында каскадта реакцияласатын заттардың болу 
уақыты ұзарады, сонымен қатарт ығыстыру реакторымен салыстырғанда реакция өнімдерінің 
шығымы артады. 
Аралық типті реакторда (аралық гидродинамикалық режимімен) реакцияласатын 
заттардың қозғалысының жоғарыда айтылған гидродинамикалық режимдерінің ешқайсысын 
толық орындау мүмкін емес. Мұндай аппараттағы процестің орташа қозғаушы күші толық 
араластыру аппаратынан жоғары, бірақ толық ығыстыру аппаратындағыдан төмен 
(1, г сурет)

Реакциялық химиялық аппаратураның біраз бөлігі дәл осы гидродинамикалық режимде жұмыс 
істейтінін атап өткен жөн. 
Аралық типті реакторлар заттың химиялық айналу процесі үлкен жылулық эффектпен 
жүргенде немесе реакцияласатын заттардың жоғары концентрацияларын жағдайында жүрсе, 
сонымен қатар реакцияласатын заттардың біреуінің реакциялық қоспада еру жылдамдығы төмен 
болған жағдайда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет